Конспект по математике на тему Путешествие во времени

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бисеналина Дамегуль Нагиевна

№ 41 «Назерке» МДҰ тәрбиеші

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: ҚМҰҚ

Тақырыбы: Уақытты бағдарлау

Мақсаты: Жалпы уақыт өлшеуіштері туралы бағдар беру. Төрт жыл мезгілі, ай, апта, уақыт бөліктері туралы ұғымдарын кеңейту. Сөзде қолдана білуге, алған білімдерін ойында қолдана білуге үйрету. Уақытты бағдарлай білулерін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: жыл мезгілдері, уақыт бөліктері суреттері және шартты белгілері.

- Балалар бізге Дымбілмес қонаққа келді. Ол апта, ай, уақыт дегенді білмейді. Қане Дымбілмеске көмектесеміз бе?

- Бір аптада неше күн бар?

- Апта күндерін ретімен атап беріңдерші?

- Бүгін аптаның қай күні?

М.Жаманбаменов «Бір аптада» өлеңі оқылады.

Дүйсенбіде гүл ектім,

Сейсенбіде жуа тердім

Сәрсенбіде су әкелдім.

Бейсенбіде бақша баптап,

Жұма күні тақпақ жаттап,

Сенбіде мен киноға бардым

Жексенбіде бір демалдым.

Слайд: «Апта күні» сурет бойынша Айгүлдің бір апта бойы не істегенін айтып береді.

- Апталар бірігіп бір айды құрайды.

Жұмбақ жасыру:

Алғашқысы суытады өлкені,

Екіншісі жылытады, жер кеңіп.

Үшіншісі көк теңізге бар дейді.

Төртіншісі ұсынады бал дәмді

(жылдың 4 мерзімі)

Бір жылда неше ай бар? 12 ай

Күз айларын атаңдар?

Қыс айларын атаңдар?

Көктем айларын атаңдар?

Жаз айларын атаңдар?

Ойын: «Мен қай айды айтпай кеттім?»

а) Желтоқсан, қаңтар, сәуір, мамыр

ә) маусым, шілде, қыркүйеі, қазан.

Сергіту сәті:

Орнымызда тұрамыз, қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір, бұрыламыз солға бір.

Біздер тату баламыз, гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ, жақсы сергіп қаламыз.

Дид/ойын: «Бұл қай уақыт бөлігі»

Ойын шарты: сары, көк, ақ, қара түсті дөңгелек шартты белгілерге қарап, уақыт бөліктерін атайды, ол уақытта не болатыны туралы айтып береді.

Таңертең: Адамдар ұйқыдан оянады, жуынады, үлкендер жұмысқа жиналады, оқушылар мектепке, кішкентайлар бала-бақшаға.

Күндіз: Үлкендер жұмыс жасайды, балалар мектепте оқиды, бақшада балалар серуенге шығады, ойнайды, ұйықтайды.

Кеш: Үлкендер жұмыстан үйге қайтады. Кешкі ас ішеді, теледидар қарайды.

Түн: Түнде ұйықтайды, демалады.

Ойын: «Төртінші артық»

Тәрбиеші сөздерді атайды, балалар артығын табады.

а) Дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, күз.

ә) Бейсенбі, қыс, көктем, жаз.

б) Тамыз, кеш, түн, таңертең.

- Қане Дымбілмес үйренді ме, тексеріп көрейік.

- Бүгін қай күн?

- Қай ай?

- Жылдың қай мезгілі?

- Қай уақыт бөлігі?

- сендер Дымбілмеске көп нәрсе үйреттіңдер. Ол енді «Уақыт деген не?» екенін білетін болды.

- Балалар адамға уақыт бөліктерін, апта күндерін, айды, жыл мезгілдерін не үшін білу керек? Қорытындылаумен аяқталады.


© 2010-2022