Мақала тақырыбы: Жаңа технология

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Найзабекова Г.М.

Білім берудің бастауыш сатысында инновациялық оқытуды жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің бастыміндеті -ұлттық жалпы адамзаттық құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру,халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»-деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген.

Бұл міндеттерді шешуде,әрбір орта мектептің бастауыш сатысында білім беруде оқу-тәрбие үрдісін жаңа технологияларға сай ұйымдастыру әрбір мұғалімнің күнделікті ізденіс арқылы,барлық жаңалықтар мен қайта құру өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға,жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.

Жеке тұлға жан-жақты дамыту шеңберінде білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі «білім беру технологиясы» ұғымның қалыптасуына әкелді.

Бастауыш мектепте қазіргі педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі оқушылардың білімін арттыруда,іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуымен байланысты.

|Жаңа ғасыр біздің қоғамымыздың білім беру жүйесін «ашық ақпараттық қоғамның»қадам басуымен байланыстырады.Бүгінгі күні қоғамда ақпарат негіздеуші рөл атқарып,ақпараттық процестерді алумен,өңдеумен,оларды кеңінен пайдаланумен байланысты.

Бастауыш мектептің оқушысы қазіргі заман талабына сай технологиямен жабдықталған сыныптарда оқуды аңсайды.Бала компьютерде ойын ойнауды ғана емес,қызықты сурет салуды,жұмыс жасауды,сөздік(ағылшын,орыс,қазақтілі)қорын молайтуды,электрондық оқулықпен жұмыс жасауды үйренгісі келеді,онымен етене жақындасуға,достасуға тырысады.Бастауыш мектепте компьютерлік сауаттылық элементтерін қалыптастыру керек.

Ол үшін оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпаратттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан,осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолданумен көрсететін құралдардың бірі компьютермен,оған енгізілген бағдарламамен ғана шектеліп қалмауы керек.

Жеке шығармашылық ,өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағыттаған дұрыс.


Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі мұғалімдер мен оқушылардың бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етеді.
Ақпараттық технологияның ерекшелігі: оқушылардың өздері ақпараттар жинап, жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп жауабын тауып, өзінің қөзқарасын логикалық түрде дәлелдейді.

Қорыта келгенде,ннновациялық оқытуды жүзеге асыруда оқытудан күтілетін нәтижені негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға,әрбір пән бойынша деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады.
Ең бастысы,ұстаз- әр оқушының ерекше болмысы, тұлғалық қасиеттерін мойындау,әр баланың жеке даму процесіне, оның тұлғалық қалыптасуына кешенді педагогикалық бақылау жүргізетін бір мезгілде оқытушы да, психолог,кәсіби құзыреттілігі жоғары өз ісінің нағыз шебері болуы абзал.


© 2010-2022