Урок. Ағзаға пайдалы тағамдар

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті «Пайдалы тағамдар».

Мақсаты: Пайдалы тағамдарды ажырата білу.

Міндеті: 1. Пайдалы тағамдық заттармен таныстыру.

2. Тамақтану ережелерін жаттау.

3. Дұрыс тамақтана білу мәдениетін тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: пайдалы.

Көрнегілік: Карточкалар, қобдиша, азық-түлік макеттері.

Тәрбиеші: Жумагулова Б.К.

Іс - әрекет

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация

Әңгіме: ТАМАҚТАНУ ГИГИЕНАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ:

Тамақтану режимін сақта!

Тамақ құрамы туралы ойлаңыздар!

Тамақты дұрыс шайна!

Тамақты уақытында іш!

Денсаулық - ең басты байлық екенін игерді, тазалық, жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану туралы пайдалы кеңестермен танысты.

Ұйымдастыру кезең

Балалар қараңдаршы, мына жерде біреу бізге хатпен қобдиша қалдырып кетіпті.

Хатта не жазылған екен? Оқиықшы.

«Мен тамақты өте көп жеймін. Бірақ менің ішім ауырып тұр. Сондықтан сендерге келе алмадым. Бұл қобдишада менің күнделікті жейтін тамақтарым бар. Көмектесіңдерші маған, ауырып тұрған себебімді айта аласыңдар ма?»

Балалар қобдишадағы заттарды пайдалы, зиян екенін ажыратайық .

1 топ карточкамен жұмыс. Пайдалы тамақтарды көрсетеді.

2 топ зиянды тамақтарды көрсетеді.

3 топ пайдалы заттарды мүсіндейді, жаспырады.

Сергіту сәті:

Күлімде күн күлімде,
Жер жасарып, көгерсін!
Күн сәулесі қыздырып
Шынықсын жас бүлдіршін.
Күлімде күн, күлімде,
Бүлдіршіндер қуансын,
Атақты спортшылардай
Қолдарыңа ту алсың.

Хатты оқиды.




Қобдишадағы заттарды көреді.

Содан соң, тапсырмаларын орындауға кіріседі.


Өлең сөздерін айтып, қимыл қозғалысымен көрсетеді.

Рефлексия

-Досымыздың іші ауырмау үшін, біз пайдалы тағамдарды қобдишаға салып, досымызға қайтарсақ қалай болады?

Балалар қобдишаға тек пайдалы тағамдарды салып, достарына қайтарып жібереді.


© 2010-2022