Қазақтың ұлттық ойыны Ханталапай

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы

Панфилов ауданы

Жаркент қаласы

«Таңшолпан» балалар бақшасы

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай»

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойынын дәріптеу арқылы балалардың интелектуалдық, тапқырлық, ептілік қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

Патриоттық сезімдерін ояту, Отанға, туған өлкеге сүйіспеншіліктерін ояту.

- Балалар, бүгінгі ойнайтын ойынымыз «Ханталапай». Бүл ойын атадан балаға, үлкеннен- кішіге мұра болып жалғасып келе жатыр, ерекшелігі мен мәнін жоғалтпауының себебі жан- жақты беретін тәрбиесі бар болуында. Асық ату ойыны күндіз де, түнде де ойналатын ойын. Күндізгі уақытта ойнасаң- мерген боласың, түнгі уақытта ойнасаң- епті боласың. Ұлы Абай Құнанбаев атамыз да асық ойынын жақсы ойнаған екен.

Слайд көрсету: «Ханталапай» ойыны.

Әңгіме жүргізу.

Мынау асық асығыңдар, келіңдер

Сұрақтарға жылдам жауап беріңдер

Мақалменен сан әлемге еніңдер

Жұмбақтарды зердеменен шешіңдер.

Ойынды бастау: «Талапай- ау, талапай, табылды ойын алақай!- деп қоржындағы асықтарды шеңбер болып отырған балалардың алдына шашамын.

Ойынның шарты: Жинаған асықтарын санап, әр бала 5 асықтан тігеді, оларды атуға дайындалады. Хан асығы (қызыл түске боялған асық) қолына түскен бала, ойынды бастайды. Асықтарды дәлдеп атады, тигізсе ұтады, тигізе алмаған жағдайда сұраққа жауап береді, дұрыс жауап берсе, келесі асықты атады. Екінші рет тигізе алмаса, өз кезегін келесі балаға береді. Осылай ойын жалғаса береді. Ойын соңында әр бала ұпай асықтарын санайды.

Сұрақтар:

1. Асықтың жатысын айт?

2. Қайтала: Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар.

Жұмбақтар:

1. Жылға дер ем ақпайды,

Жылан дер ем шақпайды.

2. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдыра киген тоны бар.

3. Қабат- қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.

4. Жаңылмастан жетеуі,

Кезек қызмет етеді.

Мақал- мәтелдерді жалғастыр:

1. Білекті бірді жығар, ....

2. Ерке бала-...

3.Бір тал кессең-....

4. Ағайын алтау-....

5. Бес саусақ-....

6. Ашу- дұшпан, ақыл- дос, ....

7. Көрмес-....

8. Құтты қонақ келсе-...

Ойын-баланың үлкен өмірге бастар кең даңғыл жол сияқты. Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?- дегендей, бүгінгі ойынымыздың жеңімпаздарын марапаттайтын уақыт келіп жетті.

1- орын: «Алғыр бала»

2- орын: «Мерген бала»

3- орын: «Зерек бала»

Балалар: Біздер шымыр, жүйрік те,

Ойынменен шынықтық,

Ер қана емес бірлікте

Керек екен соны ұқтық!

Балалар, ойын арқылы оқуға ұмтылайық, денсаулығымызды нығайтайық, өмірге нық қадам басайық.

© 2010-2022