Основы грамоты на букву Б

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 27.01.2016 ж. Тобы: «Тамшы»

Білім беру саласы: «Қатынас»

Білім бөлімі:сауат ашу

Тақырыбы: «Б б дыбысы және әрпі».

Мақсаты: - Б дыбысымен танысу сюжетті сурет бойынша әңгіме құрату арқылы, балалардың ойлау қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын молайту;

  • Б дыбысына қатыстырып сөздер ойлатып талдауға үйрету;

  • Балаларды ұқыптылықа, ептілікке тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: ойыншық балға, балта, балық, бұғы, бүркіт, бұзау, балапан, бақа,кеспе әліппе, текшелер.

Әдіс- тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

I.Ұйымдастыру кезеңі

Балалар бәріміз орнымыздан тұрып тілек шеңберін құрайық. Балалар менің қолымдағы мына бір үлкен жүректі көріп тұрсындар ма? Ендеше осы жүрекке бір бірімізге жылы лебіз айтып толтырайық.

Ия

Балалар бір біріне көптеген тілектер айтады

Жаңа сабақ

Балалар, қараңдаршы бізге қонаққа не келіпті?

Бақа бізге неге келіпті екен, мен сұрап көрейінші.

Балалар, бақа бізге қонаққа келіпті, сендермен бірге болғысы келеді. Балалардан бақаның қимылын жасауын және ән айтып беруін сұрайды.

Өте жақсы айттыңдар, балалар, таныс емес қай дыбыс? Дұрыс айтасыңда. Б дыбысы екен.

Мен балаларға ойыншық балға, балтаны көрсетемін. Балалар заттардың атын атайды. Олардың ортақ аттары құрал-саймандар екені айтылады. Осылайша басқа да ойыншықтар: балық, бүркіт, бұғы, бұзау, балапан және бақаны көрсетіп, аттарын ататқызамын.Осы сөздердің барлығында б дыбысы қай жерде тұр? Шалбар деген сөзде б дыбысы бар ма? Өте дұрыс. Бұл сөзде ортасында естіліп тұр.

Енді осы б дыбысын дауыстап айтып көрейікші, не байқадыңдар? Жаңа дыбысты бір-біріне қарап дыбыстатыпайтқызу. Б дыбысын созып айтып көрейікші, созып айтуға келе ме екен? Олай болса, б дыбысы қандай дыбыс екен? Дауысты ма, әлде дауыссыз дыбыс па? Б дыбысына келетін сөздерді буынға бөлдіріп айтқызу. Балға деген сөзді буынға бөлейік, кәне, шытақтарыңды парта үстіне тіреп, сасақтарыңды айқастырыңдар да, айқастырылған саусақтарыңды иектеріңнің астына қойып, бірге буынға бөлейік.

Б дыбысы қай буында тұр екен?

Олай болса б дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі екен.

Бақа,бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ?

Темір телпек көп киіп, Басым содан жалпақ.Бақа,бақа, балпақ Бұтың неге талпақ? Су бетінде көп жүзіп, Бұтым содан талпақ. Б дыбысы балға, алта

балық, бүркіт, бұғы, бұзау, балапан және бақа б дыбысы өздің басында кездеседі. -бар, ортасында кездеседі.Балалар б дыбысын дауыстап айту кезінде еріндерінің бір-біріне тигенін айтады. Жоқ, б дыбысын созып айтуға келмейді.

Б дыбысы дауыссыз дыбыс

Бал-ға

Бірінші буында

Шал-бар

Екінші буында

Сергіту сәті

Бала, бала, балақан.

Кәне қайсы алақан

Саусақтарың айбат

Былай-былай ойнат.

Балалар қызыға орындайды.

Қимылмен көрсету арқылы

Дәптермен жұмыс. А) Бөрік, барабан, клуб сөдеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы б дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне б дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқыту.

Қызыл, көк текшелермен сөз құрастыру. Қай бала сөз жылдам құрастырса, сол бала тақтада да көрсетеді. Алғашқы орындаған төрт балаға жаздыру.

Балаларға б дыбысына сөз құратқызу.

Б дыбысынан басталатын балалардың аттарын атату.

Бөрік, барабан, клуб сөдеріне дыбыстық талдау жасайды.

Бота, арба, балға,

Бесік,бор, бақа,балық, бағдаршам

Балнұр, Балым, Бекжан,Берік.

Б дыбысы

Жаңбыр жауды. Саңырауқұлақ үлкен болып өст.

Бекіту

« Саңырауқұлақ» дидактикалық ойыны.

Шарты: балалардың ішінен біреуі « саңырауқұлақ» болады. Қалғандары « балапандар» болады. « Саңырауқұлақ» қолшатырды ашып, отырады. Мен «жаңбыр жауды» деп айтсам орнынан жайлап тұрады. «Балапандар» « саңырауқұлақтың» астына жиналады.

« Екінші буыным қайда?» ойыны.

Шарты: бұзайдың суретін көрсетіп, « бұ» - деймін,. Бүркіттің суретін көсетіп « бүр» деймін

Балалар қызыға ойнайды.

Ба-ла-пан

балалар « - зау», - дейді

балалар «-кіт»,-дейді.

III.Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі

Сонымен бүгін қандай дыбыспен таныстық?

Д дыбысы қандай дыбыс, қалай белгіленеді?

Мақтау, мадақтау.

Бдыбысымен

Дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгіленеді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу қажет: сюжетті сурет бойынша әңгіме құрай білу қажет.

Не істей алады: Б дыбысына қатыстырып сөздер ойлап таба алады.

© 2010-2022