Ертеңгілік: Жеті лақ ертегісі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оңтүстік Қазақстан облысы

Қазығұрт ауданы

Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейі







Ашық сабақ


Тақырыбы: Жеті лақ ертегісі


Сынып жетекшісі: Тоққұлова Ж.

Сыныбы: МАД






2016 жыл





Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ойын ойнату арқылы, ертегідегі кейіпкерлердің атынан әр түрлі тапсырмалар беріп, орындату; тапсырмалар арқылы тез ойнау, дұрыс сөйлей білу қабілеттерін дамыту; Адамгершілікке, көмектесе білуге, сүйіспеншілікке, еліне, жеріне деген махаббаты бойларына қалыптастыра отырып, тәрбиелеу.

Білімділік мақсаты:

Оқушылардың ой-өрстерін кеңейту.

Дамытушылық мақсаты:

Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:

Жаңа технологияларға сүйніп, оқушылардың жаңа сабақтан және өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтау. Сауаттылыққа, ұстамдылыққа, әдептілікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ертегі, баяндау, сұрақ-жауап,құрастыру, сәйкестендіру.

Сабақтың көрнекілігі: ертегі кейіпкерлерінің, әр-түрлі жеміс-жидек, көкөнс, аңдар, құстардың суреттері.

Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, сурет салу,

Сабақтың барысы:

Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгендеу.

Мынау менің жүрегім,

Елімді мен сүйемін.

Жақсылыққа жақын боп,

Әрдайым күліп жүремін.

Үй тапсырмасы: Мақта қыз бен мысық.

Мақта қыз бен мысық ертегісін сахналау.

Ойын: «Кім тапқыр?» Жұмбақ шешу.

  1. Өзі үлкен жануар
    Үстінде екі тауы бар. /Түйе/

  2. Екі айнасы бар, екі найзасы бар,

Төрт сылдырмағы бар

Бір шыбыртқысы бар /Сиыр/

  1. Иегінде сақалы бар //Ешкі

  2. Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тны бар /Қой/

  1. Төрт аяғы бар

Сегіз тұяғы бар.

«Ертегілер еліне саяхат»

Ертегі - ауыз әдебиетінің өте ерте заманнан келе жатқан құнды қазынасы. Ертегілерде ел басынан өткен өмірдің ізі бар. Онда қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, мұң-шері, арман - мұраты көрініс береді. Ертегілер үш түрге бөлінеді.

  1. Қиял-ғажайып ертегілер

  2. Хайуанаттар жайлы ертегілер

  3. Салт /шыншыл/ ертегілер.

Жаңа сабақ: Жетілақ ертегісі

Кіріспе. Мәнерлеп оқып беру. Жаңа сбақты түсіндіру. Үй жануарлары туралы түсіндіру.

Ерте, ерте, ерте екен,

Ешкі жүні бөрте екен

Қырғауылы қызыл екен,

Құйрық жүні ұзын екен.

Ерте заманда бір ешкі болыпты. Ешкінің жеті лакғы бар екен. Олар ормандағы үйшікте өмір сүріпті. Ешкі орманға кеткенде, лақтары үйде қалады. Ешкі лақтарына:

-Үйде отырыңдар, лақтарым. Есікті ешкімге ашпаңдар. Әйтпесе қасқыркеліп, бәріңді жеп қояды - дейді. Ешкі үйге келгенде, есікті мүйізімен қағып, былай деп әндетеді.

-Лақтарым, шырақтарым,

Есікті аш шұнақтарым!

Анаң өрістен келді

Көк шөп, көп сүт әкелді,

Есікті аш қарақтарым»

-Лақтары есікті ашады. Бір күні қасқыр естіп тұрады да есікті қағып, дөрекі дауыспен әндетеді.

-Лақтар, шырақтар

Есікті ашыңдар

Анаң келді

Сүт әкелді.

-Ал, лақтар - Жоқ, біз ашпаймыз. Сен анамыз емессің, қасқырсың. Анам жақсы айтады әнді, сенің дауысың жаман, - деп ашпайды. Ешкі келгенде, лақтары қасқыр келгенін, есік ашпағанын айтады.

-Сендер жақсы баласыңдар, анаңды тыңдайсыңдар - анасы мақтайды. Келесі күні қасқыржіңішке дауыспен әндеткенде, анамыз екен деп лақтар есікті ашып қояды.Қасқыр алты лақты жқтып қояды. Кішкене лақ пештің ішіне тығылып қалады. Ешкі келсе, есік ашық тұр. Ешкі:

-Лақтарым шырақтарым,

Қайда кеттің шынақтарым!

Анаң өрістен келді,

Көк шөп, көп сүт әкелді,

Қайдасыңдар, қарақтарым деп жылайды.

Кәшкентай лақ мә-мә-мә деп пештен шығып,әпкелері мен ағаларын қасқыр жұтып қойғанын айтады.

Ешкі қасқырдықуып жетіп, мүйізімен ішін жарып жібереді, лақтары аман-сау шыға келеді. Содан кейінтерезеден қарап, анасын көрмей есік ашпайтын болыпты.

Ойын: «Сен білесіңбе?»

  1. Мынау қай ертегінің кейіпкерлері?

Бағалау: балалардың еңбегін бағалау.

© 2010-2022