Вариативтік компанент Шұбар тауық ертегісі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қуыршақ театры вариативтік компанент


Тақырыбы: «Шұбар тауық» ертегісі (сахналау)

Мақсаты: Балаларды таныс ертегіні аяғына дейін қызығушылықпен тыңдауға үйрету. Ертегі мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруін, кейіпкерлердің қимылдарын көрсете отырып, ертегінің мазмұның айтып беруге үйрету.

Ойын құралдары: Қуыршақтар, ойыншықтар.

Ойын барысы:

Автор: Ертеде бір шал мен кемпір өмір сүріпті, олардың Шұбар тауығы болыпты. Бір күні тауық жай емес, алтын жұмыртқа тауыпты. Шал мен кемпір қуаныпты.

Шал: Кемпір, жұмыртқаны жарып көрсек қайтеді, мүмкін ішінде гауһар тас бар шығар?

Автор: Шал жұмыртқаны қасықпен ұрып-ұрып сындыра алмапты.

Кемпір: Әкелші мен жарып көрейін.

Автор: Кемпір де жұмыртқаны ұрып-ұрып сындыра алмапты. Тарсылды естіген тышқан інінен шығып, үстелдің үстімен жүгіріп бара жатып, жұмыртқаны құйрығымен қағып кетеді. Жұмыртқа еденге түсіп жарылып қалады. Шал мен кемпір жылайды.

Шұбар тауық: Ата, әже жыламаңыздар! Мен сендерге алтын емес жай жұмыртқа тауып беремін.

Автор: Көп кешікпей тауық бір себет ірі де тәтті жұмыртқа тауып береді. Осылайша олар бақытты өмір сүре береді.




«Ақбота» балабақшасы



Тақырыбы: «Шұбар тауық» ертегісі

Вариативтік компанент



Өткізген: Бейсенова А.Т.





















Арқалық қаласы

© 2010-2022