План на тему Қоян мен түлкінің үйшігі на вторую младшую группу

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Тақырыбы: «Қоян мен түлкінің үйшігі» ертегісі.

Білім беру саласы: Қатынас.

Сабақ түрі: Ертегілер әлемінде.

Тақырыбы: «Қоян мен түлкі»

Мақсаты: а) Ертегі кейіпкерлері арқылы мазмұнымен таныстыру. Сұрақ жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру.

ә) Мимикалық дидактикалық ойын арқылы эмоциялы шығармашылықтарын дамыту.

б) Көңіл - күйлерін терең түсінуге, аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері, Ерден ата қуыршағы.

Сөздік жұмыс: Шалғы, ағаш және мұз үйшіктері.

Сабақ барысы

Жағымды

Жағымсыз

  1. Уәждеу-қызығушылықтарын ояту:

Балалар біздің бүгінгі сабағымызға Ерден ата келіпті. Балалармен амандасады. Ерден ата, біз сіздің келгеніңізге өте қуаныштымыз.

Ерден ата:

- Балалар сендер ертегілерді көп біледі деп естідім?

  • Әрине.

  • Ертегілерді жақсы көресіңдер ме?

  • Иә.

  • Балалар ертегілерді естеріңе түсіріңдерші, қалай басталушы еді?

  • (Білгендерін сұрау)

  • «Ерте, ерте, ертеде...» деп немесе «Ерте, ерте, ерте екен, ешкі жүні бөрте екен...» деп басталады.

Олай болса мен сендерге бүгін бір тамаша ертегіні айтып беремін, сендер мұқият отырып тыңдаңдар.

II. Ұйымдастырушылық-ізденіс:

1) Бүгінгі біздің ертегіміз «Қоян мен түлкінің үйшігі» , кейіпкерлерді атап таныстыру - Қоян, Түлкі, Ит, Аю және Әтеш.

2) Ертегіні баяндау. Фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып түсіндіру.

- Ерте, ерте, ертеде бір қоян мен түлкі орманда өмір сүріпті. Қоян үйшігі ағаштан, ал түлкінің үйшігі мұздан жасалған екен. Түлкі қоян үйшігіне кіріп алғаннан кейін, қоян жолда жылап келе жатып, қарсы алдынан:

1. Ит кездеседі

2. Аю кездеседі.

3. Әтеш кездеседі.

Тек әтеш қана түлкіні қуып шығара алады.

3) Д/о (мимикалық): Кейіпкерлердің көңіл күйлерін салу. Мыс: Қоян жылап ренжіп тұр. Ит пен аюдың қорқып қалғаны. Әтеш пен қоянның қуанышы.

III. Сергіту сәті.

IV. Рефлексивті-түзету: Сұрақ - жауап арқылы сабақта түсінгендерін сұрау. Ертегіге қандай кейіпкерлер қатысты? Қоян мен түлкінің мінездерін салыстырып бер? Түлкіні кім қоянның үйшігінен қуып шығара алды?

Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.








© 2010-2022