Жолда жүру ережесі ортаңғы тобы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Балдәурен» ортаңғы тобы

№ технологиялық карта

Күні: ___________

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру.

Тақырыбы: 1цифры мен саны туралы өткенді пысықтау. Үлкен, кіші, кішкентай. Үшбұрышты өзге фигуралар арасынан табу.

Мақсаты:

а) 1цифры туралы өткенді пысықтау, цифрды заттың санымен салыстыруды үйрету;

ә) жұмбақтарды көрген мәліметтер негізінде шешуге үйрету, білімдерін пысықтау;

б) таныс заттарды көлеміне қарай салыстыру; үшбұрыштың көлемі жағынан әртүрлі болатыны туралы түсінік қалыптастыру.

Қажетті көрнекі құралдар: ойынға арналған суреттер, заттық суреттер, әр түрлі пішіндегі фигуралар..

Әдіс-тәсілдер: сұрақ -жауап, ойын, заттық суреттер.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері:Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Балалар біз сендермен ойын ойнаймыз.Ойын арқылы санауды үйренеміз.

Балалар ұоіә-н ұйымдаса,жиыла отырып зейін қойып тыңдайды. Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Іздену-ұйымдастырушы

Жұмбақ жасыру

Таңғажайып кірпішті,

Бір-біріне қаладым.

Ұнамаса құлатып,

Қайа-қайта қаладым

(Текшелер)

Доп-домалақ іші қуыс пәле,

Қайта-қайта семіруде, әне.

(Доп )

Кезекті кербез сұлу.

Бір жануар.

Үстінде

Екі тауы бар

( Түйе)

1-тапсырма

-арыстан мен тасбақа «Пальмаға кім бірінші жетеді?» деп бәстеседі. Сендер қалай ойлайсыңдар, не бірінші жетеді?

-Неге арыстан бірінші жетеді деп ойлайсыңдар?

2-тапсырма

Жұмбақ жасыру:

Үш бұрышы,

Үш қабырғасы бар

Бұл қандай фигура?

-Суреттердің арасынан неше үшбұрыш таптыңдар?

-үшбұрыштардың өлшемі қандай?

-үшбұрыштардың ең үлкені қызыл қарындашпен, содан кішілеуін көкпен, ал, ең кішкентайын жасыл түспен боялған екен.

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Жұмбақтың шешуі болып тұрған сөздерге сипаттама береді.

Балалар сұраққа жауап береді.


Бірінші арыстан жетеді.

Өйткені арыстан тез жүгіреді, ал тасбақа баяу жүгіреді.

Үшбұрыш

Суреттен үшбұрыштың үш бұрышын, үш қабырғасын көрсетеді. Үш бұрышы бар.

Үлкен,кіші,кішкентай.

Рефлексивті-коррекциялаушы

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

-тасбақа тез жүре ма әлде арыстан ба?

Үшбұрыштың неше бұрышы бар екен?

ҰОІӘ аяқталды

Балалар өздері жасаған жұмыстарын тәрбиешінің қолындағы үлгімен салыстырады.Арыстан тез жүгіреді, тасбақа баяу жүгіреді.

-үш

Балалар тәрбиешімен қоштасты

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1цифрын, үшбұрыштардыөзге фигуралар арасынан табуды;

Игерді:.1 цифрын, затты санмен салыстыруды; жұмбақтарды шеше білуді; көптеген фигуралардың ішінен үшбұрышты таба білуді:

Меңгерді: өзіне таныс заттарды көлеміне қарай салыстыруды.



© 2010-2022