Алтын күз мерекесі Шағын орталық

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алтын күз мерекесі

1.Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме! Құрметті ата - аналар , балалар! Бүгінгі «Алтын күз» мерексіне қош келіңіздер !

Бұлттар төгіп жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай , ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім айтындаршы бұл қай кезде болады?

Дұрыс айтасыңдар - Күз мезгілінде болады.

2. Тәрбиеші:Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.

Балалардың орындауында «Әр қашан күн сөнбесін»әнін қабыл алыңыздар. (хормен)

3.Тәрбиеші:Біздің балаларымыздың мерекеге арналған тақпақтарын қабыл алыныңздар.

Шыңғыс:

Күзде жауын. Бұлт. Тұман

Сары жапыорақ жауады,

Күткен күзім келдің бе,

Сыңсып бағың мәулеп .

Малика:

Боламын мен дәмдеуіш,

Барлық - барлық тағамға.

Мейірлан:

Кішкене түймедеймін мен,

Ұнамаймын мен бәріне.

Айша:

Көкөністер ішінен,

Мен пайдалы адамға.

Нұрбек:

Мен алмамын, алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім.

Нұрбұлан:

Дәмім тілді үйреген,

Мен тұздалған күйімде.

Шолпан:

Жаңа піскен кезімде,

Жейді бәрі сүйсіне.

Мадияр:

Кішкене түймедеймін мен,

Ұнамаймын мен бәріне.

Дильназ:

Піскен кезде қызынақ,

Көз тартар қызыл түсімін.

4.Тәрбиеші:Ертегі: «Бауырсақ» ертегісінің қойылымын қарсы алыңыздар.

5. Тәрбиеші:Кезегімізді өлең шумақтарға берейік.

Аяна:

Мен алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың.

Архат:

Күннен көзін алмайды,

Өзгемен ісі болмайды.

Анэль:

Таңмен көзін,

Әлемге нұрын шашады.

Данил:

Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.

Кәусар:

Мен өрікпін, өрікпін,

Бау- бақшаға көрікпін.

Ерсін:

Кім бар сәбіз шырынын,

Жастайынан ішпеген?

Инара:

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Адема:

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

6. Тәрбиеші:Ән салындар келіңдер ,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би - билейік ойнайық.

Қыздарымыздың биі тамашалайық. «Қазақ қыздар»

7. Тәрбиеші:« Шалқан » ертегісінің қойылымын тамашалаңыздар.

8. Тәрбиеші:Бүлдіршіндей бәріміз,

Отбасындай бір ұямыз.

Береміз ендеше,

Би өнеріне кезегін.

Ортаға ұлдарымыздың «Жігіттер» биі тамашалаңыздар.

9. Тәрбиеші:Әсем әуен салдырған,

Сәбилер де алғыр жан.

Бал дәуреннің қызығын,

Есте қалар балдырған.

Балалардың орындауында - әні

10. Тәрбиеші:Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілді.

Ай жапырақ- сары алтын,

Айналанын бәрі алтын.

Қыздарымыздың орындауында «Жапырақ »биі тамашалаңыздар.

11. Тәрбиеші: Балалар мен сендермен ойын ойнатайын деген ойдамын. Ортаға екі бала шыгып жапырақтар жинау керек.

12. Тәрбиеші: Келді міне алтын күз, сары шашты жарқын күз,

Мол өнімді ісімен , таңдандырып халқын күз.

Біздің мерекемізге ата - аналарда келіп отыр екен. Мен олармен ойын өткізейін деген ойдамын! Ойын: «Кім жылдам?» 2 ата - ана шығып алмұртты жеу керек.

13. Тәрбиеші:Өте тамаша. «Күзгі бақ» вальс биімен балалар залдан шығып кетеді.

Осымен ертңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!



© 2010-2022