Сценарий спортивного состязания на тему Әке, шешем және мен

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Әке, шешем және мен» спорттық сайыс.

Мақсаты: балалардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, күш-қуат пен секірігіштікті дамыту, достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті балалар мен ата-аналар, қонақтар! Бүгін біздің балабақшада үлкен мереке. Балаларымыздың ата-аналары арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуге жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Біз мұндай отбасыларына сәт сапар тілейміз!

Сайысқа қатысатын ата-аналар келіп эмблемаларын алуы сұранады.Алдымен сайыс шартымен таныстырып өтейін.

  1. Сайысқа қатысушылармен жеке таныстыру.

  2. «Кім жылдам?» ойыны

  3. Доппен секіру.

  4. Допты шеңберге лақтыру.

  5. Асық ату.

Алғашқы сайысқа Карамбаевтар мен Зайдолла отбасы жарысқа түседі.

Карамбаевтар отбасы: Біз ананың қуанышымыз.

Бала кезден шыныққан.

Болшақта есейіп.

Біз жеңімпаз боламыз.

Зайдолла отбасы: Қатар өскен құрдасқа.

Жарыс ұнап тұрмаспа.

Қуып жету жақсы ғой.

Озып шығу бір басқа.

Темиргалиевтер отбасы: Қане, қане жарысуды.

Айналдырайық әдетке.

Денемізді шынықтыру.

Денсаулыққа қажетпе.

Жүргізуші: Қызады бүгін той-сайыс ортамызды ашайық.

Ырыс дәулет мол болсын.

Жылда осындай сайыс болсын.

Жарысты енді бастайық.

Ал кәнекей жол болсын.

«Кім жылдам» ойыны.

Шарты: алдында үш жәшік қойылған. Топтағы сайыскерлер ойышшықтарды жолда жинап алуы керек. Қай топ тез жинап шықса, сол жеңген болып есптеледі.

Жүргізуші: Ал құрметті халайық.

Жарысты енді көріндер.

Әділ қазы алқасы.

Әділ баға беріңдер.

3. «Доппен секіру». Ойыны.

Шарты: Жарысатын үш топтың сайыскерлері мәреге келіп тұрады. Допты аяқ арасына қойып секіріп келіп сөреге дейін барып қайтып, екінші сайыскерге береді.Ал балалар бір аяқпен секіріп қайтады.

Жүргізуші: Өнерсіздік зор айып.

Ән мен күйге басайық.

Арасында тағы бір.

Ән мен шашу шашайық.

Балалардың өнерлерін көру.

Жүргізуші: Өнерге биік өсіңіз.

Думанға қызық келіңіз.

Әділ қазы ел сенген.

Өнерге баға беріңдер.

4. «Допты шеңберге лақтыру» Ойыны.

Шарты: Осы құрсауға допты дәл лақтыру керек. Әр бір отбасының сайыскері допты екі рет лақтырады. Кім шеңберге дәл лақтырса, сол көп ұпай жинайды.

Жүргізуші: Қошеметпен жеңіп шыққан отбасын.

Қол соғайық жеңісімен құттықтап.

Жақсы ойынын қарап.

Енді міне көшейік жарысқа.

5 «Асық тастау» ойыны.

Шарты: Белгілі мәреде шеңбер ішінде асықтар қойылған. Қай отбасының сайыскері асықты құлатып, шеңберден шығарса сол топ коп ұпай жинап, жеңіп шығады.

Жүргізуші: Денің саудың күштісің бұл әлемде.

Денің саудың сүлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында.

Жетерсің әлі талай бақыттарға.

Сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.

Құрметті әділқазылар сөз кезегі өздеріңізге, ата-аналар мен балаларды марапаттау.



© 2010-2022