Тәрбие сағаты Күшік пен Мысық

Раздел Дошкольное образование
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Күшік пен МысықТәрбие сағаты Күшік пен МысықТәрбие сағаты Күшік пен МысықТәрбие сағаты Күшік пен МысықКүні:-----

0"Ә" сыныбының сыныптан тыс жұмысы

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Буындарға бөлу. Күшік пен мысық (ертегі).

Мақсаты: балаларды ертегіні рөлдерге бөліп айтуға, сөздерді буынға бөлуге үйрету; дауыс ырғағын, дауыс көркемділігін дамыту; балаларды үй жануарларын қорғай білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: күшік пен мысықтың үлгі суреті, жұмыс дәптері, атрибуттар.

Сөздік жұмыс: марғау.

Билингвальды компонент: марғау - котенок, күшік - щенок.

Оқу-іс әрекетінің кезеңдері



Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаущылық

- Балалар, бүгін бізге мысық пен күшік қонаққа келіпті. Екі қонағымызды үстел басына отырғызайық.

- Ал сендердің үйлеріңде мысық пен күшік бар ма?

- Сендер мысық пен күшіктеріңе не бересіңдер, олар қандай тамақ жейді?



  • Мысықтың дауысын кім салып

береді?



  • Ал сенің күшігің қандай дыбыс

шығарады?

Демонстрациялық құралмен жұмыс

Педагог күшік пен мысықтың үлгі суреттерін іліп қояды.

  • Балалар, сендер ненің суретін

көріп отырсыңдар?



  • Күшіктің анасын қалай

атаймыз?

  • «Ит» деген сөз неше буыннан

тұрады?



  • Балалар, дауысты дыбыс жеке

бір буынды құрайды.

  • Ал мысықтың баласын «марғау»

деп айтамыз?

  • «Марғау» сөзі неше буынға

бөлінеді?

  • Енді осы күшік пен мысыққа ат

қойыңдаршы.

Балалар келген қонақтарға назар аударады.

Үйінде бар балалар айтады.



  • Мен мысығыма сүт

беремін. Ал күшігім етті жақсы көреді.

  • Мен өзімнің

мысығымның дауысын саламын. Ол «мияу-мияу», деп мияулайды.

  • Менің күшігім

«әуп-әуп», деп үреді.



  • Күшік пен

мысықтың суретін көріп отырмыз.

  • Күшіктің анасын

«ит» деп айтамыз.

  • «Ит» сөзі бір

буыннан тұрады (қолдарын шапалақтау арқылы буынға бөледі.)

Балалар «марғау» деп қайталайды.

«Мар-ғау» сөзі екі буынға бөлінеді.

  • Күшікті «Ақтөс»

деп, ал мысықты «Мамық» деп атаймыз.



Ұйымдатырушылық - ізденістік

  • «Ақтөс» пен «Мамық» сөздері

неше буыннан тұрады?



  • Қазір «Күшік пен мысық»

ертегісін мәнерлеп оқып беремін.



  • Қарны ашқан күшік тауда

қаңғып жүріп қасқырға кездеседі.

  • Ей, күшік, мен сені жеймін,

дейді қасқыр.

  • Қой, жеме, мені әуелі тойдыр,

сонан соң жейсің, - дейді күшік.

  • Жарайды, жүр, соңымнан қалмай

жүре бер, - дейді қасқыр. Екеуі бір топ сиырды көреді.

  • Күшік, менің көздерім,

құлақтарым, аузым, құйрығым қандай? - дейді қасқыр.

  • Көздерің қып-қызыл, екі құлағың

жымиған, аузың арандай ашылған, құйрығың жас шыбықтай майсып тұр.

Қасқыр:

  • Енді маған қара, - деп бір

бұзаудың тамағына жабысып, күшікті де тойғызады, өзі де тояды.

  • Күшік, енді сені жемеймін. Сау

бол! - деп кетіп қалады. Іші пысқан күшік мысыққа кездеседі.

  • Мысық, мен сені жеймін, - дейді.

  • Мені тойдыр, күшік.

  • Жарайды, менімен бірге жүр,-

дейді күшік. Екеуі бір топ түйені көреді.

  • Мысық, маған қара, құлағым

салпиып, тілің салақтап тұр.

Күшік:

  • Қара маған, не қыларымды? -

деп түйенің тірсегіне жабыса кетеді. Түйе қақ маңдайдан бір тебеді. Күшік сол арада ұшып түседі.

Сонда мысық:

  • Әй, мақтаншақ, әліңе қара, сен

қасқыр бола алмайсың, - дейді.

Педагог сұрақ қою арқылы ертегі мазмұнын сұрайды.

  • Балалар, ертегі сендерге ұнады

ма?

  • Ертегі кейіпкерлерін атап

беріңдерші?

  • Күшік келе жатып неге

жолығады?

  • Қасқыр не дейді?

«Ақ-төс», «Ма-мық» сөздері екі буыннан тұрады.



Балалар ертегіні ынта қойып тыңдайды.



















  • Иә, ұнады.



  • Күшік, мысық,

бұзау, түйе, қасқыр.

  • Қасқырға.



  • Сені жеймін дейді.




  • Күшік не дейді?



  • Екеуі келе жатып неге жолығады?

  • Қасқыр нені жейді?

  • Тойған қасқыр күшікке не дейді?



  • Іші пысқан күшік неге жолығады?

  • Мысыққа не дейді?

  • Мысық не дейді?

  • Күшік жолда нелерді көреді?

  • Түйеге күшіктің шамасы келе ме?

  • Міне, балалар, «әлін білмеген

әлек» деген осыдан қалған екен.

  • Енді осы ертегіні рөлдерге бөліп

сахналайық.(Атрибуттарын кигізу).

Сергіту сәті

Керіледі мысық,

Көзін жаймен қысып.

Жүгіреді күшік,

Аула ішін кезіп.

Билингвальды компонент: марғау - котенок, күшік - щенок.

Марғау мысықтың баласы екенін түсіндіреді.

Дидактикалық ойын: «Ертегі кейіпкерлерін тауып, олардың жүрісін сал».

Ойын шарты: ертегі кейіпкерлерінің жүрісін салады.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі №8 тапсырма бойынша орындалады.

Жеке жұмыс жүргізеді.

- «Жеме, алдымен тойдыр» - дейді.

  • Сиырларды көреді.

  • Бұзауды жейді.

-«Кете бер, сені жемеймін»,- дейді.

  • Мысыққа.

  • «Сені жеймін», - дейді.

  • «Мені тойдыр»,- дейді.

  • Түйелерді көреді.

  • Жоқ, шамасы келмейді.

Балалар рөлдерге бөліп сахналайды.

Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.

Балалар қайталайды.





Ертегі кейіпкерлерінің жүрісін салады.



Тапсырманы орындайды.



Рефлексиялық-

түзетушілік


  • Балалар, сендер қандай ертегіні

сахналадыңдар?



  • Ертегідегі кейіпкерлерді

атаңдаршы?

«Күшік пен мысық» ертегісін.



  • Қасқыр, күшік,

мысық, түйе, сиыр.



Тәрбие сағаты Күшік пен Мысық




2014-2015жж

Қасқыр мен Мысық кездесудеТәрбие сағаты Күшік пен Мысық

Мысық пен Күшік әңгімелесіп тұрТәрбие сағаты Күшік пен Мысық

Тәрбие сағаты Күшік пен Мысық

Балалар мысық күшік сөздерін буынға бөлуде

© 2010-2022