Внеклассное мероприятие Жасыл шырша жанында

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жасыл шырша жанында»

Қатысушылар:

Жүргізуші

Аққала

Ақшақар

Аяз ата

(Балалар әсем музыка әуенімен залға кіреді.)

Жүргізуші:

-Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар! «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.Балалар,қараңдаршы,залымыз қандай әсем безендірілген,шыршамыз да өте әдемі.Қанекей,балалар,барлығымыз шыршаны айналып,шыршаға арнап ән салайық.

Ән: «Орманда шырша туды»

(Балалар шыршаны айналып тәрбиешімен бірге ән салады,ән біткен соң орындарына отырады.)

Жүргізуші:

-Ой,балалар,қараңдаршы,шыршаның астында біреу ұйықтап жатқан сияқты.Ол кім болды екен?Балалар,ол аққала ғой.Қане оны оятайық,әйтпесе ол жаңа жылды қарсы алуға кешігіп қалады.

(Тәрбиеші келіп аққаланы оятады)

Аққала:

-Сәлеметсіңдер ме балалар!Мен сендердің жаңа жыл мерекелеріңе қонақ болып келдім.Сендерді күтемін деп,ұйықтап кетіппін.Мені оятқандарыңа рақмет.

Жүргізуші.

-Аққала,ал сенің себетің де не бар?

Аққала:

-А,бұл ұлпа қарлар ғой.Мен олармен ойнағанды өте жақсы көремін.Сендер де менімен ойнағыларың келе ме?

Балалар:

-Ия.

Ойын: «Ұлпа қарлар»

(Аққала себетіндегі ұлпа қарларды жерге шашады,балалар оны қайта жинап себетке салу керек)

Аққала:

-Керемет,балалар,өте жақсы ойнадыңдар!

(Қыздың жылаған даусы естіледі)

Жүргізуші:

-Балалар,жылаған дауыс естіледі.Ол кім болды екен?

(Ақшақар жылап кіреді)

Жүргізуші:

- Балалар бұл Ақшақар екен ғой.Ақшақар сен неге жылайсың?

Ақшақар:

-Балалар,мен сендерге Аяз атамен бірге келе жатыр едім,одан адасып кеттім.Аяз атасыз жаңа жылды қалай қарсы аламыз?

Жүргізуші:

-Ақшақар сен жылама,Аяз атаның сиқырлы таяғы бар емес пе,қазір келіп қалар.Ал сенің көңіліңді көтеру үшін балалар саған ән салып береді.

Ән: «Аяз ата,Ақшақар»

Ақшақар:

-Балалар әнді өте керемет айттыңдар,Менің де сендерге дайындап келген өнерім бар.Қанекей,қыздар ортаға келіңдер «ұлпа қарлар» биін билейік.

Би: «Ұлпа қарлар»

Жүргізуші:

-Міне,Ақшақар біздің кішкентай қыздарымыз сенің көңіліңді көтеріп жіберді.

(Алыстан Аяз атаның даусы естіледі)

Ақшақар:

-Алақай,балалар,мынау Аяз атаның даусы ғой!Қане,оны барлығымыз шақырайық.

Аяз ата,Аяз ата,Аяз ата...

Аяз ата:

-Сәлеметсіңдер ме балалар!Әрең дегенде сендерді таптым-ау,жаңа жылдарың құтты болсын!

Жүргізуші:

-Аяз ата,сіз алыс сапардан шаршап келген боларсыз,отырып демалыңыз,ал біздің балалар сізге арнап тақпақ айтқылары келіп отыр.

Қ.Інжу:

Келдің міне жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді

К.Інжу:

Аппақ тонға оранып

Базарлықта мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Еркежан:

Көрікті,бөрікті

Аяз ата келіпті

Беріп жатыр таратып

Алма,анар,өрікті

Арыстан:

Кел балалар келіңдер

Тамашаны көріңдер

Дала нұр,қала нұр

Құтты болсын жаңа жыл!

Аяз ата:

-Рақмет,балалар,өнерлерің өрге жүзсін!Енді менің сыйлығымды қабыл алыңдар.Көмекшілерім-Ақшақар,Аққала қане,ортаға сыйлықтарды алып келіңдер!

(Сыйлықтар таратылады)

Жүргізуші:

-Осымен біздің шағын ертеңгілігіміз аяқталды.Баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!



© 2010-2022