Тақырыбы: Жол белгілер еліне саяхат

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жол белгілер еліне саяхат

( жазғы сауықтыру іс -шарасы)





«Балдәурен»тобының тәрбиешісі: Г. Қыстаубаева













2014 оқу жылы

Тақырыбы: Жол белгілер еліне саяхат

Мақсаты: Балаларды жол белгілерімен таныстыруды жалғастыру, жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру.Іс жүзінде қолдануға қызығушылықтарын тудыру,жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: жол белгілері,Маи қызметкері және бағдаршам , ойыншық машина ,велосипед.

Барысы:

Тәрбиеші:-Балалар бүгінгі күніміз өзгеше өтеді. Біз бүгін «Жол белгілер еліне »саяхатқа барамыз,ол жерден көп нәрсені көзбен көріп , жақсы әсер аламыз деп ойлаймын.балалар , жол сапар барысында көп жол қиылыстары кездеседі,жол ережесін мұқият сақтауымыз керек.

Маи инспекторы мен қоян келеді.

Маи инспекторы: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! (балалар амандасады)

  • Балалар жолға қарап тұрсам , велосипед тепкен қоянды көрдім.Жолдан дұрыс өтпей барлық ережелерді бұзып , машина қағып кете жаздады.Қоянды тоқтатып , қайда барасың деп сұрасам «Тоғжан» балабақшасына балаларға барамын деп өтінген соң ,сендерге алып кедім.

  • Балалар сендер жол ережесін білесіңдер ме?

Балалар жауабы: - Ия , білеміз.

Маи инспекторы: -Ендеше қоянға үйретіңдерші , ал қоян жол ережесін үйренбей мен саған велосипедіңді бермеймін.

Тәрбиеші: - Қоян ,сен ренжіме біздің балалар саған жол ережесін айтып түсіндіреді,сен жол ережесін үйреніп , велосипедіңді қайтарып аласың.

Қоян: -Жарайды,балалар мен жол ережесін үйренуге дайынмын.

Тәрбиеші: - Қоян балалардың жауаптарын тыңдап ,есіңе сақта!

1-бала: Көшеде бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.

Кідірме ,абыржып онда аса,

Сенгейсің өзіңнің көзіне.

2-бала : Көшеде ортаға жеткенше

Әуелі көзің сал сол жаққа

Балақай ,ортадан өткен соң,

Мойның сал сол жақтан , оң жаққа.

3-бала:Ұшқалақ бала ұрыншақ,

Ойлылық керек ұрынсақ.

Машина алдын кеспесек,

Майып боп уайым кеспесек.

4-бала: «Мен білем ,бәрін мен» деме

Отырған жоқсың бөлмеде

Машина өтіп кеткесін

Жолаушы алға беттесін.

Бағдаршам суреті көрсетіледі.

5-бала: Қызыл жарық жанғанда,

Қалт тоқтай қал табанда.

6-бала: Сары шамы жағылса,

Сақ абай бол барынша

7-бала: Жасыл жарық -жол ашық

Зымырай бер,бел асып.

Тәрбиеші: «Бағдаршам ойыны»

Ойынның шарты: Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда , балалар түп- түзу тұрады. Сары көзі жанғанда қол шапалақтайды.Жасыл көзі жанғанда билейді.

Хормен: Бір дегенім білім

Екі дегенім - елім

Үш дегенім -үміт

Жүрейік әрқашан күліп!

Тәрбиеші: -Қоян , балалардың айтқандарын есіңе сақтадың ба, бұл ережелерді біліп, есіңе сақтап жүрсең ешқандай қауіптен қорықпайсың.

Қоян: -Рахмет , балалар сендер айтқан ережелеріңді есте сақтаймын!

Маи инспекторы: -Жарайды қоян велосипедіңді ала ғой ,енді жол ережесін бұзба!

Қоян: -Жарайды ағай. Балалар сендерге рахмет , маған көп нәрсе үйреттіңдер!

Тәрбиеші: -Қоян , біз балалармен «Таңғажайып»ойын -сауық еліне саяхатқа баруға жиналғанбыз, бізбен бірге барасың ба?

Қоян : - Әрине , мен де барайыншы балалар!

( барлығы жол серік машинасымен , ойын - сауық еліне жолға шықты)

Тәрбиеші: -Сәлеметсіз бе, ағай. Біз «Тоғжан»ясли -бақшасынан сіздің еліңізге саяхат жасап, көңіл көтеріп ойын -сауық құрып , ойнауға келдік. ( балалар әртүрлі әткеншектерге мінді , мысалы : ат секілді , пойыз, сүйкімді аралар әткеншектері)

Тәрбиеші: «Өз түсіңді тап»

Ойын шарты : -балалар , сендердің алдарыңда үш кәрзеңке тұр, олардың түсі қандай болса, дәл сондай түсті жапырақтарды жинап салуларыңыз керек.

(балалар жапырақтарды жинайды, тапсырманың дұрыстығын тәрбиеші тексеріп шығады)

-балалар түстерді таңдау үшін сендерге не көмектеседі?

Балалар жауабы: -Көзіміз көмектесті

Қорытындылау.

Тәрбиеші: - балалар түрлі ойындар ойнап, бойымыз сергіп қалды. Осымен

«Таңғажайып »ойын - сауық саяхатымыз аяқталды.

-балалар көңіл -күйлерің қалай , жақсы ма?

-бағдаршам туралы білдік

Балалар: Жол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз

Сақтанғанда қатерден

Сау саламат жүреміз.



© 2010-2022