Тіл дамыту Қыс қызығы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың технологиялық картасы

Мерзімі___________________

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлім: Тіл дамыту

Тақырыбы: Қыс қызығы.

Мақсаты: Балаларды сурет бойынша әңгіме құруға үйрету.

Міндеті: Балалардың тілін дамыту.Сөздік қорын байыту.Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.Қызығушылықтарын ояту.Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: қыс қызығы

Керекті-құралдар: суреттер.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Есеп

Мотивациялық-қозғаушылық


Ұйымдастырушылық-ізденістік





Рефлексиялық-түзетушілік

Жұмбақ шешкізу.

Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық.

-Ол не, балалар?

-Ендеше қар қай мезгілде жауады?

«Ақшақар» өлеңін оқу.

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады, қатады,

Жып-жылтыр боп қатады.

-Балалар, қар қандай болады?

-Балалар, аязды күні қарды басып жүрсең, қандай дыбыс шығады?

-Қыста қандай ойындар ойналады?

-Иә, тағы қандай қысқы ойындарды білесіңдер?

-Балалар қар күн жылынып ктсе, не істейді?

-Еріген қар күн суытса неге айналады?

Сергіту сәті

Дидактикалық ойын: Қыста не болады?

Мақсаты: Балалар қыста болатын құбылыстарды атап, көрсетеді.

Балалар бүгін біз не жайлы әңгімелестік?Қыс қызықтарын атаңдар.Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Қар.

-Қазір қыс мезгілі.

Қыс мезгілінде қар жауады.Қар жапалақтап жауады.Қардың түсі ақ болады.

Тақпақты мұқият тыңдайды.

-Қар аппақ, ұлпа, жұп-жұмсақ, мамықтай ұлпа болады.

-Сықыр-сықыр -сықыр.

-Қарды домалатып, аққала жасауға болады.

Шанамен сырғанау, коньки тебу, шаңғы тебу.

Ериді.

Мұзға айналады.

Қимылдарды көрсетуі

Қызыға ойнауы.

Балалардың жауабы


Күтілетін нәтиже:

Біледі: бірінің сөзін бірі тыңдай білу;

Игереді: бояуды игерді;

Меңгереді: әңгімелей білуді;


© 2010-2022