Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі жаңа әдіс – тәсілдер (педагогтарға арналған коучинг)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг тақырыбы: Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі жаңа әдіс - тәсілдер.


Мақсаты: Педагогтарға оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда ақпараттық технологияларды пайдалануды ұсыну. АКТ-ны қолдануда кәсіби қолдау көрсету. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер туралы түсініктер қалыптастыру, оқыту сапасын жақсарту үшін жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануға үйрету.


Сілтеме: Бейнесюжеттер,аудиосюжет, ғаламтор материалдары, презентация.


Оқыту нәтижесі: Педагогтардың оқытудың жаңа әдіс - тәсілдері туралы түсініктер қалыптасады, ақпараттық технологияларды өз тәжірибелерінде орынды пайдалана алады. Ұйымдастырлыған оқу іс-әрекеттерін беру әдістері өзгертеді. Балалар үнемі ізденіс үстінде болады.


Коучингте қолданылатын материалдар: А4 қағаздары, интерактивтік тақта(проектор), флипчарт қағаздары, түрлі түсті маркерлер


Топқа бөліну:
Педагогтар өздері тандаған смайликтері бойынша әр топқа бөлінеді.
Топтар бірін-бірі формативті бағалайды.(қолпаштау )


Кіріспе тапсырма: Тренинг «Ассоциация» әдістемесі.

Мақсаты: Тыңдаушылардың ойлау қабілетін, белсенділігін ,құпия сақтауға бейімділігін , мейірімділігін және алға қойған мақсатқа жету деңгейін анықтау.Салған суреттеріне қарай нәтиже өнделеді. Құлақ - үлкен болса , ол адамды тыңдауға бейімділігі .Аяқ - бұл өмірдегі белсенділік.Егер жүгіріп бара жатса , онда белсенділікті білдіреді т.б.Тыңдаушылар көздерін жұмып музыка тыңдайды (видеосюжет тыңдайды ). Пілдің суретін салады .


І -тапсырма: Ашық сұрақтар
 Әдіс тәсілдер туралы не білесіз?
 Сіз меңгерген әдіс -тәсілдерді қалай қолданасыз?

-Ақпараттық технология дегенді қалай түсінесіз?
Әр топ ортаға салып талдайды және ойларын ортаға шығып айтады.


ІІ- тапсырма

І -топ .Ақпараттық технологияларды қолдану барасында ұйымдастырылған оқу іс- әрекетіндегі қызығушылықты ояту және мәселені шешуде қолданатын әдіс - тәсілдер.
ІІ-топ. Ақпараттық технологияларды қолдану барасында ұйымдастырылған оқу іс- әрекетіндегі Тақырыпты меңгеру,бағалау және қорытындылауда қолданатын әдіс-тәсілдер.


Қорытынды:

Әр әдіс-тәсілдерге түсініктеме беріледі . Постер жасату.Постер қорғау.
Постер қорғаған соң формативті бағалау .


Бейнесюжет: «Менің және тәлімгердің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданатын әдіс-тәсілдер»
( іс-тәжірибемен алмасу) Педагогтар өз ойларын білдіреді.
Кері байланыс
Ендігі сіздің іс - әрекетіңіз қандай? Әрқайсысы пікірлерін білдіреді
Рефлексия жазу
Стикерлер арқылы өз ойларын жазады









№ 21 «Росинка» МдҰ



Тақырыбы: «Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетіндегі жаңа әдіс - тәсілдер».

(коучинг)



Өткізген: қазақ тілі пәні мұғалімі Г.А.Мусагалиева















© 2010-2022