Үй құстары ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Қазақ тілі»

Күні, айы, жылы:

Тобы: мектепалды даярлық тобы.

Тақырыбы: Үй құстары.

Мақсаты: Үй құстары туралы түсінік беру. Үй құстарының пайдасы туралы түсініктерін кеңейту. Қойылған сұрақтарды дұрыс түсініп, толық жауап беруге үйрету. Балаларға жаңа сөздерді қазақ тілінде дұрыс айта білуге үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: тақырыпқа сәйкес суреттері бар слайдтар, көрнекі суреттер, интерактивті тақта, үлестірмелі материал, үй құстары-тауық, әтеш, үйрек, қаз, күркетауық, балапанның суреттері.

Әдіс-тәсілдер: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.

Қостілділік (билингвальді) компонент: Үй құстары - домашние птицы, тауық - курица, әтеш - петух, қаз - гусь, үйрек - утка, күркетауық - индюк, балапан - цыпленок, тұмсық - клюв, қанат - крылья, жұмыртқа - яйцо.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Шаттық шеңберіне тұрғызу. Сәлемдесу.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар?

- Сәлеметсіз бе!

- Балалар, шаттық шеңберіне тұрып, тақпағымызды айтайық!

- Арайлы таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз,

Қайырлы таң, балалар!

- Балалар, бүгін біздер үй құстарының фермасына келіп тұрмыз. Фермада үй құстарының көптеген түрлері өмір сүреді екен. Ендеше, танысайық!

Мысалы: бұл - тауық. Ал, мынау - әтеш.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, сәлемдеседі, тақпақтарын айтады.





Балалар үй құстарының атауын мұғалімнен кейін қайталайды.

Ұйымдастыру-шылық -

ізденістік

Мынау - тұмсық, мынау - құстың қанаты.

- Балалар, неліктен бұл құстарды «Үй құстары» дейміз?

Балалар: - Үйде мекендегендіктен үй құстары дейміз.

- Үй құстарының адамға қандай пайдасы бар?

Балалар: - Үй құстарының еті, сорпасы, жұмыртқасы адам ағзасына өте пайдалы.

- Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар!

Жаңылтпаш жаттайық!

Әтеш әнге басады,

Әтеш ұйқы ашады.

Сергіту сәті.

1,2,3

Қарлығаш боп ұш.

4,5,6

Қарлығаш боп шалқы.

7,8,9,10

Қарлығаш боп қон!

Дидактикалық ойын: «Қай құс жоқ?». Балалардың алдына үй құстарының суреттері қойылады. Балаларға: «Көздеріңді жұм!» деп, бір құстың суретін жасырып қоямыз. «Көздеріңді аш!» дегенде, балалар көздерін ашып, қай құстың суреті жасырылғанын дұрыс табуы керек.

«Ненің дауысы?» ойыны. Балаларға үй құстарының дауыстары аудиотаспадан жіберіледі. Балалар қай құстың дауысы екенін табулары қажет.

«Неше?» интерактивті ойыны. Экраннан бір үй құсының суреті көрсетіледі. Флипчарттың көбейту қызметі арқылы бала бірнеше құс жасайды және саны нешеу екенін айтады. Мысалы: мынау - балапан. Балапан бесеу немесе бес балапан.

Балалар үй құстарының пайдасы туралы айтады.





Жаңылтпашты қайталап, жаттап алады.

Балалар бой сергітіп алады.



Балалар қандай құс жоғалғанын айтады.



Балалар құстардың дауысын дұрыс табады.

Балалар интерактивті қаламды пайдалану арқылы ойнайды.

Рефлексиялық

- түзетушілік

Мұғалім балалармен оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытындылайды. Сұрақтар қоя отырып, жаңа тақырыпты бекітеді.
- Балалар, бүгін не үйрендіңдер?

  • Оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?

Балаларды мадақтап, ҰОІӘ-н аяқтайды.

Балалар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: үй құстарының атауларын дұрыс атауды, олардың пайдасын.

Игереді: жаңа сөздердің мағынасын.

Меңгереді: үй құстарын дауыстарынан ажыратуды, қойылған сұрақтарға жауап беруді.





© 2010-2022