Мүсіндеу. Тақырыбы: Күн мен бұлт (0 класс)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған қоу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Күн мен бұлт.

Мақсаты:мұсіндеу жұмысында қолданылатын ,құралдармен таныстыру; мүсіндеудің негізгі: жұмсарту,созу, құрастыру,жаю, тегістеу,жалпақтау,домалақтау тәсілдерімен таныстыру.

Керекті құралдар: күннің және бұлттың суреттері,ермексаз,тақтайша,жұмыс дәптері,кескіш таяқша,қатырма қағаз.

б\м: күн-солнце,бұлт-тучи

Оқу іс -әрекетінің барысы:

Оқу іс-әрекетінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Балаларға жұмыс істейтін орындарын дайындап, құрал-саймандарының-тақтайша,ермексаз,таяқша,қолорамалдарың ретімен тұру керектігін айтады.

Балалар жұмыс орындарын дайындайды.


Ұйымдастыру кезеңі

Тазалық ережесі:

1.үстел үстін,киімін бүлдірмей материалмен ұқыпты істеу;

2. ермексазбен жұмыс аяқталғаннан кейін,қолды орамалмен сүртіп,сабынмен тазалап жуу;

Мүсіндеудің негізгі жұмсарту және есу тәсілдерімен таныстыру:

1.бүтін ермексазды жұмсарту;

2.есу қиын болатындықтан ермексазды кесетінарнайы кескіш таяқшамен бөлікке бөлу;

3.алдымен алақанға алып жұмсарту;



4.тақтайша ұзын жіңішке шиыршық пайда болғанша есу керек;

Жұмбақтар:

Жұрттың бәрі сүйеді,

Бірақ қарай алмайды.

(күн)

Көзі жасты,

Тұра қашты.

(бұлт)

Балаларға бедерлі мүсіндеу тәсілімен жұмыс жасау жолын түсіндіру:

1.Көк түсті қатырмақағазға жай қарындаштың көмегімен күн мен бұлттың суретін салып шығамыз.

2.Ақ және сары түсті ермексаздың кесегін жұмсартамыз.

3.Бөлікке бөлеміз,ұзынша,жіңішке ширатпалар есеміз.

4.Ширатпаларды қатырмағазға жабыстыра бастырамыз.

5.Жекелеген ширатпалардан күннің сәулелерін жасап шығамыз.

Тазалық ережесін қайталап,естеріне сақтайды.



Балалар негізгі тәсілдермен танысады.





Балалар көрсеткені бойынша өздері қайталап мүсіндеу жұмысын орындайды.

Жұмбақтардарды шешеді.







Балалар жұмыс дәптерінің көмегімен өз бетінше жұмысты орындайды.

Қорытындылау

Жасаған мүсіндеу жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.

Талдау,бағалау.

Мадақтау.

Күтілетін нәтиже: 1.Балалар мүсіндеу жұмысында қолданылатын материалдармен,

және құралдармен танысады.

2.Жұмасрту,созу,құрастыру,жаю,тегістеу,жалпақтау,домалақтау

тәсілдерімен танысады.


© 2010-2022