Тренинг Шығыстың ертегісі тәрбиешілермен жұмыс

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тренинг Шығыстың ертегісі тәрбиешілермен жұмыс.МКҚК «№1 Балабақша»





























Психолог: Ержанова А.Қ.





Ақкөл қаласы.



Мақсаты:

1. Тәрбиешілердің Шаршағанын басып бойын сергіту

2. Шығыс ертегілері арқылы тәрбиешілермен дем алу жаттығуларын өткізу

3. Жақсы көңіл-күй ахуалын ұйымдастыру

Жоспар:

  1. Кіріспе.

  2. «Шығыс биі» билеу жаттығуы

  3. «Хакімнің өсиеті» атты ертегі әңгімелеп беру

  4. «Данышпан Хакіммен кездесу» релаксация.

Кіріспе.

Ертегіні жақсы көрмейтін адам жоқ, кішкентай балалық шақтан бастап біз ертегілерді жақсы көреміз. Сіздердің де жақсы көретін ертегілеріңіз бар шығар? Қандай ертегі есте қаларлықтай болды, қандай ертегіні жақсы көресіздер? Ертегілер өте көп, сол ертегілердің ішінде шығс ертегілері ерекше болып келеді.шығыс ертегілері немен ерекшеленеді, немен тартымды? (тәрбиешілердің жауаптары). Олай болса біз босқа осы тақырыпты қозғап отырған жоқпыз, бүгін өзімізді сол шығыстың тұрғындары болып елестетіп көрейік.

«Шығыс биі» билеу.

Шығысты айта отырып, шығыс сұлуларының биін айтпай кете алмаймыз. Көз алдарыңа елестетіңдерші бұралған шығыстың сұлу қыздарын. Шығыста әйел адамның денсін ұстауы, биге деген икемділігі өте жоғары бағаланады. Біз де бойымыздағы икемділігімізді пайдалана отырып шығыс биін билеп, қимыл жанын сезініп көрейік. Қазір барлығымыз орнымыздан тұрып шығыс биін билейміз. (Әуен қосылады, ал тәрбиешілер алдын-ала дайындалған орамалдарын белге орап, психологтың қимылдарын қайталайды)Тренинг Шығыстың ертегісі тәрбиешілермен жұмыс.

Өте жақсы, бойымызды сергітіп алдық. Тренинг Шығыстың ертегісі тәрбиешілермен жұмыс.

«Хакімнің өсиеті» атты ертегі

Ертеде бір сұлтан өзінің сүйікті қызметшісімен бірге теңізге шығады. Ал қызметші өміріндетеңізді көрмеген, теңізге бірінші рет шығып тұрған, бос тұрған орындықтың үстіне отырып алып, қорыққаннан өксіп жылап, айқайлап барлығының мазасын алды. Кемедегі жолаушылар сабырлық сақтап, түсіністікпен қарайды, жылы сөздер айтса да, сөздер қызметшінің жүрегіне емес, тек қана құлағына жетеді.

Әмірші демалуға көк теңіз айдынына шыққан саяхатынан ешқандай ләззат алмайды, өзінің сүйікті қызметшісі болса да, оның айқайына әрең шыдап отырады. Сол кезде алдына Хакім келіп:

  • О, Әміршім, сіз рұқсат берсеңіз, мен қызметшіңіздің дыбысы да шықпайтындай қылып, тыныштыандыра аламын - дейді. Сұлтан қуанғаннанбірден рұқсатын береді. Хакім кемедегі қызметкерлерге дау шығарған қызметкерлерді теңізге қарай лақтырып жіберуге бұйрық берді.

Мазалары кеткен қызметкерлер де қуана-қуана орындайды. Соншалықты қорқып жүрген, теңіздің суына түскен даушының жаны мұрнының ұшына келеді, дем ала алмай, кемеге жабысып, кемеге қайта шығарып алуын сұрап, жалынып жалбарына бастайды. Қатты қиналғанын көріп қызметшілер кемеге шашынан тартып алып шығарады. Кемеге отырғаннан кейін, үні шықпастан, жыбырламай отырады. Барлығы таң қалады.

