Допты жоғары лақтыру, қабырғаға соғу және қағып алу

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Допты жоғары лақтыру, қабырғаға соғу және қағып алуБілім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Допты жоғары лақтыру, қабырғаға соғу және қағып алу.

Допты бір - біріне лақтыру. Орындық үстімен еңбектеу және

тепе - теңдік сақтау жаттығулары.

Мақсаты: Доппен жаттығу жасауға, орындық үстімен еңбектеу және тепе - теңдік сақтау жаттығуларын жасауға жаттықтыру; салауатты өмір салтын сақтауға дағдыландару. Денешынықтыру әрекеттеріне қызығушылықтарын арттыру.

Қажетті құрал - жабдықтар: Гимнастикалық орындық, арқан, доп.

Билингвизм:

Іс - әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық.

Балалармен сәлемдеседі: «Сәлеметсіздер ме, балалар! Күз келді. Өнім жинау керек. Сендер маған көмектесесіңдер ме? Онда жолға шығайық!»

Тәрбиешіні тыңдайды. Қызығушылық білдіреді.

Ұйымдастыру кезеңі

Бір - бірінің артынан тәрбиешінің айтуы бойынша қимылдар жасай жүріп, өлең жолдарын айтады.

Биіктеді бойымыз,

Бұлтқа жетті қолымыз!

Қадам сайын биіктеп,

Күнге жақын барамыз!

Міне, өнім көбейді,

Тез, тез жинап аламыз.

Жалпы дамытатын жаттығулар.

Жаттығулардың бір мезгілде басталып, аяқталуына, санауға ілесіп жүруге назар аударады. Негізгі қимылдар жасалады.

Гимнастикалық орындық үстінде алақанмен және тіземен еңбектеу.

Арқанның үстімен бір қырымен адымдап жүру.

Допты жоғары лақтыру, қабырғаға соғып, тосып алу. Екі орындықты параллель қойып, екі арқанды жерге созып салады. Жаттығуды жасау тәртібін көрсетіп, түсіндіреді.

Сапта бір - бірден жүреді. Тәрбиешінің нұсқауларын орындайды, белгі бойынша қимылдың бір түрінен екінші түріне өтеді.

Аяғының ұшымен жүреді, қолдарын жоғары созады, алақаны ішке қаратылады.

Екі қатарға тұрады, алдымен еңбектейді, содан соң тепе - теңдік сақтау жаттығуларын жасайды.



Доппен жаттығу жасайды.

Рефлексивті - түзетушілік

Балаларды мадақтайды, өнімді жинауға көмектескендері үшін алғыс айтады, өздеріне не ұнағанын сұрайды.

Өздерінің алған әсерлерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Тізені жоғары көтеріп жүру дағдыларын.

Қандай түсініктерді игерді: Қазақтың ұлттық ойындары туралы түсінікті ,

сапқа тұру дағдыларын

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Жаттығуды орындау ережесін, қимылды

ойындардың түрлері мен ережелерін









Допты жоғары лақтыру, қабырғаға соғу және қағып алуДопты жоғары лақтыру, қабырғаға соғу және қағып алуДопты жоғары лақтыру, қабырғаға соғу және қағып алуДопты жоғары лақтыру, қабырғаға соғу және қағып алуДопты жоғары лақтыру, қабырғаға соғу және қағып алу

Допты жоғары лақтыру және қағып алу


Аменова А. Р

Е. Ниетқалиев атындағы ЖББОМ

© 2010-2022