8-наурыз мейрамына арналған екінші кіші топ ертеңгілігі Ақ жарқын аналар!

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ақ жарқын аналар!»

Би: «Балапан»

Жүргізуші:Қымбатты балалар,сүйікті аналар! Бүгін біз көктемнің алғашқы күні осы әсем залға «8 наурыз» аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз,мерекелеріңіз құтты болсын!

Бала,бала,бала деп

Түнде шошып оянған,

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

Аялы қолда талпынтқан

Өзенді көлдей шалқытқан

Қолын қатты тигізбей

Кірлі көйлек кигізбей

Иісін жұпар аңқытқан

Бұл кім?

Балалар: Ана! Ана! Ана!

Жүргізуші: Құрметті аналар,сіздерге арналған мерекемізді бастайық.

Тақпақтар

Мұрад: Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамынмен құттықтаймын

НҰРЖАН АЙДЫН АДИЯ АЛЬХАКИМ БАЛАХМЕТ ТОМИРИС

Ән: «Көктем»

Жүргізуші: Көңілдердің хошын-ай

Бар баланың досындай

Ақ жүректі,кең пейіл

Біздің балалар осындай,-дей келе кезекті тамаша әнге береміз

Ән: «Бала,бала балапан»

Жүргізуші: Тыңдандаршы осында біреулер келе жатқан сияқты. (бауырсақ келеді)

Бауырсақ: Сәлеметсіздерме балалар! Ооооо қандай әдемі балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын аналар.

Балалар: Сәлеметсіз бе бауырсақ!

Жүргізуші: Бауырсақ,не болды кімнен қашып келе жатырсын?

Бауырсақ: Мен атадан,әжемнен қаштым ешкім мені ұстай алмайды,мен зымырап,домалап тез жүремін!

Музыка ойнайды.

(осы кезде қоян келеді)

Қоян: Ау,бауырсақ сен мұнда не істеп жүрсің? Мен сені жеймін. Сен сондай дәмдісің!

Бауырсақ: Ой,қоян мені жемеші,мен саған әдемі ән салып беремін

Қоян: Жарайды,тыңдасам тыңдайын,әніңді айта бер

Бауырсақ: Мен атадан қаштым,әжемнен қаштым сененде қашамын.

Қоян: Жоқ! сен қаша алмайсың,мен сені жеймін!

Бауырсақ: Балалар маған көмектесіңдерші мен басқа ән білмеймін

Жүргізуші: Балалар бауырсаққа көмектесейік,аналарымызға арналған тамаша әнімізді орындап берейік.

Ән: «Бауырсақ»

Қоян: Жарайды,бауырсақ мен сені жіберейін,сенің достарын әнді әдемі айтады екен,балалар мен анама барып көмектесейін. Сау болыңдар,балалар!

Аналар мерекесі құтты болсын!

Жүргізуші: Бауырсақ біздің балалар бүгінгі мерекеде аналарына тақпақ та,әнде,биде орындайды. Сен ата мен әжеден қашпа мерекеде қал.

Бауырсақ: Мен осы мерекені көрейін деп ,осы балабақшаға келген едім. Енді қашпайтын болдым.

Жүргізуші: Ендеше қазір Сафия би орындап береді.

Ән: Ойыншықтар

(Аю кіріп келеді музыка ойнайды)

Аю: Сәлеметсіздер ме балалар!

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе!

Аю: Ау,бауырсақ сен мында не істеп жүрсің? Өзің сондай әдемі екенсің сені жеймін!!

Жүргізуші: Аю сен бауырсақты жеме,бүгін аналар мерекесі ғой,кел барлығымыз көңіл көтеріп ұлдардың биін тамашалайық!

Аю: Жарайды

Би: «Көмекшілер»

Аю: Мен сендерге жай келмедім менің ойыным бар ойнаймыз ба?

Ойын : «Ойыншықтар » Шарты: Екі кәрзеңкенің қасында ойыншықтар,кім кәрзеңкені бірінші толтырады сол женеді.

Аю: Ой,балалар маған мына биде,ойында қатты ұнады. Рахмет сендерге біраз көңілім көтеріліп қалды. Балалар мен орманға анама барайын.

Жүргізуші: Саубол аю!

Бауырсақ: Балалар мен әжемді қуанту үшін не істейтінімді білмеймін,мен оны ренжітіп сұранбай қашып кеттім.......әжем -ай!?

Жүргізуші: Бауырсақ қазір балалар барлық әжелерді құттықтаймыз әдемі ән мен тақпақтар айтып береміз.

Бауырсақ: Жарайды

Тақпақтар

АМИНА АНУАР АМИНА САФИЯ МАНСУР

Жүргізуші: Ән мен күйді төгілтіп

Інжу маржан шашайық

Қонақтарды таң қалдырып,

Өнерден күмбез жасайық,-дей келе әнді тек өздеріңіздерге арнаймыз ақ жаулықты әжелер.

Ән: «Әже»

БАУЫРСАҚ «Сылдырмақтар» биін билейік балалар.

Жүргізуші: Балалар тыңдандаршы бізге тағыда біреу келе жатқан сияқты.

(осы кезде түлкі келеді)

Түлкі: Сәлеметсіздер ме балалар! Сендердің дауымтарынды естіп,осында келдім. Осында бауырсақта жүр екен міне керемет! Ау,бауырсақ сен мұнда не істеп жүрсің? Сен сондай дәмдісің мен сені жеймін!!

Жүргізуші: Түлкі біз бүгін аналар мерекесін тойлап жатырмыз,сен бауырсақты жеме төрлет бізбен бірге аналар мерекесін тойла. Мүмкін,аналарға көрсетер бір өнерің бар шығар?

Түлкі: Менің сендермен ойнағым келеді «Кім бірінші ойынды құрстырады»

БАУЫРСАҚ, ТҮЛКІ: Ия бізге ойын ұнады. Ендеше бүгінгі аналар мерекесіне жақсы бір би билейік барлығымыз.

Түлкі: Ой,мен билегенді сондай ұнатамын,билесек билейік.

Бауырсақ: Менде билегенді ұнатамын.

Би: хореограф

Түлкі: Балалар рахмет,мен енді достарыма барайын,бауырсақ сені ата мен әже күтіп қалған шығар,мен саған жол көрсетіп жіберейін.

Бауырсақ: Түлкі сен мені алдамайсың ғой?

Түлкі: Арине алдамаймын.

Жүргізуші: Сауболыңыздар! Ал біз анамызға біз бүгінгі мерекеде ән,тақпақ,биде биледік тек жасаған сыйлықтарымызды сыйламас бұрын бір ән сыйлайық.

Ән: «Бауырсақ»

Жүргізуші: Ана,ана,ана! Осы сөз адамға қандай күш береді.

Дүниеде ананың мейіріміне ,аялы алақанына не жетеді?

Жақсылық атаулының барлығы ананың сүтінен жаратылған.

Ана сен бақыттысын,бақыттысың

Менмін ғой бақшаңдағы бақыт құсын

Қазірге өбекте де,өсіре бер

Ақ сүтіңді ақтаймын уақыт тусың-деген,кішкентай бөбектеріңіздің өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.Осымен бүгінгі мерекеміз өз мәресіне жетті.Келесі кездескенше сау болыңыздар!!




© 2010-2022