Орман аңдарын сипаттау Мектепке дейінгі тәрбие

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«№2 Қашар орта мектебі» КММ


Тақырыбы:


Орман аңдарын сипаттау

Ашық сабақ


Тәрбиеші : М.М.Муратова



2014-2015 оқу жылы



«Орман аңдары»

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Таным»

Білім бөлімі: «Құрастыру»

Тақырыбы: «Орман аңдары»

Мақсаты: Воскобовичтің «Фонарики» ойындарын пайдаланып аңдардың бейнелерін жасап үйрету. Шығармашылықтарын, іскерліктерін дамыту.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

І кезең-

Мотвациялық

Қозғаушы

Қайырлы күн, балалар! Бәріміз үлкен шеңберге тұрайық.

Бір-бірімізге күн шуағы арқылы жылы лебіздерін білдерейік.

Балалар көңілденіп амандасады.

Күн шуағын қою арқылы тілектерін айтады.

ІІ кезең-ұйымдастырушылық

ізденушілік

Міне,балалар бір-бірімізге тілек тілеп болсақ ,мен сендерге жұмбақ жасырам.

Тәрбиеші балаларға орман аңдары жайлы жұмбақ жасырады.

Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу

( түлкі)

Әртүрлі, орта бойлы ұзын құлақ,

Өзіне міндетпесе, қызмет қылмақ.

(қоян )

Балалар жұмбақ шешімін дұрыс шештіңдер.

Енді түлкі және қояндар болып екі топқа бөлінейік.

Балалар суретте не көріп тұрмыз?

Балалар сендер қандай орман аңдарын білесіңдер?

Балалар сендер жануарлар жайлы тақпақтар білесіңдер ме?Тәрбиеші балалармен орман аңдары жайлы әңгімелеседі.

Тәрбиеші балаларға фонарики ойынан қоянмен түлкіні құрастыруды ұсынады.

Тәрбиеші балаларға қоян және түлкі жасау үлгісін көрсетеді.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып -ытқып секірді

Қарап еді артына

Қиығын салып көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

Тәрбиеші екі топтың жұмыстарын көріп,марапаттайды.

Балалар біз қоянды қандай геометриялық пішіндерден жасадық?

Ал түлкіні қандай геометриялық пішіннен жасадық?

Балалар сендер жануарлар жайлы тақпақтар білесіңдер ме?

Тәрбиеші балаларды марапаттайды.

Балалар орындарына отырады.

Балалар тақпақтарын орындайды.


Балалар жұмбақ жауабын шешеді.

Балалар топтарға бөлінеді.

Аю,түлкі,қоян,қасқыр.

.

Балалар ойынға белсенді қатысады.


Балалар сергіту сәтін қимылмен орындайды



Балалар геометриялық пішінді атайды.

Балалар орман аңдары жайлы тақпақтар орындайды.

ІІІ кезең

рефлексивті- түзеуші

Балалар біз бүгін сендермен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде не үйрендік?

Фонарики ойынынан қандай орман аңдарын жасадық?

Орман аңдары жайлы қандай тақпақтар айттық?

Тәрбиеші балалар мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Қоянды,түлкіні жасадық.

Балалар марапатқа ие болады.

Болжамды нәтиже:

Қабылдайды : жабайы жануарларды сипаттай білуді

Түсінеді: геометриялық пішіндерден жасауды

Қолданады:жануарлар жайлы тақпақтарды









© 2010-2022