Разработка по казахскому языку Күз сыйы!

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бөлімі:Жапсыру

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Тақырыбы: Күз сыйы

Мақсаты: Балалардың ойлау және сөйлеу қабілетін одан әрі қарай дамыту, көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету, жапсыру әдіс тәсілдерін дамыта отырып, қимыл- қозғалыс үйлесімділігін дамыту. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, бастаған ісін аяқтауға еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:Әңгімелесу, сұрақ -жауап, ойын

Көрнекіліктері:Көкөністер мен жемістердің суреті, ермексаз, жапырақтар

Ұйымдастыру кезеңі:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күнім

Жайнай түсті даламыз

Қайырлы таң ,балалар!

Қайырлы таң,қонақтар!

Тәрбиеші:

-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі

-Күз айларын атаңдаршы

-Қырқүйік, қазан, қараша

-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Күн суытады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

-Балалар сендерге күз мезгілі ұнайма? Несімен ұнайды?

-Себебі жақсы көретін жеміс -жидегіміз піседі.

(Тақтада ілінген суреттерге тоқталу.) Көкөністер мен аттарын сұрау.

Жемістерге: Алма, алмұрыт, банан, жүзім.

Көкөністерге: Сәбіз, қызынақ , орам жапырақ

(Олардың түстеріне,пішіндеріне тоқталу)

-Жарайсыңдар, балалар! Енді осы көкөністермен жемістерді баптап өсіретін,

қарайтын кім екенін білесіңдер ме?

-Ол- Бағбан ата.

-Балалар, сұрағыма дұрыс жауап берсеңдер, Бағбан ата қонаққа келеді.

Бағбан ата: Саламатсыздар ма, балаларым!

Балалар: Саламатсыз ба, Ата!

Бағбан ата: -Міне, балалар сендер күз туралы әңгімелеп жатырсыңдар. Мен

ендердің Бағбан аталарыңмын. Мен осы күз мезгілінде пісетін жеміс -жидектерді, көкөністерді күтіп өсіремін. Мен осы жемістер, көкөністер піскеннен бері барлық топтарды аралап, өнерлеріне тамсанып, өзім өсірген жемістерді, көкөністерді әкеліп таратып жүрмін. Қане, балалар сендерде осы күз мезгіліне байланысты өнерлеріңді ортаға салыңдаршы, ал мен тамашалайын.

Тәрбиеші: Балалар, күз туралы қандай тақтақтар білесіңдер? Бағбан атамызға айтып берейікші. Бағбан ата бүгін сізге ата-аналар мен балалар өз қол өерлерін көрсетеді. Тапсырма орындайды.

Бағбан ата: Сәттілік тілеймін!

Тәрбиеші: Рахмет, әр топтың аттарымен таныстырып өтейін:

1 топ- Алмалар

2 топ Құлпынайлар

3топ- Шиелер

4топ- Қызанақтар

1 топ:Алмалар тобына жапырақтан құстың құстың суретін бейнелеу

2 топ: Құлпынайлар тобына түрлі -түсті қағаздан ыдыстарға жеміс -жидектер жасау

3 топ: Шиелер тобына себенттегі саңырауқұлақтарды жапырақтардан жапсыру.

4 топ: Қызанақтар тобына ермексаздан қызанақ мүсіндеу

(Жасалу жолдарын түсіндіру.)

Тәрбиеші:Ендеше, балалар!Бағбан атамызға жемістер мен көкөністерді қаншалықты жақсы білетінімізді көрсетейік.Ол үшін мен сендерге жұмбақтар жасырамын.

1.Әрі тәті, әрі қызыл

Татқан жанды таңырқатты ( Алма )

2.Қабат-қабат тоны бар,

Шешіндірсең жылатар. (Жуа )

3. Көк ала кастюм киеді

Күннің көзін сүйеді. (Қарбыз)

4.Доптар жатыр жемісі бар

Қабат-қабат терісі бар.( Орамжапырақ)

Сергіту сәті:

Бір,екі, үш әдемі гүлдер өс!

Күнге созыламыз,

Күнге жылынамыз

Оңға тербелемі,

Солға тербелеміз

Желден тығыламыз

Орнымызға отырамыз.

Тәрбиеші тапсырмаларды тексереді.

Бағбан ата: Балаларым тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.Ендеше біз жеміспе, әлде көкөніспе ойынын ойнап жіберейік.

Ойынның шарты: Алдымен бір бала шығады, көзін байлайды , содан соң жемістерді көкөністерді ұстап көріп , аттарын атайды.

Бағбан ата: Рахмет балаларым! Өнерлеріңді тамашаладым . Сау болыңдар!

(Бағбан ата алма таратып береді)

Қорытынды:

Тәрбиеші:Балалар сонымен біз не жасадық?

Балалар:Себеттегі саңырауқұлақтарды кепкен жапырақтардан құрастырып желім арқылы жапсырдық.

-Ермексаздан көкөністер жасадық

-Түрлі-түсті қағаздармен ыдыстағы жемістерді жапсырдық.

Тәрбиеші:Бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекеті ұнады ма?

Балалар: Ұнады!

Тәрбиеші: Келген қонақтармен қоштасайық!

Ал, балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Кездескенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.









© 2010-2022