Білім саласы: денсаулық Бөлімі: Валеология Тақырыбы: «Шұғыл қызмет телефоны»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні___________________

Білім саласы:денсаулық

Бөлімі:Валеология

Тақырыбы: «Шұғыл қызмет телефоны»

Мақсаты:1.балаларға шұғыл қызмет телефоны жөнінде түсінік беру.2.ой-өрістерін жетілдіру.3.ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар:қауіпті заттардың суреттері,шұғыл қызмет телефондары.

Сөздік қоры: балон,үтік,пышақ,т.б.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,сұрақ-жауап,жұмбақ,әңгімелеу.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивация-лық кезең

Ізденіс ұйымдастыру кезеңі








Рефлексия

1.Шаттық шеңбері:

Құан,шаттан!Алақай!

Қуанатын күн келді

Қайырлы таң!Қайырлы күн!

Күліп шықты бүгін де күн!

2.Кіріспе:өткен ережеледі естеріне түсіру.

-Өлең жолдарын оқу:

Күлкі деген керемет

Бәрімізге өте керек.

Жақсылықпен қуаныштың,

Белгісі болып есептеледі.

3.Релаксация: «жылы тілектер айту»

4.Сұрақ-жауап:

-Сендерді аналарың үйде жалғыз қалдырады ма?

-Аналарың сендерді жалғыз қалдырғанда не айтады?

-Үйде жалғыз қалғанда не істеуге болмайды?

-Үйдегі қауіпті заттарды атаңдар.

-Бейтаныс адамға есік ашуға бола ма?

-Кешке аналарың бір жерге кететін болса шамды жағып қойыңдар.

-Егер біреу есікті қағып естеріңді шығарса қандай шұғыл қызметіне қоңырау шалу керек?102

-Егер бір жерде өрт болып жатқанын көрсеңдер қандай қызметке қоңырау шаласыңдар? 101

-Ал егер біреу ауырып қалса,қандай қызметке телефон шаласыңдар? 103

-Полицияның,өрт сөндірушілердің,жедел жәрдемнің телефондарын сұрау.101,102,103.

6.Сергіту сәті:

Таза бала мұнтаздай

Сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп бұл қандай

Жақсы көрер бар адам.

Ұқыпты осындай

Болайықшы,досым-ай.

7.Дидактикалық ойын: «Кімдерді қай кезде шақыру керек?»

Шарты:болған жағдайға қарай қай көмек түрін шақы-ру керектігін айту.

8.Қортындылау:

-Бүгін не туралы әңгімелестік?

-Үйде жалғыз қалған кезде қандай ережелерді сақтау керек?

-Есіңде сақта:бейтаныс адамдарға есікті ашпа!

Көшеде бейтаныс адамның көлігіне отырма!

Бейтаныс адамның қолынан бөтен заттарды алуға болмайды!

-Өлең жолдарын қайталайды.


-өлеңді тыңдайды.


-әңгімені тыңдайды

-сұрақтарға жауап береді.

-сұрақтарға жауап береді



-өлең жолдарына қимыл жасайды.

-зейін қойып ойнайды.


-Сұрақтарға жауап береді.

Білу:шұғыл қызмет туралы түсінік алу.

Игеру: көмек көрсету қызметтерінің байланыс телефондарын білу.

Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу



© 2010-2022