Мектепалды даярлық А сыныбы математика пәнінен 1-5 сандары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: 1 - 5 сандар.

Білім беру саласы: Таным
Мақсаты: 5 - ке дейін реттік санауды бекіту, цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету, заттарды салыстыру дағдыларын арттыру, 1 цифрының баспаша жазылуымен таныстыру.
Құралдыр: әліппе - дәптері, суреттер, сандар.
Оқу іс - әрекетінің барысы:
Оқу іс - әрекетінің түрлері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Ынталандыру. Сезімді ояту
Амандасу.
- Амансың ба, алтын күн,
- Амансың ба, көк аспан,
- Амансың ба, қонақтар. Балалар, бір - бірінің қолдарын ұстап, шеңбер бойымен тұрады.
- Аспанымыз ашық болсын!
- Көк туымыз биік болсын!
- Әке - шешеміз аман болсын!
- Деніміз сау болсын!
деген тілектер тілейді.
Ұйымдастыру кезеңі
Бүгін бізге «Бауырсақ» ертегісіндегі кейіпкерлер қонаққа келіпті. Ертегіні есімізге түсірейікші.
- Ата мен әжеге бауырсақ пісіруге көмектесейік. Ол үшін Әліппе - дәптердегі тапсырманы орындау.
№1.
Суретте толық боялмаған көрініс берілген.
- Заттың қайсысы және нешеуі боялмағанын санаймыз.
Дұрыс, міне, біз де тапсырманы орындадық, бауырсақ та дайын болды.
Бауырсақты суытуға қояйық та келесі тапсырманы орындайық.
Әр сурет нешеуден?
1 күн, 2 түйе, 3 тау, 4 гүл, 5құс.
- Құс түйеден көп, тау гүлден кем, т. б....
- Мәсаған, балалар, бауырсақ
бізден де, әже де, ата - дан да қашып кетіпті.
Бауырсақты іздеп табу үшін келесі тапсырманы орындайық
№2.
Әр топтағы артық затты сыз.
- Суретте заттың қайсысы бірден?
- Екіден?
- Үштен?
- Бұл заттарды қандай топтарға бөлуге болады?
- Топтарды бір сөзбен ата?
- Бауырсақ қай аңмен кездесуші еді?
- Қоянмен.
- Қоянның тапсырмасы.
Ауызша жұмыс.
Тақтада суреттер: 5 алма және 4 алмұрт.
Жемістерді салыстыру.
Ары қарай ертегімізді жалғастырайық. Бауырсақты
қоян босатып жібереді.
Ол домалап келе жатып қасқырға жолығады.
Қасқырдың тапсырмасы.
№3. жапсырмалау.
- Біз қоян мен қасқырдың тапсырмасын орындаймыз деп шаршап қалыппыз, демалып алайық.
Сергіту сәті
1, 2, 3 қарлығаш боп ұш
4, 5, 6 қарлығаш боп қалқы
7, 8, 9, 10 қарлығаш боп қон.
Бауырсақ домалап келе жатып аюға кездеседі. Біз аюдың тапсырмасын орындасақ, аю бауырсақты босатып жібереді аю нені жақсы көреді?
- Балды жақсы көреді.
Мынау аюдың бал салатын ыдысы, соның ішінде бізге берілген тапсырмасы бар
№4
Бірліктерді тауып, бастыр.
Торкөзге үзік сызықпен берілген 1 цифрларын жүргізіп шық.
Бауырсақ домалап келе жатып ең соңында түлкіге жолығады.
Түлкі қандай аң?
- Түлкі бауырсақты жеп қоймас үшін оның да тапсырмасын орындайық.
Түлкінің тапсырмасы «Түсіп қалған санды табу.»
1.. 3.. 5.
- Балалар, біз түлкінің де тапсырмасын жақсы орындадық.
Енді айтыңдаршы, бүгін біз нешеге дейін санап үйрендік?
Балалар дәптерлерін ашып, тапсырманы орындайды.
Суретті бояйды.
Сұрақтарға жауап беріп, тапсырманы орындайды.
Құрал - саймандар, ойыншықтар.
Ауызша есепке бәрі қатысады.
Тапсырманы орындайды.
Сергіту сәтін қимылмен жасайды.
Жай қарындашпен тапсырманы орындайды.
- Түлкі қу аң.
1. 2. 3. 4. 5.
Біз бүгін беске дейін санап үйрендік.
Оқу іс - әрекетін қорыту.
Балалардың тапсырмаларын тексереді, дұрыс, ұқыпты орындаған балаларды мадақтау
Аяқталған тапсырмаларын көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
1. Балалар 5 - ке дейінгі реттікті санайды.
2. Цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйренеді.
3. 1 цифрының баспаша жазылуымен танысады.

© 2010-2022