Тәрбиеші мейірімді жүрек атты тәрбиешілер сайысы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Тәрбиеші мейірімді жүрек»

Жоспары:

І. Ашылу салтанаты

ІІ. Жүргізушінің құттықтау сөзі

ІІІ. Сайыстың өтуі

ІҮ. Марапаттау, номинациялар беру

Ү. Қорытынды

Мақсаты: Тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, педагогикалық жағдайларды шешу. Ұжымда ауызбіршілікті нығайтуға бағытталған. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Шарты:

  1. Топтың атын таныстыру, ұраны

  2. Шебер қолдар ( қолдан жасалған бұйым)

  3. «Тапқырлық танытыңыз» (жағдаяттар қою)

  4. Мақал-мәтел (жалғасын табу)

  5. Тәрбиеші-әртіс («Бауырсақ» ертегісін сахналау)

  6. Үй шаруасы сайысы (Дастархан мәзірі)

Жүргізуші: - Құрметті әріптестер, ұжымдастар! Бүгінгі «Тәрбиеші мейірімді жүрек» сайысына қош келдіңіздер! Сайысымызды бастамас бұрын ясли-бақша меңгерушісі Ақкенже Уалиханқызына сөз кезегін ұсынамыз!

Жүргізуші: - Бүгін бізде үлкен мереке! Қазіргі қоғам жастардың бойына адами құндылықтары сүйіспеншілік, мейрімділік, әділдікті сіңіріп тәрбиелеуді көздейді. Рухани тәрбие балалық шақтан бастау алып, адам өмірінің әр кезеңінде дами отырып нәтижесінде дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге өріс алады. Ал осы құндылыққа жол ашатын - тәрбиеші, яғни педагог. Тәрбиеші тәрбие ғана беріп қоймай, Абай атамыз айтқандай
«Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тапта бар қалан»,- дегендей болашақтың бақыт жасын салады. Мұндай ізденіс - бүгінгі таңда біздің тәрбиешілеріміздің бойында ұшаң теңіз.

Тәрбиеші...
Осы сөзде қаншама ұлылық бар
Жүрегінде маздаған жылылық бар
Ол сен үшін тер төккен бекзат қауым
Ұстаздығы сан сырды ұғынып қал.

Журекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты тәрбиешіге шын көңілден
Жолдаймыз сәттілік пен сәлем бүгін,- дей келе «Индиго» тобы мен «Сүмбіле» тобына қол соғып қошеметтеп қояйық. «Индиго» тобының топ басшысы - Қартбаева Гүлдана, «Сүмбіле» тобының топ басшысы - Сәрсенбаева Жаухар.Топ мүшелері дайын болса, сайысымызды бастайық. Сайысымызды бастамас бұрын, сайыс шарттарымен таныс болыңыздар:


  1. Топтың атын таныстыру, ұраны

  2. Шебер қолдар

  3. «Тапқырлық танытыңыз»

  4. Мақал-мәтел

  5. Тәрбиеші-әртіс

  6. Үй шаруасы сайысы

Ендеше сайысқа әділ төрелік ететін әділқазы төрайымы мен мүшелерін таныстырып өтейін.

Әділқазы төрайымы:

Ясли-бақша меңгерушісі: Ақкенже Уалиханқызы

Мүшелері:

Әдіскер: Ақмарал Рысбекқызы

Шаруашылық меңгерушісі: Қалымбетова Бибігүл

Енді қай топтың бірінші бастайтынын жеребе тастау арқылы анықтаймыз. Олай болса, екі топтың топ басшысы менің қолымдағы жеребені ашып көру арқылы қай топ бастайтынын анықтап берсін. Құрметті әріптестер, сайысымыздың қай топтың бірінші бастайтыны анық болды, олай болса 1-бөлім бойынша таныстыру. Топтың атын таныстыру, ұрандарын айту.

(Әділ қазылардан әр бөлім бойынша ұпай санын сұрап отыру).

Жүргізуші: - 2- бөлім «Шебер қолдар», яғни тез, әрі сапалы қолдан қандай да бір бұйым жасап шығару.

Жүргізуші: - 3- бөлім «Тапқырлық танытыңыз» екі топ 4 жағдаяттан қояды.

Жүргізуші: - 4 - бөлім мақал-мәтел жалғасын табу .

Жүргізуші: - 5- бөлім «Тәрбиеші - әртіс» «Бауырсақ» ертегісін сахналау, шеберлігіне баға беру, екі топты салыстыру.

Жүргізуші: - 6 -бөлім үй шаруасы сайысы дастархан мәзірін дайындау.

Әділқазылар алқасының шешімі дайын болғанша Сәрсенбаева Жаухардың әнін қабыл алыңыздар.

( Әділқазылар шешімін тыңдау, мадақтамалар табыстау).

Жүргізуші: Ұядағы балапан қақты қанат

Қарға емес, қыранға өзін балап.

Жас қанатта жетеді мұратына

Болса егер таудан да биік талап

Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сау болыңыздар.


© 2010-2022