ІІ кіші топ Геометриялық пирамида

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ойын атауы: "Геометриялық пирамида " Ойын мақсаты: Балалардың сенсорлық қабілеттерін, геометриялық пішіндерді тану және олардың түсін, көлемін,сұлбасын атау біліктерін дамыту.Дүниетанымын тәрбиелеу, қоршаған ортада бағдарлауын кеңейту.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Балалардың зейінін Маша қуыршақтың келуіне аударту, ол сендерге өте қызық ойын алып келіпті, сендерге үйреткісі келеді, ойынның аты «Геометриялық пирамида»

Балалар қызығушылық, қуаныш танытады, өз ойларын айтады.

Іздену-ұйымдастыру-шылық

Пирамидканы қарап шығуды ұсынамын, сұрақ қоямын:



Санамақ көмегімен алғашқы үш ойыншыны анықтаймыз.

1-ойын үлгісі: "Бір түсті пішіндерді таңда". Пирамиданың бір жағында шеңберлер, шаршы мен үшбұрыштар түстері бойынша топтастырылған. Міндет:түстері бойынша пішіндерді бөлу. Міндетті күрделендіруге болады: кім тез жинайды.

2-ойын үлгісі:"Өлшемі бірдей пішіндерді таңда"Пирамиданың екінші жағында шеңберлер, шаршы мен үшбұрыштар өлшемдері бойынша топтастырылған. Міндет:пішіндерді екі: үлкен және кіші топқа бөлу.

3- ойын үлгісі: "Бір өлшемдегі пішіндерді таңда" Пирамиданың үшінші жағында белгілі бір формалары бойынша топтастырылған пішіндер орналасқан. Қосымша «Пішінді ата», «Неше үшбұрыш бар?», «Үшбұрыштардың түсі қандай?» сұрақтарын қоюға болады. (Басқа пішіндер бойынша да осындай сұрақтар қоюға болады).

Қызығушылықпен пирамидканы қарап шығады, ұстайды, түртеді.

Сұрақтарға жауап береді:

- үшбұрышқа

- жасылмен

- шеңбер, шаршы, үшбұрыш.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды, өз ойларын айтады, ойыншыларды санамақ бойынша таңдайды.

Тәрбиешінің тапсырмасын тыңдайды. Бірінші бала пішіндерді түсі бойынша анықтайды.

Екінші бала өлшемдері бірдей пішіндерді таңдайды, ойланады.

Үшінші бала Бір формалы пішіндерді таңдап алады.



Балалар қызығушылық танытады, қуанады, ойын туралы ойланады, пішіндерді: шеңбер, шаршы, үшбұрыш атайды. Үшбұрыштар көп, көк, қызыл, жасыл және сары.

Рефлексивті-коррекциялаушы

Балалар әрекетін сараптаймын, қуыршақпен қоштасады, алғыс айтады.

Маша қуыршағына, ойынына алғыс айтады, онымен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады:түстер атау мен ажырату

Түсінеді: бір өлшемдегі пішіндерді, өлшемдерді ажыратуды

Қолданады:ойында алған білімді



© 2010-2022