Открытый урок по казахскому языку на тему Я дыбысы мен әрпі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Я дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:
Я дыбысы мен әрпімен таныстыру.Я әрпіне байланысты сөздерді буындап оқи білуге дағдыландыру.
Буын туралы түсініктерін кеңейту. Сауатты әдемі жазуға баулу.
Я дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру және топпен жұмыс істеуге дағдыландыру
Табиғаттың әсемділігін сөзіне отырып, оны сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Я дыбысының баспа, жазба түрлері, тақырыптық суреттер,слайд

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.

Балаларды «Шаттық» шеңберіне шақыру:
- Балалар, амансыңдар ма, мен сендерді көргеніме қуаныштымын.

Білер қазақ баласы

Сәлем - сөздің анасы

Топқа келген қонақтарға

Әрдайым әдеппен

Ақ көңілмен,ізетпен

Біздер сәлем береміз.

1 слайд. Жұмбақ шешу

Жесең ащы,

Көзіңнен шығарар жасты. /Пияз/

Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады. /Аяз /

2 слайд. Әліппе-кітаппен жұмыс.

  • Аяз,пияз,қоян деген сөздерде біз қандай дыбыс естіп тұрмыз ?

  • Я дыбысы.

  • Я дыбысы И және А дыбыстарының қосылуынан жасалады. Бірақ бір әріппен белгілейміз.

  • Я дыбысы дауысты дыбыс.Сондықтан оны қызыл текшемен белгілейміз.

3 слайд. Қоян сөзіне дыбыстық талдау жасау.Қоян туралы мәлімет беру

Қоянның құлағы ұзын, құйрығы үлпілдеген қысқа. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарына қарағанда ұзын.

Және көзі басының ортасында емес, екі жағында орналасқан. Ол артынан, не жанынан кездесіп қалған аңды тез байқап қалады. Тісі өткір.
Қояндар өзіне үйшік дайындамайды, қысқа азық жинамайды. Бұта түбінде, орман жиегінде тіршілік етеді.

4 слайд. Я әрпіне байланысты сөздерді суреттердің ішінен топтастыру.

5 слайд. Дәптермен жұмыс

Я әрпін дәптерге әдемі,ұқыпты етіп жазу

6 слайд. Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы -қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

7 слайд. Ойын «Сөйлемді жалғастыр»

Анам пияз ...

Шаян ...

Құс ұясын ...

Арман әдемі тақия ...

Аян мектепте ...

Ұябай қоян ...

Қорытынды:

  • Балалар біз қандай дыбыспен таныстық ?

  • Я әрпі қандай дыбыс ?

  • Қандай текшемен белгілейміз ?

  • Я әрпіне байланысты қандай сөздермен таныстық ?





Ақмола облысы

Егіндікөл ауданы

Тоғанас ауылы

Жаңақөоныс негізгі мектебі


Я дыбысы мен

ә р п і




(даярлық тобы)



Өткізген:

Мұхамеджанова Г.Р







2014-2015 оқу жылы

© 2010-2022