Тәрбие сағаты Даярлық сыныбы

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Күзгі бал

Мақсаты: Оқушыларға күзгі бал туралы түсінік қалыптастыру. Күз байлығы не екенін түсіндіру. Оқушылардың тілдік шеберлігін, өзін-өзі еркін ұстай білу дағдысын дамыту. Күзгі еңбек және табиғатты сүйе білуге, қорғауға тәрбиелеу.

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

- Құрметті ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі "Күзгі бал" мерекесіне қош келдіңіздер. Бірінші сыныптар арсында өтетін "Күзгі бал" мерекесін ашуға рұқсат етіңіздер.

Кіріспе сөз: Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда адамдар күзге "берекелі күз", "алтын күз" деп баға берген. Жылда "алтын күз" мерекесін өткізу дәстүрге айналған. Міне, бүгін біздерде сол дәстүрдің жалғасы ретінде "Күзгі бал" атты кешті бастаймыз.

Сайысымызды бастамас бұрын қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Әділдікпен баға берер оқушыға

Әділдікпен қара қылды жаруға

Әділ қаза алқасын сайлайық,

Үздік топты таңдап бүгін алуға.

Әділ қазылар:

.

Күзгі балға қатысушы сайыскерлерді шақырайық.

1. Жадыраған жайдары жаз күніндей

Жүйрік әркез көз жанары күлімдей

Шақырамыз Рамазан мен Айжанды

Алғы сапта жүре бер тек сүрінбей.

2. Арамызда балалар көп танымал,

Өнерімен білімімен танылар.

Қарсы алыңдар Дәуітияр мен Шынарайды,

Айтар сөзін назар салып қабыл ал.

3. Би билетіп дөңгелектеп сахнаны

Өздеріне жарасқан әсем сәні.

Ортада Данияр мен Нұрлысәтті

Шақырамыз кешіміздің төріне

4. Қошаметпен қарсы алайық ортаға

Сайыстардан қатысушы қорқана

Дидар мен Аружан келді бақ сынап

Шақырайық демеу беріп ортаға

5. Қане-қане ортаға шақырайық

Сын көзбен көрермендер бақылайық

Тимур мен Аружанды қарсы алайық

Атымызға болайық әркез лайық

Сайыскерлер өздерінің номерін алады.

Байқаудың өту барысы 4 бөлімнен тұрады.

1. Таныстыру.

2. Өнерлі өрге жүзер.

3. Білімді мыңды жығар.

4. Сән үлгісі.

Сонымен алғашқы сайысымызды бастаймыз.

Таныстыру ортада 1 жұп.

Әділқазылар әр тур өткен сайын бағалап тұрады. Жоғары бал 5 ұпай.

ІІ. О заманда ашқан қазақ өнер сырын.

Шақырған сайыстарға бірін-бірін

Тыңдайық тамашалап көрермендер

Көрсетеді өз өнерін сайыскерлер.

ІІІ. Білікті бірді жығар

Білімді мыңды жығар.

Келесі бөлімде өз білімімізді көрсетейік. Әділқазылар алдындағы сұрақтарды суырып жауап береміз.

Бағасын әділқазылар береді.

ІҮ. "Сән үлгісі"


Қорытынды: О, жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір күрес, жеткіземе мұратың

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжіме

Қатысуда бір жеңіс жан болсаң сен ұғатын.

Сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Біздің бүгін "күзгі бал" атты сайысымыз өз мәресіне жетті.

Қош сау болыңыздар!







Тәрбие сағаты Даярлық сыныбы

Тәрбие сағаты Даярлық сыныбы

Тәрбие сағаты Даярлық сыныбы

Тәрбие сағаты Даярлық сыныбы

Тәрбие сағаты Даярлық сыныбы

© 2010-2022