Внеклассный работа на тему Жомарт екен күз деген! (Дайындық В)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Манашы орта мектебі» ММ




Д «В» тобы


Тақырыбы: «Жомарт екен күз деген»

ертеңгілігі

Дайындаған:Жумабаева Кенжебике







Қараша 2015

Жомарт екен күз деген

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар. Ел байлығын арттырған берекелі, мерекелі күз мезгілі келді. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Олай болса «Жомарт екен күз деген» тақырыбындағы мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.

Дана: Бұлттар төніп, жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай, ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалар: күзде

Аружан: Алма, өрік, шие бар

Жидек, жүзім піседі.

Қауын - қарбыз, қияр, сәбіз,

Дүкендерге түседі,

Астық пісіп, орақ түсіп

Қырман дәнге толады,

Айтыңдаршы бөбектерім

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Күзде

Альбина: Ой, балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты

Қурап жапырақ солыпты

Ел егінін орыпты.

Ой, балалар, балалар,

Ойналық та, күлелік

Енді оқуға кірелік.

Жандарбек: Жемісін мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Ән: Ақбұлақ (Жандарбек, Арман, Мейрамбек.)

Жомарт күз: Сәлеметсіңдерме, балалар. Сендер күздің келуін асыға күттіңдер. Бүгін мерекелеріңе қатысып, өнерлеріңді тамашалауға келдім. Күз мезгілінде қандай құбылыстар болады? Ауа райы қалай өзгереді? Күз ізге не сыйлайды? (Балалардың жауабы)

Жүргізуші:Күзде жапырақтар сарғайып түсе бастайды, айнала түрлі-түсті кілем жайғандай, енді жапырақтр жайлы тақпақтар айтайық.

Алдаберген: Алтын сары, қызыл көк.

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Жарқынай: Әй, алақай, тамаша

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Аунар ма еді, жатып ап!

И.Мейрамбек: Күн шуақта маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан шашырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Я.Мейрамбек: Жапырақ ұшты,

Суықта түсті,

Сонда да бізге

Қызық көп күзде

Ержан: Сарғайды тоғай,

Сап-сары маңай.

Би: Қара жорға (Ұлдар мен қыздар)

Жомарт күз: Балалар, бүгін орталарыңа өзімнің байлығым жемістерді ерте келдім. Жемістердің әрқайсысы өздері туралы айтып береді.

Аяулым: Апорт деген алма бар,

Жер жаратын атағы.

Ондай алма қайда бар,

Алматы оның отаны.

Құралай: Мен өрікпін, өрікпін,

Табиғатқа көрікпін.

Нұргүл: Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.

Көркем: Мен алмұртпын, алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың

Ақерке: Өрік, шие, балы бар,

Қауын, қарбыз көбейді.

Жегің келсе бәрін ал,

Неге аласың демейді.

Ән: Біз де гүл ектік (Дана, Ақерке, Аружан)

Жүргізуші: Күзде астық мол болар, астық мол болса нан да көп болады.

Арман: Біздің дала бай дала,

Алтын, астық айнала.

Ел егінді жинайды,

Қырманға дән сыймайды.

Көркем: Қамба толы астыққа,

Алғыс саған алтын күз.

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап кауын алдық біз.

Мәншүк: Дала сары киінген,

Самал соқты салқындау.

Қырмандарда үйілді,

Алтын астық, алтын тау.

Т.Нұрдәулет: Нан да өмірдің иесі мен дәмі бар,

Нан да адамның еңбегімен ары бар.

Нан өмірдің ана сүті арқауы,

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

Би: Қамажай 9(Қыздар тобы)

Жүргізуші: Міне, күзде күн суытып, құстар жылы жаққа кетті. Балалардың құстармен қоштасуын тыңдаймыз.

Анель: Мен торғаймын, торғаймын,

Суықтан да тоңбаймын.

Құрт-құмырсқа, шіркейден

Бау-бақшаны қорғаймын.

Нұргүл: Құстар қайтты күз болып,

Сұр бұлт жапты аспанды.

Жапырақ түсіп, гүл солып,

Қыс ызғары басталды.

Жомарт күз:Ал бүлдіршіндерім, бүгін барлығың өнерлеріңді көрсеттіңдер, көпкөп рахмет! Сендерге әкелген сыйлығымды қабыл алыңдар. (Жомарт күз балаларға жемісін сыйға тартады).

© 2010-2022