Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ақшұқыр мектеп - лицейі» мемлекеттік мекемесі




Отанға сүйіспеншілік




Мектепалды даярлық тобының

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ





Өткізген: Кагазова Жадыра Аликовна

Ақшұқыр селосы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Отанға сүйіспеншілік

Мақсаты:

  1. Отан, сүйіспеншілік, татулық туралы түсініктерін кеңейту;

  2. Отанға деген сүйіспеншілігін, мақтанышын арттыру;

  3. Отанын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.

Билингвальды компонент: Отан - Родина, Елтаңба - Герб, Ту - Флаг

Интеграция: Тіл дамыту, қоршаған орта, математика, орыс тілі

Сабақ әдісі: әңгімелеу, түіндіру, сұрақ-жауап, ойын ойнату.

Көрнекілігі: Слайд, суреттер

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Ынталандыру

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Ал, балалар қане бәріміз шеңбер құрайық. Күн туған жерімізге нұрын шашып, әрдайым шуағын төгіп тұрады. Сол күнге сияқты бір-бірімізге жылуымызды таратайық.

Балалар шеңбер құрып тұрады.

Ізденістер, ұйымдастыру:

Үстел үстінде жасырын суреттерді бір-бірден алайық. Енді қолымыздағы суреттерге қарайықшы, не бейнеленген?

Олай болса біз қолымыздағы суреттерге сәйкес топқа бөліне қояйық.

  1. Елтаңбалар тобы

  2. Тулар тобы

  3. Бәйтеректер тобы

Балалар біз топқа бөлінгеннен кейін бүгінгі оқу іс-әрекетіміз топтық жарыс түрінде өткіземіз. Мен дұрыс жауап берген топқа мынадай смайликтер таратып отырамын. Оқу іс-әрекетінің соңында қай топтың смайлигі көп болса сол топ жеңіске жетеді.

Балалар шағын бейнероликке назар аударайық.

Бұл жерде сіздер не көрдіңіздер?

Дұрыс айтасыңдар балалар!

  • Жақында қандай мерекені тойладық?

Ұлы жеңіске 70 жыл толды. Осы Ұлы Жеңісті бізге ата-бабаларымыз Отан үшін от кешіп оны қорғап, жаумен күресіп бізге бейбіт өмір сыйлады. Аталарымыздың көрсеткен ерлігін мәңгі ұмытпауымыз керек. Біз ата-бабаларымыздың арқасында қәзір Отанымызда бейбіт өмір сүріп жатырмыз балалар.

Сұрақ-жауап:

- Балалар, сендер Отан туралы не білесіңдер?

- Біздің ұлтымыз кім?

- Біздің Отанымыз қалай аталады?

- Біз қай ауылда тұрамыз?

- Қай тілде сөйлейміз?

- Біздің елбасымыз кім?

Әр адамның өз Отаны болады. Отан - ол біздің туған жеріміз, отбасымыз, осы тобымыз, айнала қоршаған ортамыз. Қазақстан үлкен, ғажап, әдемі ел. Қазақстан - біздің сүйікті отанымыз, оны мақтан тұтамыз.

Сергіту сәті: «Мен қазақпын»

Әліппе-дәптермен жұмыс

  • Балалар ойын ойнағыңыз келе ме?

Ойын «Құрастыру».

Шарты: суреттің бөліктеріндегі сұрақтарға жауап беру арқылы құрастыру.

  1. Әліппе-дәптеріміздегі 1 ші сурет туралы не білеміз?

  2. Келесі сурет туралы не білеміз?

  3. Мемлекеттік рәміздерді орысша ата?

Тамаша! Біз суретті құрастырып шықтық!

-Балалар бұл ненің суреті?

-Бәйтерек қай қалада орналсқан?

  • «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған екен.

  • Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен.

  • Авторы Н.Ә. Назарбаев

Бәйтеректің суретін бояңдар.

Отанға сүйіспеншілігімізді қалай білдіреміз? Тапсырма ассоцация жасау арқылы орындалады. Отан туралы тақпақ айтайықшы балалар.

Балалар сурет бойынша топқа бөлінеді.



Балалар бейнероликті қөреді.

Өз пікірлерін ортаға салады.



Сұрақтарға жауап береді

-Қазақстан

-Ақшұқыр

.........



Сергіту сәтін орындайды


Балалардың жауабы.

Балалар сурет бойынша білгендерін айтады.


Балалар жауабын тауып тақтаға жапсырады.

Рефлексті коррекциялаушы

Қорытынды:

Бүгінгі топтың жеңісін мен смайлик арқылы бағалағым келіп отыр. Әр топ смайликтерді санай қояйық.

Алтын, күміс, қола медальдар арқылы мадақталады.

Балалар смайликтерін санайды.

Білуі тиіс: Отан туралы түсініктері.

Меңгеруі тиіс: Отаны жайлы өз ойымен, білгендерімен бөлісе алуды.

Үйренуі тиіс: Тапсырмаларды, ойын шартын нақты орындап, өз Отанын сүйе білуді.


© 2010-2022