Картотека Артикуляциялық жаттығулар жиынтығы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№1 «Күрекше».

Картотека Артикуляциялық жаттығулар жиынтығыТіл босаңсытылады, жалпақ күйге енгізіледі де, төменгі ерін үстіне қойылады. Осы қалыпта бірнеше секунд ұстап тұру керек.

№ 2 «Чашечка» «Шәшке».

Картотека Артикуляциялық жаттығулар жиынтығы Ауыз кең ашылады, жалпақ қалыптағы тіл жоғары көтеріледі де, шәшке формасы беріледі. Тілдің шеттері тіске тимейді.

№ 3 «Иголочка» «Инеше»

  • Картотека Артикуляциялық жаттығулар жиынтығы«Инеше» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.

№4 «Горка» «Төбешік»

  • Картотека Артикуляциялық жаттығулар жиынтығы «Төбешік» - ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.

№5 «Трубочка» «Түтікше».

Картотека Артикуляциялық жаттығулар жиынтығы Тіл ауыздан шығарылады да, түтікше түріне енгізіледі. Жаттығуларды алдымен жайлап, айна алдында жасалады, сонан соң біртіндеп жоғарырақ ырғаққа көшу керек. Әрбір жаттығу 10 секундтан 6-8 рет орындалады.


№ 6 «Часы» «Сағат»

  • Картотека Артикуляциялық жаттығулар жиынтығы «Сағат» - тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

  • «Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

№ 7 «Дәмді тосап»


Картотека Артикуляциялық жаттығулар жиынтығыМақсаты: жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе (ожау) тәрізді қалыпта ұстауын үйрету.

Қысқаша сипаттамасы:Жалпақ тілмен жоғары ерінді жалап,ауыз қуысына кіргізу.

Әдістемелік нұсқау.1. Жаттығуда орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің қимылдамауын қадағалау кере.2.Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрыштарына тиіп тұруы керек.3.Тіл оңға-солға емес, тек төмен және жоғары қозғалу керек.4.Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя-пя-пя» жаттығуына оралу қажет.Бала тілін жалпақ қалпына келтірген сон шпательмен тілді жоғары ерінің үстіне қайыру керек.


№ 8 «Ат шауып келеді»

Картотека Артикуляциялық жаттығулар жиынтығы «Ат шауып келеді» - ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру - айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады

№ 9 «Грибок» «Саңырауқұлақ»

  • Картотека Артикуляциялық жаттығулар жиынтығы «Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

№ 10« Гармошка»

Картотека Артикуляциялық жаттығулар жиынтығыАуызды ашып, гармошканың жұмыс жасау қалпын көрсету. Қайталап ауызды қатты ашып, тілді жоғарғы қалыпта ұстау керек.

№ 11 «Әткеншек»

Картотека Артикуляциялық жаттығулар жиынтығыМақсаты: тілдің қалпын тез өзгерте білу дағдысын қалыптастыру.

Қысқаша сипаттамасы: Жымиіп, тістерін көрсетіп, аузын ашып, жалпақ тілді астынғы тістердің артына (ауыз қуысының ішінде) орналастыру. Осы қалыпта тілді жоғары көтеріп дәл осылай істеу керек.

Осылай тілдің қалпын 4-6 рет өзгерітіп, жаттығуды қайталау керек.Осылай тілдің қалпын кезекпен 4-6 рет өзгертіп, жаттығуды қайталау керек.

Әдістемелік нұсқау. 1. Жаттығуды орындаған кезде тек тіл қимылдау керек, ерін мен жақтың қозғалмауын қадағалау керек.

№12 «Жылан»

«Жылан» ауызды кең ашып, тілді молырақ алға қарай жылжытып жіңішкертіп, қатайтып ұстап, сосын осы қалыпта ауыз қуысына ақырындап кіргізу.

№13 «Сылақшы»

ауыз сәл ашық, тілді шығарып әуелі жоғарғы ерінді, сосын төменгі ерінді жалау. Бағытын өзгерте отырып 10-15 рет қайталау.

№14 «Параход»

Мақсаты: тілді жоғары көтеріп үйрету, тілдің алдыңғы жағынның қимыл-қозғалысын жетілдіру.

Қысқаша сипаттамасы:ауызды кішкене ашып ы дыбысын ұзақ айту.

