Күз мезгіліне арналған ертеңгілік Алтын күз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты:Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Жүргізуші:

Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз.
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз. Кеше ғана анасының жанынан бір елі қалғысы келмеген кішкене бүлдіршіндеріміз бүгін өз өнерлерін көрсетпекші. Кішкене қошақандарымызды ортаға шақырайық.

Ән «Қошақан»

Жүргізуші:Жарайсыңдар! Орындарыңа жайғаса қойыңдар!
Жүргізуші:

Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші.
Әуелі жұмбақ жасырам,
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін,
Қонағымды дәл ортаға шақырам.
Жұмбақ: Жиып-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгілдеп ойлайсың?
Дұрыс, күз мезгілі. Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?
(Балалардың жауабы).
Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенім дей ортаға қонағымыз - Алтын күзді шақырайық!
(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді).
Алтын күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе, қонақтар!
Мен - Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма!
Оған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы,
Ойын ойнар түр-түрлі!
Жүргізуші:Рахмет, саған Алтын күз! Қабыл алдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып!
Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар.
Жапырақ пен сиқырлы, ойынды тез ойнаңдар.

Ойын: «Жапырақ кімде?»
Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар!
Алтын күз: Балалар, сендерді көргеніме қатты қуанып отырмын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі

Шықса жасыл

Түссе -сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Алтын күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!

Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі. Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Тақпақтар:

Алтын күз: Бәрекелді, керемет!
Жүргізуші:Алтын күз, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесіз бе?
Алтын күз: Білмейді екем...
Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз. ( Ойын «Көкөністерді ажырат»).

Ойын: «Көкөністер мен жемістер»
Алтын күз: Бәрекелді, жарайсыңдар!

Жүргізуші: Алтын күздің ата-аналарға да арнаған тапсырмасы бар екен. Мен қазір оқимын сіздер сөздің ұйқастарын табасыздар.

Іші толған шәрбәт,
Дәмі сондай әйбат.
Үзесің бірден жүзін,
Оның аты - ЖҮЗІМ.

Сырты қандай қатты,
Дәні сондай тәтті.
Шағып қара таңдап,
Оның аты - ЖАҢҒАҚ.

Дөп-дөңгелек сары,
Ішінже бар дәні.
Қызығасың көріп,
Оның аты - ӨРІК.

Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты - ШАБДАЛЫ.

Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде.
Санап қара қанша,
Оның аты - ШИЕ.


Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша-бақ.
Күрең қызыл шіркін-ай,
Оның аты - ҚҰЛПЫНАЙ.


Қ-дан мені бастасаң,
Шөлің басар асыңмын.
Ж-ға айырбастасаң,
Тамшы болып тасындым.
(Қауын-жауын)

Бір бауыңда кәріңмін,
Екінші де нәріңмін.
Қосылғанда екеуі,
Көкөніс боп табылдым.
(Шал-қан)
Жүргізуші: Балалар, жаңбыр басталды... Қазір біз жаңбыр туралы ән салсақ, ол бізді естіп, сонда тоқтатар жауғанын.

Жүргізуші: Алтын күз біздің балаларымыздың «Жаңбыр» атты өлеңдерін қабыл ал.

Ән: «Жаңбыр»
Жүргізуші:
Бір күні орманда,
Қоян үйіне барыпты.
Жүгіріп ол жолда
Саңырауқұлақтарды жоғалтты.


Залға қоян кіреді. Оның қолында себеті бар. Айналып, тоқтайды.
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, қоян! Көңіл-күйің жоқ қой!
Қоян: Сәлеметсіңдер ме! Менің анам саңырауқұлаққа жіберді, ал мен оның бәрін жолда жоғалттым.
Жүргізуші: Біз саған көмектесеміз. Бүгін бізде Күз мерекесі. Қазір бізге саңырауқұлақтар өздері өнер көрсетуге келеді.

Би:«Саңырауқұлақтар»
Жүргізуші: Қоян саған біздің балалардың өнері ұнады ма?

Қоян: Маған өте қатты ұнады. Рахмет сендерге балалар.

Ойын: «Күн мен жаңбыр»

Жүргізуші: Қоян сен 10-ға дейін санау білесің бе? Біздің саған тосын сыйымыз бар.

Қоян ата-аналар көмегімен 10-ға дейін санайды. Осы кезде балалар саңырауқұлақ жинап береді.

Қоян: Рахмет саған балалар. Мен енді қайтайын.

Алтын күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды

Берекелі бақ-дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болындар, балалар,

Келгенше жыл айналып

Менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға таратып беріңізші.

Жүргізуші: Балалар Алтын күзге не айтуымыз керек?

Балалар хормен:

Күз арқылы білеміз,

Жомарттықтың салтын біз.

Біз өзіңді сүйеміз,

Рахмет саған алтын күз!

Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!


© 2010-2022