Открытый урок Ерлік елге ұран

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ерлік елге ұран, ұрпаққа үлгі!

1945-2015 жыл

70 жыл

Мақсаты: Балаларды отаншылдыққа, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы туралы түсіндіру. Балалардың сөздік қорын, мәнерлеп айта білулерін жетілдіру, өзін-өзі басқаруға еркін сөйлеуге ерік беру, патриоттық тұрғыда тәрбиелеу.

Әнұран орындалады.

Жүргізуші: Ұмытпа, сен елімізге,

Бақыт тегін келмеген.

Ұмытпа сен елімізге,

Жеңіс тегін келмеген.

Жүргізуші: Елбасына күн туған кешегі соғыс кезінде еразаматтар, қолдарына қару алып, ел қорғауға аттанған. Талай жанды қырғынды бастарынан кешіріп, жеңісті жақындатқан майдангер батыр аталарымыз «Елдің көркі ерімен, отан көркі жерімен» дегендей, ел басына қатар төнген жылдары кеудедегі шыбын жаны шыққанша жаумен жаға жыртысқан батыр аталарымыз аз емес олар ең алдымен ұлты үшін, халқы үшін, жанын құрбан еткен жандар. Жыл өткен сайын қатары азайып бара жатқан майдангер аталарымыздың есімдері, ұмытылмай, ұрпақтың есінде жаттанып қалуы керек.

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болсадағы қай ғасырдың қай жылы

Ұлы отаным басын иіп бір минут,

Еске алмақ сол бір апат қайғыны (бір минут үнсіздік)

Жүргізуші: Күрсінеді адамдар

Сұланады жанарлар

Отты жылдай тым сұсты

От лаулаған алаңдар

Киелі деп бұл күнді

Ішке бүктім бір сырды

Жеңіс-соғыс сойқанның

Шор боп біткен тыртығы

ӘН: «Катюша» «Қарлығаш» ересектер тобы «Қуаныш» тобының биші ұл-қыздарының орындауында қабыл алыңыздар.

БИ: « Самға, биік көгершін!» орындайды «Балдәурен» ортаңғы топ биші қыздары.

Жүргізуші: Ел жаңа елу жылда деген сөз бар

Жеңіске зорға жеттік боп ынтызар

Жүріңіздер алдымызда тарих болып,

Сіздерге әруақ құдай болсыншы жар-дей келе отырып

«Қарлығаш» тобының жігіттерінің орындауында «Сарбаздар» биін қабыл алыңыздар.

Тақпақтар:

1-бала: Дүниежузілік соғысты

Бейбітшілік жеңген күн

Ондай соғыс жер үсті

Болмасына енді сенген күн.

2-бала: Болдырмауға соғысты

Тойлаймыз біз жеңісті

Қалалар келіп қалпына

Құлпыра түсті жер үсті.

3-бала: Қара қағаз алған ана деп

Келер деп ұлын күткен күн

Атанған жетім бала да

Батысқа көзін тіккен күн

4-бала: Батырларға әр қалада

Ескерткіштер орнады.

Орындалды ел жаңара

Ардагерлер арманы

Жүргізуші: Жүру үшін тура жолдан бұрылмай

Ар мен намыс бірге туған ұғымдай

Біздер үшін рухы биік Бауыржан

Батырлықпен ақықаттың туындай!

БИ: «Ах Самара городок» «Қарлығаш» тобының биші ұл-қыздары



Жүргізуші: Ұшқыр ойды от-қайраққа жаныған

Туған елді өз үйім деп таныған

Жалындаған жастар керек еліме

Батыр баба қасиетті дарыған!

БИ: «Кестелі орамал» «Қарлығаш» тобының ұл-қыздары орындауында тамашалаңыздар

Жүргізуші: Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70-жылдық мерей тойымен шын жүректен құттықтаймын-жеңіс күні-тарих төрінен орын алатын ұлы мереке.

Сіздердің ерліктеріңіздің арқасында біз бүгін бейбіт өмір бақытты тұрмыс кешудеміз. Біз сіздерге ұрпақтық атынан шексіз алғыс білдіреміз бәрімізге бақыт пен қуаныш, денсаулық тілейміз!

Жүргізуші: Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кесірінен өткен ата-апаларымыз аман болсын! Келешек еліміздің дархан даласы кең аспаны ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, білектей бірліккен кең пейіл қазақ елі жасасын!

ӘН: «Жеңіс туы желбіреп» орындайды «Қуаныш» тобының хоры


© 2010-2022