Ертеңгілік Отанды мен сүйемін

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.

Көрнекілігі: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың суреті,мемлекеттік рәміздер, әнұранның фонограммасы,слайд .

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру ,сұрақ-жауап, өлен, би, сергіту.

Шаттық шеңбер:

Амансын ба, көк аспан!

Амансын ба, жер-ана!

Амансын ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам.

-Арайлаған танды сүйетін кім?

-Мен.

-Алтын сәулені сүйетін кім?

-Мен.

- Жарқын даланы сүйетін кім?

- Мен.

- Туған жерді сүйетін кім?

- Мен.

- Ата-ананы сүйетін кім?

- Мен.

- Досын сүйетін кім?

- Мен.

- Еліміздің болашағы кімдер?

- Біздер.

- Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30-тамызда 1995жылы өз Ата Занымыз қабылданды. 30 тамыз -мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталды. Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар.

Мемлекеттің барлық азаматтары-үлкендерде, балалар да-мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс.Өз еліңнің Туын, Елтанбасын және Әнұранның құрметтеу-өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау.

-Балалар, біз қай елде, Республикада тұрамыз?

- Қазақстан Республикасында тұрамыз.

- Қазақстанның елордасы қай қала?

- Астана.

- Елбасымыз кім?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?

- Иә. Олар: Әнұран ,Ту, Елтанба.

-Дұрыс, балалар сендер рәміздер туралы тақпақтар білесіндер ме?

Сауле: Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай үстінде қазақ үй.

Қалықтаған жас сұнқар.

Шарықтаған таза күй.

Бұл танбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Жания: Отан туы желбіреп,

Көз тартады құбыла.

Біз қараймыз елжіреп,

Туған жердің туына.

Нұрбақыт: Әнұраным-жан ұраным,

Айтар әнім,сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым,

Мәңгі-бақи шырқалады,

Республика әнұраны.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.

Cергіту сәті:

Көтеріліп шанырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер,

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.

Cуреттер көрсету.

Би: «Қара жорға»

Тәрбиеші: Конституция күні баршамызға құтты болсын! Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып «Конституция күні» атты тақырыптық сабақты аяқтау.



© 2010-2022