Ертегі Тышқан, ит және мысықтын достығы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ертегі Тышқан,ит және мысықтын достығыЕкібастұз қаласы әкімдігібілім бөлімінің

дене шынықтыру-сауықтыру үлгісіндегі №18 «Гномик» бөбектер бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Коммунальное государственное казенное предприятие

ясли-сад №18 «Гномик» физкультурно-оздоровительного профиля

отдела образования акимата г. Экибастуза

































Күшік, мысық және тышқанның достығы» ертегісі


Мақсаты: Балаларды мұқият тыңдай білуге үйрету, ертегі мазмұнын түсіндіру. Үй жануарларының қалай дыбыстайтынын, оның атын ажырата айта білуге үйрету. Кейіпкерлердің әр түрлі іс - әрекет
үстінде көріну өзгешелігіне қызыға назар аударуға дағдыландыру.
Баланың ойлау, қабылдау, таным, көру, есту қабілеттерін дамыту.
Балаларды татулыққа, бірлікке, достыққа, адамгершілікке имандылық тәрбиесін қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: Ертегі кейіпкерлері. Доп.

Күшік: «Ав - ав» мен күшікпін,
Күшікпін күшікпін
Түні бойы жатпаймын,
Тыныштықты сақтаймын. «Ав - ав»
Ой - ой аяғым, аяғым, аяғым - ай,
Мысық: «Мияу - мияу» бұл кім, кімсің? А күшік екенсің ғой, не болды? соншама айқайлап.
Күшік: «Ав - ав» мысық мен аулада ойнап жүргенімде аяғыма ағаш кіріп кетті, мені құтқаршы аяғым ауырып тұр. «Ав - ав» жалынамын.
Мысық: Жоқ мен сенен қорқамын, сен мені күнде қуасың. Аяғыңдағы ағашты алып сені құтқарсам мені қуа жөнелесің, одан да солай отыра бер. Мен еркін ойнаймын ля - ля - ля мияу - мияу.
Күшік: Мысық кешірші енді мен саған тиіспеймін, мені құтқаршы, «Ав - ав».
Мысық: жарайды онда мен сені құтқарайын.
Күшік: Рахмет! Енді екеуміз дос болайық, бірге доп ойнайық, мен саған тиіспеймін.
Мысық: «Мияу - мияу» кел екеуміз ойнайықшы менде доп бар.
Добым менің, добым менің.
Өзің неткен көңілді едің,
Зымырайсың, зуылдайсың.
Бірақ бізден құтылмайсың.
Мысық: «Мияу - мияу» мен шаршап кеттім қайтайықшы.
«Күшік» «Ав - ав» онда біздің үйге добыңды ала жүр бірге ойнайық.
Мысық: «Ля - ля - ля - ля» (әндетіп екеуі күшіктің үйіне барады.)
Мысық: Ой, үйің қандай әдемі, жайлы керемет екен.
(сол кезде тесіктен тышқан шыға келеді)
Мына тышқан қайдан шықты?, тоқта мен сені ұстап аламын да жеп қоямын. А, бәлем ұсталдың ба?
Күшік: Мысық, жіберші тышқанды, ол да қонақ мен де саған тиіспеймін ғой, дос болыңдар.
Мысық: Жарайды күшік, мен енді тышқанға тиіспеймін.
Тышқан: «Шиқ - шиқ» рахмет күшік, мен қатты қорқып кеттім. Ендігі жерде бәріміз дос болайық. (Тышқан мен мысық қол алысады. Барлығы қосылып ән айтады.)











Ертегі Тышқан,ит және мысықтын достығы

Ертегі Тышқан,ит және мысықтын достығы

© 2010-2022