Сенсорика для младших групп на казахском

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


2.09.2015 жыл. Сейсенбі


№1 оқу іс-әрекет: «Таным» білім беру саласы

Бөлімі: Сенсорика

Тақырыбы: «Құлыншаққа арналған жол»

Мақсаты: балаларға 4 мүмкіндіктің ішінен 2 берілген түс бойынша (қызыл, көк) затты таңдауға үйрету; заттарды түсі бойынша топтастыру іскерлігін бекіту; спектрде түстер бояуларын араластырудың ретімен таныстыру. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: 6-7 баладан тұратын топқа әр түстен 24 дана түрлі түсті (қызыл, көк, сары, жасыл) қатты жолақшалар.

Сөздік жұмыс: түрлі түсті жолақтар.

Билингвальды компонент: қызыл - красный, көк - синий.

Жоспар кестесі:



Оқу іс-әрекетінің кезеңдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті


Баланың іс- әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық

Ұйымдастырушылық-ізденістік





Рефлексиялық-түзетушілік

Ойындық жағдаят.

Балаларға қонаққа құлыншақ келді. Ол балаларға өзімен бірге түрлі түсті жолақшаларды сыйлыққа ала келіпті.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Балалар қарайды.

-Балалар, қараңдаршы, құлыншақ бізге қандай әдемі, ашық, түрлі түсті жолақшалар әкелген.

Сөздік жұмыс: түрлі түсті жолақтар.

Педагог қызыл және көк телпектері бар 2 қуыршақты әкеледі (көйлектері, шаш буғыштары және т.б. бар).

-Кәне, балалар, қызыл телпегі бар қуыршаққа арналган жолақшаны таңдап көрейікші.

Ал екінші қуыршағымызға да дәл басындағы телпегінің түсі сиякты - көк түсті таңдайық.

Билингвальды компонент: қызыл -красный, көк - синий.

Педагог балалардың әрекетін «дәл осындай түстен» сөзімен түсіндіреді. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

«Жол сал» дидактикалық ойыны. Педагог балаларға құлыншаққа арнап түрлі түсті жолақшалардан (қызыл және не көк ) жол салуларын ұсынады.

Педагог балалардың жұмысын мадақтап, құлыншақпен қоштасады.

Балалар құлыншақпен амандасып, әкелген сыйлықтары үшін алғыстарын айтады.

Балалар қарайды.

Қайталайды: түрлі түсті жолақтар. Балалар алдымен қызыл түсті бір жолақшаны таңдап алып (дәл сондай), үстіне қою аркылы немесе қарап отырып басқа да түсті жолақшалармен салыстырып, оны кызыл телпекті қуыршақтың қасына қояды. Екінші

қуыршақпен де дәл осындай жұмыс жүргізеді.

«Дәл осындай түстен» сөзін қайталайды.

Балалар алдарына жолақшаларды қызыл - көк, қызыл - көк ретпен орналастырады. Құлыншақпен қоштасады.

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: 4 мүмкіндіктің ішінен 2 берілген түс бойынша затты таңдауды;

Түсінеді: 2 түсті: ( қызыл, көк);

Қолданады: түстері бойынша заттарды топтастыру дағдысын.

№2 оқу іс-әрекет: «Денсаулық» білім беру саласы

Бөлімі: Дене шынықтыру











© 2010-2022