Сұлтан мұндай қылығына таң қалып, данышпаннан: Сенің қылығыңда қандай данышпандық құпияланған?

Хакім: «Сіздің қызметкеріңіз ешқешен теңіздің тұзын татпаған. Судың қандай екенін де білмеді, сондықтанда кемеде отырғанның қандай керемет, тыныш екенін бағалай алмады. Қорқыныштың көзіне қарағанда ғана тыныштықты бағалай аласың».

Сонымен, сіздер данышпанның сөзімен келісесіздер ме? Неге? (Тәрбиешілердің жауаптары).

«Данышпан Хакіммен кездесу» релаксация.

Қазір ыңғайланып отырыңыздар, денеңізді бос ұстап, сезініп көруге тырысыңыздар. Қалай орындықта отырғаныңыз, аяқтарыңыздың жерде тұрғанын сезініп көруге тырысыңыз, сізге ыңғайлы, жақсы. Дем алған сайынсіздің санаңыз тереңірек батып барады, ал бойыңызға жылу тарайды. Санаңыз өзгерістерді байқаған сайын, бейсанаңыз ашылып келеді. Сізге жақсы, жайлы, өзіңізді жақсы сезініп отырсыз. Жақсы...

Алыс елшілікте, жансыз шөлдаланың ортасымен керуен ұзақ жол жасап келеді. Жолаушылар сансыз көп күндерді далада өткізген. Шөл мен аштық оларды әбден шаршатқан. Уақыт өткен сайынжолаушылар шөлдаланың бітетіне сенімдері жоғала бастады. Күн өзінің билігін көрсеткендей, ыстығы соншалықты, жолаушылардың басын айналдырып әлсіретті.ыстық желде қалыспады, күшін көрсетіп, мысқылдап күліп жан-жақтан соқты. Жолаушылардың күші таусылып, құлауға жақындады. Осылай әбден шаршаған жолаушылардың алдынан бір нәрсе бұлдврап көрінгендей болды. Олар көздеріне сенбей тез жүруге тырысты, сағым секілді жоқ болып кетер деген үрей пайда болды. Бұл бір керемет оазис болып шықты. Оазистен салқын жел соқты. Жолаушылар барлық күштерін жинап, оазиске де жетті-ау. Оазистен де керемет жап-жасыл талдар, жұпар иісті гүлдер өсіп жатқан саяжай болып шықты. Саяжайдың іші қоңыр салқын, ішінде көптеген-көптеген жеміс-жидектер өсіп жатыр. Жан-жақта хош иісті: қып-қызыл, аппақ, қызғылт гүлдер өсіп жатыр. Сонымен, жолаушылар тура жұмаққа тап болғандай сезінді. Армандарының барлығы орындала бастады. Салқын суға шомылып, шөлдерін басып, бір талдың түбіне дем алуға жатқан. Кенет ақсақалды дашнышпанның бейнесі пайда болды. Қария данышпан сыбырлады: «Мен саған болашағыңды айтамын». Сіз өзіңізде білмей қалдыңыз данышпанның сөзін естіп тұрсыз ба, әлде түс көріп тұрсыз ба. Сіздің алдыңызда болашағыңыздың көріністері пайда бола бастады. Мүмкін сіз өзіңіздің ұжымдастарыңызды, жұмыс орныңызды көріп тұрсыз. Мүмкін сіз болашақ үйіңізді, кіммен тұратыныңызды көріп тұрсыз... соның арасында данышпанның сөздері құлағыңызға жетіп жатыр: «Біз сені жақсы көреміз... Сенің қолыңнан бәрі келеді... Сен кереметсің... » Осы сөздер түсіңізді көруге көмектеседі.

Енді сіз данышпанмен қоштасатын кез келгенін сезіндіңіз. Данышпанға алғысыңызды айтасыз.

Сонымен, алтыға дейін санағанда сіз оянасы. Өзіңізді қалай сезініп тұрсыздар? Осымен біздің тренингіміз аяқталды, қатысқаныңызға рахмет.

© 2010-2022