Қарттарым - асыл қазынам

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қарттарым - асыл қазынам»

Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, «Қарттар - тарих, қазына, ел қазығы» тақырыбындағы кітап көрмесі, нақыл сөздер.

Барысы:

І.Кіріспе сөз:

А) Келген қонақтарды қарсы алу.

ІІ. Негізгі бөлім:

Ә) Қарттарымыз қазына екендігін түсіндіру;

Б) Қарттар күніне арналған ақын жазушылардың өлең шумақтары;

В) Аталарымыздың оқушыларға берер ақыл кеңестері, оқушылардың сұрақтары;

С) Концерттік бағдарлама.

ІІІ. Қорытынды.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар,ақ жаулықты аналар мен асқар таудай әкелер!

«Қарттарым - асыл қазынам» атты бүгінгі мерекемізді ашуға рұқсат етіңіздер.

Қарттарым жүректерің неткен дархан,

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен

Оқитын келешекте бір-бір дастан.

Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,

Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.

Тербедің көктем бағын самал болып

Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,- деп асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз болып аман-есен жүре беріңіздер.

Шақырады ойнасақ гүл даламыз,

Туған жерден нәр алып нұрланамыз.

Аманкелді мектебінде оқып жатқан

Жеткіншектер өнерлі біз боламыз.(Мектеп оқушыларының құттықтауы)

Сұрақ-жауап.

1. Қариялар - ақылды дариялар.Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазір таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме?

2. Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз?

3. Қазақстанның болашағы - жастардың қолында дейді, сондықтан біз сияқты жастарға берер ақыл кеңестеріңіз?

4. Сіздердің жастық уақыттарыңыз бен қазіргі таңдағы жастардың қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыздар?

5. Алдағы уақытта Қазақстанның болашағы қандай деп айтар едіңіз?

6. Қарт, ақсақал, ата сөздерінің айырмашылығы неде?(Қарияларымыз оқушылардың сауалдарына жауап береді)

Шәкірттердің тыңдап жауап-сұрағын,

Жас санаға құйып білім шуағын.

Хат танытып жол сілтеген өмірге

Барша жанға құрметті адам мұғалім.(Ұстаздар қауымы сөз алады)

60 жас - адам жасы асқаралы,

Алыс емес қарттықтың басталары.

Аман боп туыстармен қарсы алыңыз

70,80,90-дай басқаларын.

Ауыл шежіресі - өткен тарихымыздың сан алуан қырынан елес беріп, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге боларлық.Ауылымыздағы мақтан тұтар аталар мен әжелеріміз мақтанышымыз - сіздерсіздер! (аталарымызға сөз беріледі)

Ақылгөйім, асқар тауым ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса құлама.

Ер жетсем де еркелігім қалмайды

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана.

Тербетіп ақ бесікте аяладың,

Бойдағы ізгілікті аямадың.

Анашым өзіңсің ғой сүйенерім,

Анашым өзіңсің ғой сая бағым.(Сөз кезегі ақ жаулықты аналарымызға беріледі.)

Өмір оты ерте өшірілмесе, адам баласының қартаюы табиғи заңдылық. Қарттардың тілегі - ел амандығы, жұрт тыныштығы. Уайымы сырлассыйлас қатарының сирегі. Олар бүгінгісін ғана ойламайды, өткен өмір жолын зерделеп, алдын болжауға тырысады.Қарттар - кісіліктің төресі.

«Бала өсіргің келсе, дана жүректі қатты ұста, үйрет білім, ізетті»,- деп Әбу Насыр әл-Фараби айтпақшы, аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді баларларға халықтың асыл қазынасы саналатын қарттарымыз жас ұрпақтарға үйретіп, айтып отырайық.

Мейірімі мол ананың

Жүрегі жылы қолы кең.

Кең пейілді атаның

Жүзі жылы жолы кең.

Аталар - асқар таудай қорғанымыз,

Аналар - саясы мол орманымыз.

Қызығын ұрпағыңның көре берші

Жортқанда бола берсін жолдарыңыз.

Құрметті қонақтар, сіздердің уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет.

© 2010-2022