Ашық қаралым: «Қыс ғажайыптары»

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Қыс ғажайыптары»


Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: «Қатынас»

Мақсаты:

Білімділік: Жыл мезгілі қыс туралы түсініктерін кеңейту, өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуін, сурет көріністерін бейнелей білуге үйрету, өз ойын толық жеткізе білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету, бұған дейін алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Балалардың сөйлеу әрекетін, тілін, есте сақтау қабілетін, көркемдік талғамын, ой - қиялын дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілі: Әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, ғажайып сәт, ойын, сергіту әні.
Көрнекілігі: Орман көрінісі, қыс туралы, бейнелі суреттер, магнитті тақта, тіс пастасы, сүрткіш, аққала, шырша, ағаштар, аю, қоян, түлкі кейіпкерлері.

«Бұл жылдың қай мезгілі?» өлеңін оқу.
Шанамен зырғып желетін
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
- Қыс мезгілі
- Жарайсыңдар, балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
- Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
- Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
(Қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
- Қатты аяз болып тоңғанда не істейміз?
(Қолдарын қусырып, аяқтарын топылдатады)
- Ал күн шыққанда не істейсіңдер?
(Алақай, деп қолдарын көтереді)
- Жарайсыңдар, осындай тамаша көңіл - күймен орманға барғыларың келе ме?
- Ия, барғымыз келеді.

Балалар орманға бармас бұрын қардың қасиеттерімен танысып алуымыз керек.

Тәжірибе жасату. (қар, су,мұз)

- Ендеше, менің сиқырлы қалпағымның көмегімен біз орманға барамыз. Қане, бәріміз көзімізді жұмамыз.
(Балалар көздерін жұмады, ашқан кезде орман көрінісі көрінеді)
- Міне, балалар, біз орманға келдік. Орманнан нелерді көріп тұрмыз?
- Қар басқан шыршалар, ағаштар, аққала, үйілген қарлар. Айналаның бәрі аппақ

- Шыршаның түсі қандай?

- Түсі жасыл

-Бойлары бірдей ме?

-Бойлары биік және аласа

Интерактивный тақтадан қысқы жануарлардың суреттері
- Орманда тағы нелер бар екен?
- Аңдар бар.
-Қандай жабайы аңдарды білесіңдер?
(Балалар аңдарды атайды, қоян көрінеді)

- Ой, қандай тамаша! Балалар қоян қандай аң?

-Қорқақ,сақ.

-Қоян түсі қандай?

-Ақ

-Неге ақ?

-Жануарлардан қорғану үшін

-Балалар қоянды жақынан көргілерің келеме?

-Ия

-Олай болса біз қоянның тапсырмасын орындайық

«Айырмашылығын тап» дидактикалық ойын

-Жарайсыңдар балалар тапсырманы дұрыс орындағандақтан қоян сендерге рахмет айтып тұр.


- Балалар, мына ағашқа қараңдаршы, жапырақтары бар ма?
- Жоқ
- Мынау ақ болып тұрған не?
- Ақ қарлар
- Балалар, мына жерде біреу бар сияқты, бұл не болды екен?
- Аю ғой
- Балалар, аю қыста ұйықтап жатады, шуласақ оянып кетеді.

-Ұйқыдағы аю туралы кім тақпақ біледі?

(Аюдың апанының қасында хат тұрады).

-Мына қорапшаны біреу жоғалтып алған сияқты, өзімізбен бірге ала кетейік, сұраса берерміз.

- Балалар, біз тоңып қалдық, аңдармен бірге сергіту ойынын ойнасақ қалай болады?
Сергіту сәті түлкіменен

- Ал, мынау не нәрсе?
- Бұл аққала
- Ия, біздің алдымызда да, балалар келіп, аққала жасап кеткен сияқты. Аққала неше бөліктен тұрады?
- Үш бөліктен тұрады
- Пішіні қандай?
- Пішіні дөңгелек.
- Ал түсі қандай?
- Түсі ақ.
- Аққаланы неден жасайды?
- Ақ қардан жасайды.

Аққаланың басында не бар?

Шелек

-Шелектің пішіні қандай?

-Төртбұрыш

- Балалар, біздің қайтатын уақытымыз болды, сиқырлы қалпақтың көмегімен балабақшамызға қайтайық. (Балалар көздерін жұмады)
- Міне, балалар, біз балабақшамызға да келдік. Қысқы орманнан не көрдік?(Балалардың жауабы)
- Балалар, орманнан тауып алған хатты ашып көрейік. Міне, қызық! Бұл жерде қыс мезгілін бейнелейтін суреттер бар екен. Бұларды құрастырайық.

Қорытынды. Сұрақ-жауап
- Балалар, біздің қысқы көрінісіміз бұдан да әдемі болу үшін, бәріміз бірлесіп қар жауғызсақ қайтеді? Ендеше, бәріміз кезекпен оң қолымыздың саусақ ұшымен ақ қардың суретін бейнелеп салайық.

(Балалар дәстүрлі емес әдіспен, тіс пастасын пайдалана отырып, қардың бейнесін салады)
- Ой, қандай керемет! Енді бәріміз «Көңілді қыс» әнін орындайық.




Күтілетін нәтиже:

Білуі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін ажыратып, атай біледі
Меңгеруі: Сурет бойынша әңгіме құрастырып айтуды, сұраққа толық жауап беруді үйренеді.
Жасай алуы: Бейнелі суреттерді құрастырып, қардың бейнесін саусақпен салады.

© 2010-2022