«Денсаулық-зор байлық» атты балаларға арналған спорттық ойын-сауық

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Денсаулық- зор байлық».
Мақсаты: Денсаулық туралы, денсаулықтың қадірі туралы балаларға түсінік беру, қимылды ойындар арқылы балалардың денсаулығын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу, дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру.

Міндеті: Жүру, жүгіру, лақтыру, қағып алу жаттығулары арқылы қозғалыстың негізгі түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру; балалардың барлығы бірге, бір қарқында қозғалуына үйрету;

балаларды қимылды ойындармен таныстыру.
Көрнекі-құралдар: Нақыл сөз жазылған плакаттар, дыбыстар, үнтаспа, суреттер, шарлар, балалардың бастарына киетін атрибуттар,қол шатыр.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттықтыру, ойнату, мадақтау, қорытындылау.
Сайыстың барысы: Балалар залға сап түзеп музыка әуенімен кіреді.
Тәрбиеші: Қадірлі қонақтар, жарқын болашаққа кең қадам басқан бүлдіршіндер «Денсаулық мол бақыт» атты спорттық ойын-сауығына қош келдіңіздер!
Сәлем сөз анасы демекші, ал балалар алдымен алтын күнмен, ашық аспанмен жәнеде қонақтарымызбен сәлемдесейік.
Сәлем бердік, алтын күн,
Сәлем бердік, ашық аспан.
Салем бердік, жер ана,
Сәлем бердік баршаңа.
Балалар қонақтармен амандасады.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?
- Күз.
- Далада күн суық па, жылы ма ?
- Жылы.
- Көңіл-күйлерің қалай ?
- Жақсы.
- Өте жақсы балалар.
Тәрбиеші: Денсаулық дегеніміз. Ауырмайтын, салауатты өмір салтын сақтайтын, дұрыс тамақтанатын, дене шынықтырумен айналысатын адамды айтамыз.
Тәрбиеші: Денсаулық мықты болып, ауырмау үшін не істеу керек ?
Балалар: Үнемі жеке бас тазалығын сақтап, денені шынықтыру, тамақты дұрыс ішу, күн тәртібін сақтау керек.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.
Тәрбиеші: Балалар кім маған денсаулық туралы мақал-мәтел айтып береді ?
1-бала: Дені саудың-жаны сау.
2-бала: Денсаулық-зор байлық.
3-бала: Тазалық-денсаулық кепілі.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, мен сендерге ризамын.
- Балалар, мен сендермен қызықты қимылды ойындар ойнағым келіп тұр.
- Қане ойнайық.
Ойын: «Көжектер мен түлкі»
Мақсаты: Балаларды аңғарпаздыққа, қушылыққа баулу.
Ойын шарты: Бір бала түлкі болып сайланады, қалған балалар көжек бет пердесін кейіп, дөңгеленіп отырады.
Ойын жүргізушісі: Көжектерім тұршы,
Беттеріңді жушы.
Ну орманға барайық,
Тамақтанып алайық.
Жалаңдаған қу түлкі,
Келіп қапты орманға.
Көжектерің қайда деп,
Қуып келді соңынан.
Көжектер ән ырғағымен секіріп қаша жөнеледі, түлкі қуады.
Ойын: «Айдаһардың құйрығы»
Мақсаты: Балалардың дене қимылдарын жетілдіре отырып бірлесе қимылдауға,ауыз біршілікке жетелеу.
Ойын шарты: Ойынға қатысушылар бірінің артынан бірі тізбектеле белдерінен ұстап тұрады.Ең бірінші тұрған адам - «айдаһардың басы» оның мақсаты - ұстап алу, ең соңғысы - «құйрығы» оның мақсаты ұстатпау.
Ойын: «Күн мен жаңбыр»
Мақсаты: Балаларға табиғат құбылыстарын сезіне білуге үйрету.
Ойын шарты: Бір бала күн, екінші бала жаңбыр болады.Күн болып тұрған бала «Күн» деп орнынан тұрғанда балалар жүгіреді, ойнайды. «Жаңбыр» деп екінші бала орнынан тұрғанда барлық бала бастарын жасырып, тығылады.
Ойын: «Айдарлы-мекиен тауық»
Ойын шарты: Тәрбиеші мекиен тауықты, балалар балапандарды бейнелейді.Бір бала мысық болады.Мысық шеттеу тұрған орындықта отырады.Тауық пен балапандар бөлмеде жүреді.
Тәрбиеші: Ертіп сары балапандарын,
Айдарлы әсем шықты тауық.
«Кетпеңдер ұзап, балапандарым,
Қыт-қыт », дейді ауық-ауық.
Мысыққа жақындап келіп, тәрбиеші былай дейді:
Тұрған жолдың бойында,
Орындыққа бүк түсіп.
Не бар, қайдам ойында,
Жатыр ұйықтап бір мысық.
Мысық көзін ашады,
Балапандар қашады.
Мысық көзін ашқан соң балапандарды қуа жөнеледі.Тәрбиеші (тауық) қолын жан-жаққа бұлғап, балапандарын қорғайды да: « Кет мысық, балапандарымды саған бермеймін ! », дейді.
Тәрбиеші: Келесі ойынға көшелік балақандар.
Ойын: «Бақалар»
Ойын шарты: Балалар шеңбер бойымен бақа сияқты секіреді, жүреді, дауыстайды.Бақалар көлшіктен секіредіде жүресінен отыра кетеді.Ойынға 12 бала қатысады.
Ойын: «Торғайлар мен машиналар»
Мақсаты: Балаларды әр бағытта жүруге, жүгіруге, бірін-бірі итермеуге, өз орнын табуға, тәрбиеші белгісімен жүруге үйрету.
Ойын шарты: Балалар бөлменің бір жақ бөлігінде отырады (мынау торғайлар). Тәрбиеші ортаға шығып өзі жүргізуші болып ойнайды. Тәрбиешінің белгісі бойынша құстар жолға ұшып шығады (дән жеп қыдырып жүреді). Тәрбиешінің белгісі бойынша құстар ұясына ұшады.
Қорытындылау.
Тәрбиеші:- Балалар сендерге қимылды ойындар ұнадыма ?
Осымен бүгінгі «Денсаулық-мол бақыт» атты спорттық ойын-сауығымыз аяқталды. «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл - үшеуімен бақытты болады өмір», - деген нақыл сөз бар. Айтқанымыздай, дені сау, құрыш білікті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! Аспанымыз ашық, деніміз сау болсын. Сау болыңыздар.
Тұжырым: Тәуелсіз ел тірегі-дені сау, санасы уланбаған, саналы ұрпақ.

Балаларды мақтап-мадақтау.


«Денсаулық- зор байлық» атты балаларға арналған спорттық ойын-сауық.

«Денсаулық- зор байлық» атты балаларға арналған спорттық ойын-сауық.

«Қостанай қаласының әкімдігінің

Қостанай қаласы әкімдігінің

білім бөлімінің

№13 «Ақбота» бөбекжай-бақшасы» МКҚК



«Денсаулық- зор байлық» атты балаларға арналған спорттық ойын-сауық.



Тәрбиеші:Омарова Қ.С.





Қостанай-2015

© 2010-2022