Кел, балалар, оқылық! ашық сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Қатынас. 1

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Кел, балалар, оқылық!»

Мақсаты:а) Өлеңді жатқа айтуға үйрету;

ә) Қазақтан шыққан тұңғыш педагог Ы.Алтынсарин өлеңдері және оның шығармашылығы жайла білімдерін қалыптастыру.

б) Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекті құрадар: хрестоматия, Ы.Алтынсариннің портреті, суреттер, жұмыс дәптері.

Оқу іс әрекеттерінің кезеңдері

Педагогтің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз.

Біздің топта ұлқыздар

Татутәтті ойнаймыз.

Өлең шумақтарына қосылып қимылқозғалысын жасайды.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Кіріспе бөлім

Балалар, бүгінгі оқу ісәрекетімізде қазақтың тұңғыш педагогі Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен танысамыз.

Суреттен кімді көріп тұрсыңдар?

Өлең шумақтарын алдымен балаларға мәнерлеп оқып беру, мазмұнын ашу.

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемейақ табылар.

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Сұрақжауап арқылы өлеңнің мазмұнын сұрап білу.

Өлеңде не жайлы айтылған?

Өлеңде балаларды неге шақырады?

Сергіту сәті

Күндей болып күлеміз,

Гүлдей болып өсеміз.

Құстай болып ұшамыз,

Көбелектей қонамыз.



Педагогтің көмегімен жауап береміз.

Балалар өлең жолдарын мұқият тыңдайды.

Педагогпен бірге қайталап жаттайды.

Балалардың түсінігі, ойлары.

Оқубілім алуға шақырады.

Қимыл жасайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Дәптермен жұмыс:

1. Өлеңді жаттау.

2. Өнербілім туралы мақалмәтелдер айту:

Оқуинемен құдық қазғандай.

Оқусыз білім жоқ.

Оқубілім бұлағы, білімөмір шырағы.

Педагогпен бірге өлең жолдарын жаттап, мақал мәтелдерді қайталайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өлеңді мәнерлеп жатқа айта біледі.

Игереді: ақынның шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастырады.

Меңгереді: сұрақжауап арқылы білімге деген қызығушылығын арттыруды.



© 2010-2022