Жобалау технологиясының оқу процесінде алатын орны

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жобалау технологиясының оқу процесінде алатын орыны.

Жобалау технологиясының оқу процесінде алатын орыны.

Оқу барысында оқушыны өз бетімен іздендіре отырып, өзіне деген сенімділік күшін тудырып, өз ойын агық жеткізе біліп, дұрыс шешім қабылдауға, яғни жеке тұлға болып қалыпиасуына бейімдеу қажет.

Дәстүрлі сабақ беру жүйесінде оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру мүмкін емес.21 -ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі- мектеп білімін жаңарту.Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.

Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені- бүгінгі күн талабы.Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.

Бұл технология әлемдік педагогикада жаңлық емес. Ағылшын тілінен аударғанда «cooperative learninq»- бірге үйрену деген

аударғанда «cooperative learninq»- бірге үйрену деген мағананы білдіреді.

Түсінджірме сөздікте оған төмендегідей анықтама беріледі:Жобалау технологиясы- оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі.

Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2- ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған.Оның негізін салған-Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ Дьюидің ілімін жалғастырушы- Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің прфессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау- бұл технологияның негізі. «Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ло кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе- бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі»- деген екен Хилпатрик.

20- шы ғасырдың басында жобалау технологиясы Ресей педагогтардың назарын өзіне аудара бастайды.Дегенмен, бірқатар себептерге байланысты, бұл әдістеме кеңінен таралмай, тоқтап қалды.

-Жоба жұмысымен жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдердің болмауы.

- Жоба жұмысының әдістемесінің жасалмауы.

Жеке баға мен сыныақты ұжымдық сынаққа көшіру салдарынан жеке оқушы білімінің төмендеуі т. б. Себептер.

Кеңес үкіметі кезеңіндегі мектептерде жобалау технологиясын енгізуге асықпай жүргенде, ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттерде:АҚШ-та,Англияда, Австралия және Жаңа Зеландияда ол кеңінен таралып жатты.Еуропаның да бірқатар мемлекеттерінде ол кең тамырын терең жая бастады.

Әрине, уақыт өткен сайын бұл технология да бірқатар өзгерістерге ұшырап отырды. Еркін тәрбиелеу ойынан туындаған жобалау әдістемесі біртіндеп «тәртіпке бағынып», білім беру әдістемесі құрамына табыспен еніп отыр.

Бұл технологиялық оқудағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері түбегейлі өзгереді. Салыстырып көрейік:

Оқушының іс-әрекеті.

Мұғалімнің іс-әрекеті.

-Оқушы- оқыту субъектісі.

-Жеке тұлғаға қарай бағыттылғын ұсынушы, нақты мақсат қоюшы.

-Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект.

-Бағыт- бағдар беруші, кеңесші.

-Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы.

-Оқытушының жетістігін құптаушы.

-Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі.

- Ынталандырушы, мақсат қоюшы.

-Өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашылық тұлға.

-Мақсаттарға жетелеуші.

2. Жобалау технологиясының негізгі мақсаты, түрлерлі.

Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат- оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.

Бұл технологиядағы жобаның түрлері:

1. Ғылыми жоба.

2. Шығармашылық жоба.

3. Ойын түріндегі жоба.

4. Ақпараттық жоба.

Жоба ұзақ және қысқа мерзімді болып екіге бөлінеді.

Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса-ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады.

Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабдай отырып, әр түлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт бағдар алады.

Сонымен, жобаның тиімділігі- көзбен көріп. Құлақпен естіп, есте сақтай отырып оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға,шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.

Жобалау технологиясының негізінде- оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.

Оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарыда айтылғандай, оны жоспарлай білу қажет.

Жоба жұмысы кезеңдері

Жұмыс

тың мазмұны.

Мұғалімнің тәрбиелік мақсатты шешудегі негізі іс-әрекеттері.

Оқушылардың іс-әрекеті.

1. Дайындық кезеңі

Жоба тақырыбын анықтау.

Бір бағыт төңірегінде оқушаларды тақырып таңдауға ынталандырады.Топ

тағы әрбір оқушының пікірін ескере отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді.

Әр оқушы өмірлік өз тәжрибесіне(егер ол болса), сүйене отырып, өз ойын ортаға салады, бірігіп жобаның түпкі мақсатын анықтайды.

2.Жоспарлау.

Топқа бөлу.Ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету. Әрбір топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтау.

Оқушыларды өз бетімен ақпарат жинауға бағыттайды. Әрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылыау шешімін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі.Оқушылардың жоба бойынша күнделігін көрсетеді.

Топ арасында әркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарын анықтау жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап бірінші нәтижеге жету уақытын белгілейді. «Қоғамдық» тапсырманы орындауға дайындығын көрсетеді

3.Зерттеу жұмысы.

Ақпарат жинау,аралық нәтижені талдау, зерттеудің негігі құралдары: сұхбат, анкета бақылау, алынған түрлі ақпаратты талдау.

Оқушы күнделігін бақылап, әрбір жетекшісімен және топ мүшелерімен жеке-жеке сөйлесу, талдау, нәтижені салыстыру арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру.

Жеке және жұптық жұмыс, анкета сұрақтарын құрастыру.Қажет болса сценарий жазу, қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас қалыптастыру.Білімін әр пәндік салада кеңейтеді, түрлі қоғамдық жұмыстармен танысады, шығармашылық, белсенділік, талаптылық қасиеттерін бойында қалыптастырады.

4. Нәтижені талқылау.

Ақпаратты талдау, шешім шығару, тұсау кесердің қандай түрде өтетінін жоспарлау.

Бақылайды, кеңес береді. Топ ішіндегі жеке оқушылардың еңбегін бағалай отырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа бір-біріне деген сыйластыққа шақырады.Тұсау кесерге келетін қонақтар тізімін жазады, қажетті аудио-видиотехниканы жабдықтайды.

Топ арасындағы әркімнің ролін анықтап, алынған ақпараттың арасынан ең негізгіні белгілеп жазады. Проблемалық сұрақтарды анықтап, оны бірге шешуге дайындалады.

5.Жұмыстардың тұсау кесері.

Тыңдайды, проблемалық сұрақтарды қоя отырып, оқушыны сөйлетуге мүмкіндік жасайды.

Алынған нәтиже туралы есеп береді. Бір-бірін мұқият тыңдайды, сөйлеу мәдениетін ескере отырып бір-бірінің ойларын жалғастырып отырады.

6.Бағалау және жоспарлау.

Шығармашылық жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдағы үлкен мақсаттарға жетелейді.

Ұжымды талқылай отырып бір-біріне, өздеріне баға береді, алдағы жұмыс құрайды.

Жоба жұмысының қорытындысы- жазбаша немесе ауызша есеп.Мультимедиялық презентация, фильм, қойылым. Интернет жүйесіндегі бет, дайындалған макет, модель ретінде көрсетіледі.



© 2010-2022