Ана-тіршілік тірегі (ертеңгілік шот)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ана - тіршілік тірегі.

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі «Ана-тіршілік тірегі» атты мерекелік ертенгілігіміз аналарға арналады.

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар.- деп сіздердің құрметтеріңізге арнап, «Балдырған» тобының қыздарының орындауында «Апам үшін» әнін қабыл алыңыздар.

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай

Ұлдар тобының биі «Жастар биі»

Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген .

Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген.

Дамираның орындауында « Үнді » биі

-Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,-

Қыздар тобы «Гүлдер биі»

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Бүлдіршіндер шын жүректен тебіреніп,

Жырларын аналарға бағыштайды.

Тақпақтары:

Еңлік: Анам аеің сүйкімді,

Тек өзіне табынған.

Қасымда жүрсем биікпін,

Алыстасааң сағынам.

Еркетай: Анаң болса қасымда,

Басқа бақыт не керек.

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет.

Әпитөк:Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін.

Бауыржан:Мәпелейді, әлдейлейді бағады.

«Құлыным » деп құшағына алады.

Өзгеге де, өзіне де жауапты,

Барлығына қалай уақыт табады.

Салман.: Өзің мені өсірген

Айналайын ақ әжем.

Тентек болсакешірген,

Шөлдедің бе, дана әжем.

Шерхан: Әжем менің әліде

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Біздің үйдің бәріне.

Айда: Ананың біз гүліміз

Ана біздің күніміз

Балалады қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

Дамира: Қандай бала болмайық,

Анамызға балдаймыз.

Көтерейікші көңілін.

Ән салайық бәріміз.

Даниял: Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген ақ мамамды,

Жүрсем деймін шаттандырып.

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары,

Ұлдар тобының орындауында«Ел қорғауға әзірміз» әні.


-Ана -барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.

Барша ана,құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

«Құттықтаймын ана» әні

Ойын: «Торғай мен балапан».Шарты: Құс баласына тамақты аузымен таситыны бәрімізге белгілі, мына туралған алманы балаларымызға ауызбен тасып береміз.

Ойын: «Өз балаңды тап» Шарты: қолымызды артымызға қойып, көзімізді жауып, баламызды қолымызды тигізбей иіскеп ажырытуымыз керек.


Құрметті қонақтар!
8-Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапғатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Біздің «Ана-тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Сау-саламатта болыңыздар!




Ә. Жангелдин атындағы орта мектеп


Ертеңгілік

«Ана-тіршілік тірегі»

Тәрбиеші: Тебенова Г.М


2014-2015 оқу жылы







© 2010-2022