Адамгершілік-рухани тәрбиенің уызы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шағын орталық сыныптарға мұғалімі Кушкумбаева А.А.

Білім саласы: « Таным»

Кіші сала: «Өзін-өзі тану.»

Тақырыбы: «Достық неден басталады?»

Мақсаты: «Дос», «Достық» құндылығы туралы түсінік беру.

Міндеттері:-Дос,Достық құндылығы туралы түсінік беру.

-Дос қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

-Достаса білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: дәптер, хрестоматия, жүрекше ойыншық, домалақ жіп.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Шаттық шеңбері.

-Сәлеметсіздерме,балалар!Қандай тамаша!

Терезеге қараңдаршы!Бәрі де қуанышты:аңдарда,құстар да,таулар да.Өйткені,бәрі бір-бірімен дос.Қол ұстасып,өзімізбен де,айналамен де,сәлемдесейік.

Айтамыз алғыс қайталап,

Таңдайды біздішартарап.

Өмір сүру-бір бақыт.

Дос бола білу-шың бақыт!

Балалардың мәз-мәйрам болуы. Тәрбиешіге деген жылы лебіздері.


Балалар шаттана өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастырушылық ізденіс



Армандайық:

Балалалар,адам күнмен,аймен,таумен дос бола алады ма?

Кәне,бәріміз бірге:

-Ай,сенімен дос болғым келеді.

-Тау,сенімен дос болғым келеді.р

-Күн,сенімен дос болғым келеді.

-Балалалар,достық неден басталады?

Дұрыс айтасыңдар, достық түсіністіктен, татулықтан басталады.

Әңгімелеу.ВОсеева «Үш жолдас»

Үлкен үзілісте балалар тамақтанады, ал бір бала шетте тұрып қалды.

-Сен неге тамақ ішпей тұрсын - деп сұрады балаланың бір жолдасы.

-Ертеңгі асымды жоғалтып алдым.

-Қап, әттеген-ай, түске дейін біраз уақыт бар, - деп жолдасы, өз нанын жей берді.

-Сен тамағыңды қайда жоғалтып алдың?-деп екінші жолдасы ұравйды.

-Ал осыны естіп тұрған үшінші жолдасы ештеңе сұрамай өзінің май жағылған нанын бөліп, жартысын досына берді.

-Қалай ойлайсыңдар жанағы балаланың ең нағыз досы деп қайсысын айтуға болады?

-Сендер олардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Ойын: «Сиқырлы жұп»

-Еденге шеңберленіп отырайық, енді көрейік біздің топта шын жолдастар бар ма екен?

-Жіпті алып былай дейді: «Біздің топта Арсен бар, ол менің досым», жіпті басқа балаға беріп атын айтады. Балалар жіпті саусағына орап отырады жіп тәрбиешіге келеді.

- Енді бәріміз қолымызды көтерейік, жіпті еденге қояйық. Қане біздің топта балалар бір - бірімен шың дос па екен? Жіп үзілген жоқ, біз достаса аламыз деуге болады. Достық туралы мақал - мәтел білесіңдер ме?

Дәптермен жұмыс:

Өз достарыңды естеріңе түсіріп суретін салыңдар.

Сергіту сәті:

Ал балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық!

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Қызығушылықтарын арттыру.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

-татулықтан, сыйластықтан, көмектесуден, құрметтеуден, түсініктен.

Әнгімені тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.



Балалар ойланады,өз өмірінен алынған тәжіребиесімен бөліседі.

Балалар қызығушылықпен ойынды ойнайды.


Достық туралы мақал-мәтелдерді айтады.

Дәптерде достарының суретін ұқыпты салады

Балалар демалады,апаймен бірге қимылдарды жасайды.


Рефлексивті-коррекциялау

Қорытындылау:

Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Достар тату, мейірімді болады, достар бір-біріне көмектеседі, достар бір - біріне адал болу керек сонда ғана достықтарың берік болады.

Жүректен - жүрекке:

Балалар ойыншық жүрекшені бір - біріне ұсынып досының қандай болғанын қалайтынын айтып шығады.

Менің досым батыр болса деймін, менің досым әдемі болса деймін...

Балалар дос,бірлік құнды лықтарының мәнін түсініп ойға түйеді.

Жүректен - жүрекке:

Балалар ойыншық жүрекшені бір - біріне ұсынып досының қандай болғанын қалайтынын айтып шығады.

Менің досым батыр болса деймін, менің досым әдемі болса деймін...

Күтілетін нәтиже:

Дос,достық сөздерінің мағынасын білу.

« Дос», «Достық» құндылығы туралы түсінік болу.

Достық қарым - қатынас жасай алу.




© 2010-2022