Ашық сабақне үйрендік, не білдік

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 31 «Күншуақ» мектепке дейінгі ұйымы











«Не үйрендік, не білдік?»

ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

(№ 2 «Балапан» ІІ-кішкентайлар тобы)



Тәрбиеші: Елеусінова М.Ә





















2014-2015 оқу жылы

Мақсаты: Балалардың жыл бойына алған білімдерін бекіту.

Білімділік: Сандарды тура және кері санау, геометриялық пішіндерді дұрыс

атау, түстерді ажыратуды бекіту.

Дамытушылық: Санамақ арқылы саусақ бұлшықеттерін дамыту, өлең

сөздеріне сәйкес массаж жасау дағдыларын дамыту. Сұрақ-

жауап арқылы сөздік қорларын дамыту. Сыпайы сөздерді

қолдануды жетілдіру.

Тәрбиелік: Тапсырмалар орындауда бір-біріне достық қарым-қатынасқа,

әдептілікке, татулыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сөздік, практикалық, көрнекілік.

Қолданылатын құралдар: проектор, саңырауқұлақтар мен гүл күлтелері.

Залға музыкамен Маша келеді.

Маша: Саламатсыздар ба, балалар! Сендерді менің орманымда көргеніме

қуаныштымын. Балалар сендер әдемі киініп ақылды болып қандай

елден келдіңдер?

Балалар: Қазақстан.

Маша: Ал сендер қандай қалада тұрасыңдар?

Балалар: Ақтөбе.

Маша: Бәрекелді, ал сендер балабақшаға барасыңдар ма? Қалай аталады?

Балалар: «Күншуақ» балабақшасы.

Маша: Ал сол балабақшада қандай топқа барасыңдар?

Балалар: «Балапан» тобына барамыз.

Маша: Жарайсыңдар! Достар сендер ақылды екенсіңдер маған

тапсырмаларды орындауға көмек беріңдерші?

Балалар: Иә!

Маша: Ендеше, мен сендерге мына гүлдердегі тапсырмаларды оқып берейін.

1-тапсырма: «Сандарды санау»

(балалар экранда шыққан сандарды тура және кері санайды)

Санамақ айтады.

Маша: Керемет балалар, жарайсыңдар.

2-тапсырма: «Геометриялық пішіндерді ата»

(экранда берілген геометриялық пішіндерді атайды)

Маша: Балалар, жарайсыңдар, тапсырманы жақсы орындадыңдар. Мен

сендермен ойын ойнағым келеді. Ойын «Түстері бойынша ажырат»

деп аталады. Шарты: белгіленген ара қашықтықта үш түрлі түсті

ыдыс қойылады. Балалар музыка әуенімен ыдыстарға жерде

шашылған ойыншықтар мен заттарды түстері бойынша салады.)

3-тапсырма: «Даусынан ажырат»

(үнтаспадан естілген дауыстар бойынша үй жануарларын тауып айтады)

Маша: Балалар, Аю маған саңырауқұлақтар мен гүлдер теріп кел деген, мен

теріп қойдым бірақ, қараңдаршы саңырауқұлақтардың нүктелері жоқ

екен, ал гүлдердің жапырақтары жоқ екен, қане келіңдер, оларды

безендірейік.

(балалар екі топқа бөлініп, жартысы саңырауқұлақтардың нүктелерін бұрап жасайды, ал жартысы гүлдердің күлтешелерін жасайды.)

Маша: Достар, сендер маған үлкен көмек бердіңдер. Бірақ, мен сендерге не

айту керек екенін ұмытып қалдым.

Балалар: Рақмет!

Маша: Ал егер де біреуді ренжітіп алсам қандай сөз айтуым керек?

Балалар: Кешір!

Маша: Ал егер де қонаққа барсам қалай амандасу керек?

Балалар: Саламатсыз ба?

Маша: Жақсы, ал қоштасу кезінде қандай сөз айту керек?

Балалар: Сау болыңыз!

Маша: Ал егер де мен сендерден бірнәрсе сұрағым келсе қандай сөз айтуым

керек?

Балалар: Өтінемін.

Маша: Жарайсыңдар, ал енді әдепті балалар туралы тақпағымызды

айтайықшы?

Балалар: Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Нанға кетсе анамыз

Үйде жалғыз қаламыз.

Терезені ашпаймыз.

Ойыншықтарды шашпаймыз,

Сыртқа шығып ойнасақ

Қаздан қорқып қашпаймыз.

Маша: Жақсы, мен енді барлық сыпайы сөздерді жаттап алдым. Балалар,

өтінемін, менің көйлегімді сәндеп беріңіздерші. Мен де сендер

сияқты әдемі болғым келеді. Келісесіздер ме?

(Балалар берілген гүлдерді Машаның көйлегіндегі ілгектерге тағады.)

Маша: Рақмет, менің кішкентай достарым, мен сендерге ризамын. Ал енді

балалар айтыңдаршы, сендер қандай тапсырмаларды орындадыңдар?

Балалар: Сандарды санадық, пішіндерді атадық, түстерді ажыраттық.

Маша: Үстел басында не жасадық?

Балалар: Саңырауқұлақ жасадық, гүлдер жасадық.

Маша: Жарайсыңдар, сендер өте ақылды, өнерлі балалар екенсіңдер. Рақмет!

Ал ендеше тобымызға орала қояйық.


© 2010-2022