Қоршаған ортамен танысу Тәуелсіз Қазақстан

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «Қоршаған дүниемен таныстыру

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан.

Мақсаты:

1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы туралы түсінік беру.

2. Отанымыздың байлығы туралы, жеріміздің үлкендігі туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Балалардың Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Қостілді құрам: әнұран- гимн, ту-флаг, тәуелсіз-независимость.

Негізгі іс-әрекет бөлімдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Дидактикалық көрнекіліктер

Балалардың

іс-әрекеті.

Мотивациялық

қозғаушылық


Балалар шаттық шеңберге отырайық

Күлімде, күн күлімде,

Жер жасарып көгерсін.

Кешегіндей бүгін де,

Қанат қақсын көгершін.

Балалар шеңбер жасап тұрып қайталайды.

Ізденістер.

Ұйымдастыру.








Сергіту сәті.

Дидактикалық ойын.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Балаларға сұрақ-жауап және көрнекілік әдістері арқылы Қазақстан Республикасы туралы түсіндіреді, әңгімелейді.

-16 Желтоқсан-еліміздің ең үлкен, ең басты мерекесі. 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды.Осы тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Ләззат Асанова сынды қазақтың батыр, қаһарман ұл-қыздарының арқасында келді. Олардың тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ.

Б. Исаевтың «Тәуелсіз елім бар» өлеңі оқылады.

3. Сөздік жұмысын жүргізу.

Тәуелсіз-толық еркі бар, ерікті, бағынышты емес.

Егемен-өз билігі, бас бостандығы өзінде, тәуелсіз.

Отан туралы мақалдың мағынасын ашып, оны жаттатады.

Халықтың ортақ үйі-Отаны.

«Отан» әнін тыңдату.

«Жылы сөздер» ойынының шарты: Отан туралы пікірлерін білдіру.

Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындатады.


Қазақстан рәміздері суреттері




Әліппе дәптер





Қазақстан елі туралы суреттер.

Балалар Отан туралы ойларын әңгімелейді.




Өлеңді тыңдайды, сұрақтар қояды.

Мақалдың мағынасын түсінеді.


Әнді қосылып орындайды.

Отан туралы жылы с-здер айтады

«Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында сурет салады.

Рефлексивті түзету

Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.

Біздің елордамыз қай қала?

Балаларды мадақтау

Отан -біздің ортақ үйіміз.

Ту, Әнұран, Елтаңба.

Астана.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді: Қазақстан еліміз туралы

Қолданады: әнұранды орындайды.

Түсінеді: рәміздер туралы



© 2010-2022