Ашық сабақ «Мамандық иелері»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЖШС «Салтанат-Эль» мектепке дейінгі балалар мекемесі.

Тәрбиешісі: Ақбаева Зита Түгелбайқызы

Тақырыбы: «Мамандық иелері»

Мақсаты:

Білімділік мақсаты: Әр түрлі мамандық иелерімен таныстыру мамандыққа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: мамандық иелерінің еңбегін құрметтеуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу

Дамытушылық мақсаты: сөздік қорын молайту, тілін, ойлау қабілетін дамыту

Кіріспе бөлім:

Балалар, бүгін бізге көптеген апайлар қонақтар келді. Келген қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбер: «Жүрек соғысы»

Оң қолымызбен жүрегімізді ұстап жүрегіміздің соғысын тыңдайық, содан алақанымызды уқалайық, не сезіп тұрмыз? Жылу.Енді осы жылуды бір-бірімізге сыйлайық.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз мамандық иелерімен танысамыз.Мамандықтар әр-түрі болады.Мамандыққа дәрігер,аспазшы,мұғалім,құрылысшы тағы басқалар жатады.

Күтпеген сәт: Сайқымазақ кіреді

Тәрбиеші: Балалар, бұл кім екен білеміз бе?

Балалар жауабы:

Тәрбиеші: Бұл сайқымазақ екен. Сайқымазақты сендер бұрын көрдіңдер ме? Балалар сайқымазақ адамдарға күлкі, қуаныш сыйлайды екен.Қараңдаршы сақмазақтың киімі қандай әдемі.Қолындағы түрлі-түсті шарларыда, мына гүлдеріде әдемі екен.

Сайқымазақ : Балалар мен сендерге бір сиқыр көрсетейін. (Сиқыр көрсетеді)

Балалар бұл гүл жай гүл емес, бұл гүлдерде қызықты тапсырмалар жасырылған.Егерде сендер сол тапсырманы шешсеңдер, мына шарларды сыйға беремін.

Тәрбиеші: Сайқымазақ менің балаларым өте білімді.Балалар сайқымазақтың тапсырмасын орындаймыз ба?

Балалардың жауабы:

1-тапсырма: « Мамандық иесін тап?»

Сурет бойынша әңгіме құрастыру

2-тапсырма: «Затын тап»

Балалар әр мамандық құралын табады.

3-тапсырма: мамандық иелеріне қонаққа бару.

4-тапсырма: Тігінші болайық «Әдемі көйлек»

(Көйлекті түрлі-түсті бояумен әдемілеу)

5-тапсырма: Сергіту сәті :

Ұшқыш болып ұшайық,

Тігіншіге ұқсайық,

Дөңгелене би билеп,

Бишіге біз ұқсайық.

Сайқымазақ : Балалар, сендер менің тапсырмамды өте жақсы орындадыңдар.Өте білімді екенсіңдер, осылай еңбек етіп, маман иесі болайық. Менің тапсырмаларымды жақсы орындағандарың үшін мына шарларды сыйға беремін.

(Осы кезде топ есігі ашылып аспазшы кіреді.)

Тәрбиеші: Балалар бізге кім келген? бұл қандай мамандық иесі? Аспазшы бізге не береді? Қандай астар дайындайды?

Балалар жауабы:

Тәрбиеші: Аспазшы апай бізге бауырсақ пісіріп әкеліпті. Қане, олай болса келген қонақтармен сайқымазақпен қоштасып, қолымызды жуып, бауырсақтан дәм алайық

© 2010-2022