Мастер класс. Қалдық заттармен жұмыс жасау. Тақырыбы: Айдарлы әтеш

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Білім беру саласы/ Образовательная область/: «Шығармашылық»/

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Жапсыру

Тақырыбы:Айдарлы әтеш.

Мақсаты: Үй құстары туралы түсініктер беру.

Міндеттері: қалдық материалдарды пайдаланып, әтеш көрінісін бейнелеу.

Қалдық материалдарды падаланып жапсыру арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Ұқыптылыққа,шыдамдылыққа тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер:әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.

Көрнекі құралдар : түрлі-түсті қағаздан қиып жапсырылған жәәне қарандаштардың ұшталған қалдықтарынан жапсырылған әтеш суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар:алдын ала сызып алынған әтеш суреті, желім, қылқалам, сүрткіш, түрлі-түсті қарандаштардың аршылған қабықтары (қалдық материалдар)

Қостілділік компоненті/ Билингвальный компонент/: әтеш-петух,

Сөздік жұмыс/Словарная работа: айдарлы, маңғазданып.

Шаттық шеңбері.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз

Ренжуді білмейміз

Қуанамын менде!,

Қуанасың сенде!

Атқан таңға қарап.

(Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын біргелікте айтады)

- Балалар қазір өлкемізде жылдың қайсы мезгілі? (күз)

- Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? (ауа райы салқындай бастайды, адамдар жылы киімдерін киеді,жапырақтар сарғайып жерге үзіліп түседі, егін пісіп жетіледі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді т.б.)

-Дұрыс айтасыңдар балалар дегенмен жылы жаққа ұшпай қыстап қалатын құстар да бар. Олар кептер, торғай, сауысқан, қарға.Оқу жұмысымызды бастамас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін тауып көріңдер.

Жұмбақ: Бұрап қойған сағаттай, айғайлайды таң атпай. (әтеш)

Мастер класс. Қалдық заттармен жұмыс жасау.Тақырыбы: Айдарлы әтеш

-Ал, әтеш қандай құс? (үй құсы)

Біз бүгінгі сабағымызда осындай әдемі айдарлы әтештің көрінісін қалдық материалдарды пайдаланып жапсырамыз. Ол үшін бізге түрлі-түсті қарандаштарды ұштағанда қажетсіз болып қалатын мынадай материалдарды пайдаланамыз. Жапсыруды бастамас бұрын бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Айдарын тарап басында ,

Қонды ағаш басына

Қыт-қыт деп, қыт-қыт деп,

Оятады баршаны

Жапсыру жолдарымен таныстыру.

Әтештің суреті сызылған дайын қағазды аламыз.

Жапсыруды әтештің құйрықтарынан бастап, бүкіл денесіне ұштағыштан шыққан қалдықтардың ирек сызықтары бар жағын, жоғарыға қарата отырып жабыстырамыз. Әтештің денесін жабыстырып болған соң, айдарына қызыл қарандаштан шыққан қалдықты пайдаланамыз. Тұмсығында дәл солай сүйір қалдықты жабыстырамыз.Ал, көздеріне ермексазды пайдаланып қара түсті түйме жабыстырамыз. Осылайша біздің әсем айдарлы әтешіміз дайын болады.

Мастер класс. Қалдық заттармен жұмыс жасау.Тақырыбы: Айдарлы әтешМастер класс. Қалдық заттармен жұмыс жасау.Тақырыбы: Айдарлы әтеш

Мастер класс. Қалдық заттармен жұмыс жасау.Тақырыбы: Айдарлы әтешМастер класс. Қалдық заттармен жұмыс жасау.Тақырыбы: Айдарлы әтеш

Қорытындылау

Міне біздің «Айдарлы әтешіміз» дайын болды.

-Әтеш қандай құс түріне жатады екен? (үй құсы)

- Әтеш қалай шақырады? (ку-ка- ре- ку)

- Әтешті қандай материалдарды пайдаланып жапсырдық? (қалдық материалдарды. Қарандаштарды ұштағанда пайда болған қалдықтардан).

Бүгінгі оқу іс-әрекетіндегі көңіл-күйлерің, шыдамдылықтарың үшін алғыс айтамын.






ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ

№7 «ҚУАНЫШ» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ЯСЛИ-САД №7 «ҚУАНЫШ» АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА ТЕМИРТАУ»



Мастер класс. Қалдық заттармен жұмыс жасау

Тақырыбы: Айдарлы әтеш.




Орындаған тәрбиеші

Алиева Г.С

2-санатты



Теміртау 2015ж











































































© 2010-2022