Разработка по казахскомТәуелсіздік ел тірегі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шаттық шеңбері:

«Айналайын» десе, қуанамын мен,

«Айналайын» десе, қуанасың сен.

Қуанышқа бөленіп

Шаттанайық кел.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік,

Күлкімізді күн қылып,

Гүл өссін деп тілейік.

«Тәуелсіздік -ел тілегі» мерекелік ертеңгілігі

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар және тәрбиешілер! 16- желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік алған күніне арналған «Тәуелсіздік- ел тілегі» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Елім менің, тәуелсіздік жерім менің,

Күннен алған шуаұты өмір демін.

Рухым ұлттық өсіпті, өлместей боп,

Көк байрағың төбемнен көрінген күн!

Қазақ деген қалың жұрт,

Бәрін кешті басынан.

Тәуелсіздік туыңды

Биік көтер жас ұлан!

Жүргізуші: Тәуелсіздігімізге арналған салтанатты мерекемізді еліміздің әнұранымен бастайық.

Бала: Рәміздеріміз - елдігімнің белгісі,

Білу керек балаға дейін ең кіші,

Гимн, көгілдір Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.

Жүргізуші: Міне балалар, бүгінгі күн, бүгінгі қуаныш, бүгінгі мереке, біздің ата-бабаларымыздың, аналарымыздың аңсап, армандап, сол арманның орындалған күні.Яғни тәуелсіз Қазақстанымыздың тәуелсіздік алған күні.

Бала: Апай, сіздің армандаған, аңсаған деген сөзіңіз қалай?

Жүргізуші: Иә, Еркебұлан осы тәуелсіз күнге біздің құрбан болып кеткен аға-апаларымыздың ерлігі шексіз.Сендер бұл оқиғаны мектепте қайталап оқйсыңдар.Аға-апаларды 1 мин еске алайық.

Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Республика болып жарияланды.Осы күнге жету үшін талай қиыншылықты басынан кешірді.1986 жылдың

Көрініс: «Қайраттың ақтық сөзі»

Қайратты қолын кісендеп, екі адам алып келеді.Сот залынан көрініс.Сот шешімі оқылады: (Үстел басында прокурор отырады.Қайрат қарсы алдында отырады)

Қазақ ССР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот коллегиясы 1987 жылғы 16 маусымындағы үкіммен Қ.Рысқұлбековты қылмыстық істер кодексінің 60-бабы бойынша қылмысты деп тауып, ең жоғарғы жаза өлім жазасына кесті.Айыпкер ақтық сөзіңді айт:

«Жарайды, қазақ халқы үшін мен-ақ құрбан болайын.Бірақ, айналайын жұртым, менің адал екенімді, қандықол емес екендігімді біліңдер»

Күнәдан таза басым бар,

Қазақ деген атым бар,

21-де жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең,алыңдар.


Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты-құрбандық,

Атам десең атыңдар.


Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген хош бол, таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.


Хош аман бол артымда,

Ағайын-туған, азамат.

Артымда қалған ата-анам,

Ел-жұртым, саған аманат! (2 адам алып кетеді)

Жүргізуші: Балалар, біздің жеріміз, орман, тау,өзен, көл, өмір сүретін ортамыз бәрімізге ортақ.Осыны ешқашан естеріңнен шығармаңдар.

-Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан Республикасында

-Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

-Елтаңба, Көк Ту, Әнұран.

1-бала: Мынау-Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы.Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды, пішіні төртбұрышты.Көк аспандай көгілдір, ортасында күн шуағы, астында қыран бүркіт ұшып келе жатыр,шеті өрнекпен өрнектелген .Қазақстанда тұратын барлық халықтардың өмірі күндей жарқырап, қыран бүркіттей ұша берсін дегені.Көгілдір тудың авторы: Шәкен Ниязбеков

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашан да,

Биікке іліп қояды.

2 бала: Мынау-Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы.Елтаңбада шаңырақ, күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.Пішіні дөңгелек, екі шетінде қос тұлпар.Елтаңбаның авторы: Шота Уалиханов. Жандарбек Мәлібеков.

Әнұранның авторы: Н.Ә.назарбаев. Жұмекен Нәжімеденов, Шәмші Қалдаяқов

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Жүргізуші: Біз туған жерімізді, еліміз, шөбімізді, көгімізді, қанымыз тамған жерімізді бір сөзбен «Отан» деп атаймыз.Ендігі кезекті Ермек Өтетілеуовтың «Отан»әніне берейік.

Отан туралы мақал-мәтелдер:

1.Отан-оттан да ысытық.

2.Отансыз адам -ормансыз бұлбұл.

3.Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

4.Жері байдың елі бай.

5.Өнерлі елден өнерлі ұл-қыз шығады.

6.Ердің атын еңбек шығарады.

7.Ата қоныс-алтын мекен.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет.

-Біздің елбасымыз кім?

-Елордамыз қалай аталады?

-Қазақстан қандай мемлекет?

-Тәуелсіз мемлекет.

Хор «Ақкөгершін»

Жүргізуші: Аян мен Расул, Отан туралы салған суреттерін алып келеді.

Аян: Менің атым-Аян, тегім Қанат, жасым 4-те.мен Қазақстанда тұрамын.Мен Қазақстан туралы сурет салдым.Отаным-менің қуанышым.

Бақыт ел-бұл Отан,

Бұл Отанды сүйемін.

Біздің Отан-Ұлы Отан,

Мен отанды сүйемін.

Расул: менің атым-Расул, жасым алтыда.Менің Отаным-Қазақстан.Біз бәріміз тату-тәтті өмір сүреміз.

Отан-туған үйіміз,

Отан-туған жеріміз.

Отан-ортақ үйіміз,

Отан ән мен күйіміз.

Жұмбақ: Еліміздің тірегі,

Жеріміздің жүрегі.

Бас қаланың есімін

Қане, кім біледі? (Астана)

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен,

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті балаларымыздың хорына береміз:

«Ел қорғауға әзірміз!»

Соңында:

Міне, бүгінгі еліміздің тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Құрметті бүлдіршіндер, ата-аналар, сізде еш уақытта қиындық көрмеңдер.Ел тыныш, халқымыз аман болсын, бейбіт күніміз жарқын болсын.Әрқашан аспанымызда күн сөнбесін.Тәуелсіз еліміздің көк байрағы желбіресін.

Биік ұш бейбітшілік көгершіні,

Асып өт келер мұхит келер шыңды.

Қанатыңды қаққанда бірге естілсін,

Әлемге жас ұрпақтың өршіл үні!



© 2010-2022