Әдістемелік нұсқау.1. Тілдің ұшы төмен және ауыз құысында терең орналасуы керек, ал тіл арқасы таңдайға қара көтеріңкі болуы керек.


№ 15 «Күркетауық»

Мақсаты: тілді жоғары көтеріп үйрету, тілдің алдыңғы жағының қимыл-қозғалысын жетілдіру

Қысқаша сипаттамасы: Ауызды аздап ашып, тілді жлғарғы ерінге,қойып тілдің жалпақ ұшын алға-артқа жылжытту керек.Тілді еріннен ажыратпау керек- ерінді сипағандай.Алғашқыда тіл қимылы баяу, содан кейін жылдамдатып, дауыс қосылады.

Әдістемелік нұсқау.1. Тілдің жалпақ, қимылы артқа-алға болуын қадағалау керек.2.Тілмен жоғары ерінді «жала» керек.

Еріннің қозғалу қабілетін дамытуға арналған жаттығулар:

С/р

Жаттығу атауы

Орындалу әдістемесі

№16

қаша

Тістер біріктірілген, ерін күлімдейд

№17

тоқаш

Еріндер біріктірілмеген, дөңгеленіп тұрады

№18

керней

Біріктірілмеген еріндер алға қарай созылады

№19

пілдің тұмсығы

Еріндер біріктірілген және алға қарай қатты созылады

№20

үйректің тұмсығы

Еріндер біріктірілген, алға қарай созылады - жоғарғы ерін жоғары қарай көтерілген, ал төменгі төмен қарай түсірілген

№21

терезе

«Ыстық» - ауыз үлкен болып ашылады, ауызды жабу - «суық»

№22

шар

Ұртты толтыру, ауаның бәрін шығарып ұртты жинау




Тілдің қозғалғыштық қабілетін дамытуға

арналған жаттығулар:

С/р

Жаттығу атауы

Орындалу әдістемесі

№23

құймақ пісіреміз

Жымиып, ауызды ашамыз, тілдің алдыңғы бөлігін төменгі ерінге саламыз. Тілді бірқалыпты,жағдайда санау арқылы 1-ден 5-ке дейін, дан кейін 1-ден 10-ға дейін ұстап тұру керек.

№24

ұн илейміз

Жымиып, «пя-пя-пя…» деп тілмен еріндер арасында шалпылдату.

№25

тісімізді тазалаймыз

Жымиып, тістерді көрсету. Ауызды ашып, тілдің ұшымен жан-жаққа, одан кейін жоғарыдан төмен қарай қозғалыстарды жасау.

№26

тіліміздің күші көп

Тістер біріктірілген, тіл төменгі, одан кейін жоғарғы тістерге күшпен басады.

№27

баспалдақтар

Тілдің ұшы кезек-кезек біресе жоғарғы, біресе төменгі тістерге тиеді.

№28

тарақ

Жоғарғы тістер тілді «тарайды».

№29

дәмді тосап

Жымиып, ауызды ашып, «кесе» түрдегі жалпақ тілмен жоғарғы ерінді жалау.

№30

құлыншақ

Еріндерді созып, ауызды ашып, жіңішке тілмен тырсылдату.

№31

саңырауқұлақ

Жымиып, ауызды ашып, тілдің жалпақ бөлігін көтеріп, таңдайға керіп, ұстап тұру.

№32

кеме келе жатыр

Жымиып, ауызды ашу, күшпен «ы-ы-ы…» деп айту.


Дыбыс артикуляциясын дамытуға

арналған әзіл-жаңылтпаштар.

№33

аз-аз-аз

Құдықты каз.

Қаңқылдайды қаз.

Келіп қалды жаз.

Болып қапты жаз.

Атаңа хат жаз.

№34

ақ-ақ-ақ

Астында болсын тақ!

Алла болсын жақ!

Басыңа қонсын бақ!

Атам маған жақ.

Гүлденіп кетті бақ

Әжем маған жақ.

Боларсың өркез сақ.

Секіреді лақ.

Шұнандайды лақ.

Сылдырайды бұлақ.

№ 35

ер-ер-ер

Қасиетті жер.

Төгілді көп тер.

Жемістерді тер.

Аға соңынан ер.

Сұрағанын бер.

лау-лау-лау

Желбірейді жалау

Лапылдайды алау.

№36

ән-ән-ән

Қамба толы дән.

Әжем айтқан ән.

Құрып жүргін сән.



© 2010-2022