Математика. Фигуралар. Мектепалды дайындық тобына арналған

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Математика.Фигуралар.Мектепалды дайындық тобына арналғанМатематика.Фигуралар.Мектепалды дайындық тобына арналғанМатематика.Фигуралар.Мектепалды дайындық тобына арналғанМатематика.Фигуралар.Мектепалды дайындық тобына арналғанМатематика.Фигуралар.Мектепалды дайындық тобына арналған

Білім беру саласы : Таным

Ұйымдастыру іс-әрекеті: Математика

Тақырыбы: Фигуралар
Мақсаты:
1Балдырғандарға геометриялық фигуралар туралы түсініктерін нығайту
2. Ойын түріндегі тапсырмаларды беру арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.
3. Түрлі математикалық тапсырмаларды орындау кезіндегі шапшаңдылыққа тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:слайд,геометриялық фигуралар,ойыншықтар,кеспе сандар.циркуль,сызғыш.

Пәнаралық байланыс:Өзін-өзі тану,айналаны қоршаған орта

Ұйымдастыру іс-әрекет барысы:

Шаттық шеңбері:
Біз ақылды баламыз,
Өседі ой-санамыз.
Талаптанып білуге,
Бар ынтаны саламыз.
Санаймыз да, ойнаймыз.
Ойнаймыз да, ойлаймыз.
Үйренуге құмармыз
Білім жолын қуамыз!

Өткенді пысықтау:
Дидактикалық ойын:" Орныңды тап"
шарты:0-ден 10-ға дейінгі сандар орнымен орналасуы тиіс.

Жұмбақ:
Ұрсаң қатты зырлайды,
Жерге қарғып тұрмайды.
Тиіп кетсе басыңа,
Еш бір зиян қылмайды.

-доп

-Дұрыс айтасыңдар,ал доп қандай?

(балалар әртүрлі жауап береді)

-дөңгелек

-Дұрыс,айтасыңдар.доптың пішіні дөңгелек.

Проблемалық сұрақ: Ой қозғаустратегиясы.

Нүк те,кесінді,сызықты еске түсіру

Тақтаға нүктені саламын олардың арасын қосқанда не пайда болады?

-сызық

-дұрыс,осы сызықты ортасынан кесіп тастасам не пайда болады?

-кесінді

-өте жақсы ,осы кесінділермен нүктелердің арасын қосқанда не пайда болды?

- төртбұрыш,үшбұрыш

Бүгінгі матемтика оқу іс-әрекетінде біз пішіндер немесе геометриялық фигуралар туралы көптеген мәлімет аламыз.

Фигура деген сөзді нүктелер жиыны деп ұғамыз. Геометриялық пішіндердің қасиеттері туралы алғашқы мағлұматтарды адамдар күнделікті өмірде айнала қоршаған әлемді бақылай отырып түсіне бастаған. Ежелгі геометриялық құралдарға жататын циркуль мен сызғыштың алғашқы пайда болғаны - сызғыш.

Ал енді назарымызды Электронды әліппеге аударайық.ол не дер екен?

-қандай фигуралар түрін айтты?

Шаршы,шеңбер , тікбұрыш,сопақ, жұлдыз,үшбұрыш туралы айтты.

Әліппе дәптермен жұмыс:

1-тапсырма:

Суреттегі фигураларды
қандай белгісіне қарай топтастырылған.

Математика.Фигуралар.Мектепалды дайындық тобына арналған

сергіту сәті:

Орнымыздын тұрайық

Әуенге құлақ салайық

"Қара жорға" әніне

Билеп-билеп алайық

Музыкалық сергіту.
2- тапсырма:
Ойлан,тап: Фигураларды қабырғаларының саны азынан көбіне қарай сызық арқылы қос.

Дидактикалық ойын:«Шапшаң,ықшам»
Төртбұрыш дегенде төртеуден бірігу
Үшбұрыш дегенде үшеуден бірігу
Дөңгелек дегенде екеуден бірігу

3- тапсырма:
Есеп құрастыр және шығар.

3+2=5

5-1=4

Логикалық ойын:
"неше төртбұрыш?неше үшбұрыш бар?

3 төртбұрыш,3 үшбұрыш

Қандай фигуралар бар?Нешеу екенін сана.

1 дөңгелек,1төртбұрыш,3үшбұрыш

Фигуралар неге ұқсайды? (балалар тақпақ айтады)

Пішіндерді үйрендім,

Қабырғасы тік сайлы.

Үшбұрыш - бұл үйлерің,

Шатырына ұқсайды.

Бөлініп ап екіге,

Отырған сәт шетіне

Төртбұрышты ұқсаттым,

Парталардың бетіне.

Көңілді фигуралардан не құрастыруға болады?

-үй,бағдаршам,зымыран,ұшақ,робот,баспалдақ

Жаңа сабақты қорытындылау:

Шелекке ұқсайтын дене
Біліңдерші сіз қане?

Төртбұрыштың үстіне
Қойса сәнді үй болар
Ойлан кәне достарым
Кәне қандай фигура?

бүгін не туралы білдік?

Фигуралар

Фигура деп ненің жиынтығын айтамыз екен?

Нүктелердің жиынтығы

Сабаққа қатысқан балаларды көңілді фигуралармен мадақтау.

Математика.Фигуралар.Мектепалды дайындық тобына арналған







© 2010-2022